«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет30/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

 
6-бап. Кредиттік лимит ұсыну 
Кредиттік лимит тараптар қол қойған кредит шартының негізінде белгіленеді. Кредиттік лимит 
шеңберінде карточка бойынша кредиттерді ұсыну, пайдалану және өтеу шарттары кредит шартымен 
реттеледі.
 
7-бап. Адалдық және бонустар бағдарламасы 
1.
Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Банк төлем карточкаларын ұстаушыларға арналған 
адалдық пен бонустардың арнайы бағдарламаларын жүргізуге құқылы. Банк адалдық және бонустар 
бағдарламасын өткізетін Банк өнімдерінің категориясы Банктің ішкі құжаттарымен анықталады. 
Адалдық және бонустардың тиісті бағдарламалары туралы ақпарат Банктің веб-сайтында және/немесе 
мобильді қосымшада жарияланады. 
2.
Банк өз қалауы бойынша Клиенттерді банк өнімінің талаптарына сәйкес келетін адалдық және 
бонустар бағдарламасына қосады. 
3.
Төлем карточкасы бойынша бір ғана адалдық және бонустар бағдарламасы белгіленуі мүмкін.
4-тармақ осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама) 
4.
Төлемдерді кредиттік лимит/Клиенттің меншікті қаражаты есебінен төлем карточкасын 
пайдалана отырып жүзеге асырған кезде Банк Клиенттің бонустық шотына Банктің ішкі құжаттарында 
белгіленген мөлшерде және шарттарда бонустарды есептейді. Бонустар тек бейілділік және бонустар 
бағдарламасында көрсетілген операциялар үшін есептеледі. Осы баптың шарттарына сәйкес клиенттің 
ағымдағы шотына аударылмаған есептелген бонустардың қолданылу мерзімі бейілділік және 
бонустар бағдарламасында белгіленеді. Банк мерзімі өткен бонустардың күшін жоюға құқылы. 
Карточканы пайдалана отырып, шетел валютасында операция жасалған жағдайда, Банк Шарт 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
талаптарына сәйкес операция сомасын айырбастауды жүргізеді және алмастырылған операция 
сомасынан теңгемен бонустарды есептейді. 
5.
Банк Клиенттің Банк алдында орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда, бонустарды 
есептеуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы. 
6.
Клиент есептелген бонустар туралы ақпаратты Банктің мобильді қосымшасында немесе Банк 
бекіткен нысанға сәйкес өтінішпен Банкке өзі жүгіне отырып қосымша білуге құқылы. 
7.
Егер Банктің ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, Клиентке есептелген бонустар Клиенттің 
бонустық шотына аударылады:
1) кредит карточкасы бойынша - Клиенттің кредиттік лимиті/өз қаражаты есебінен төлем 
карточкасын пайдалана отырып, операцияны жасағаннан кейін; 
2) дебеттік карточка бойынша - егер операция бойынша ақшаны есептен шығару есеп айырысу 
күнінің алдындағы есептік кезеңде жүргізілсе, есеп айырысу күнінде аударылады.
Бонустарды Клиенттің ағымдағы шотына есепке алу үшін Банктің байланыс орталығына хабарласу 
немесе Банктің мобильді қосымшасында бонустарды аудару бойынша қажетті іс-әрекеттерді жасау 
қажет. Кредит карточкасы бойынша берешек болған жағдайда, Банк есептелген бонустар сомасын 
Клиенттің ағымдағы шотынан мұндай берешекті өтеу есебіне есептен шығаруға құқылы. 
8.
Егер төлем жүргізілгені үшін бонусты есептеу Банктің ішкі құжаттарында көзделмеген болса, 
Банк Клиентке төлем карточкасын пайдалана отырып жасалынған төлем үшін бонустарды 
есептемеуге құқылы. 
9.
Клиент Банк бонустарды есептеген төленген тауарды қайтарған немесе төленген қызметтен бас 
тартқан жағдайда және Клиенттің ағымдағы шотына төлемнің тиісті сомасы немесе оның бөлігі 
қайтарылған жағдайда, Клиенттің Банк алдында тиісті операция үшін бұрын есептелген бонустардың 
сомаларын қайтару бойынша міндеттемесі пайда болады, ал Банк қайтарылуы тиіс бонустар сомасына 
Клиенттің ағымдағы шотынан тікелей дебеттеуді жүзеге асыруға құқылы болады. Банк төлем 
карточкасын пайдалана отырып жасалынатын болашақтағы төлемдерге бонустарды есептеген кезде 
Банк есептелген бонустарды жойылған бонустар сомасын қайтару бойынша Клиенттің 
міндеттемелерін өтеуге жібереді.
10.
Карточканың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты осындай карточканың нөмірін 
сақтай отырып, карточканы қайта шығарған жағдайда, карточканың әрекет ету мерзімінің аяқталу 
сәтінде пайдаланылмаған есептелген бонустар сақталынады. 
11.
Клиентке Банктің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшерден асатын мөлшерде бонустар 
есептелген жағдайда немесе Клиентке бонустар қате есептелген жағдайда, Клиент Банкке артық 
есептелген бонустар мөлшеріндегі ақша сомасын қайтаруға міндетті. Артық есептелген бонустарды 
қайтаруды Клиент төлем карточкасы бойынша Клиенттің ағымдағы шотына қажетті соманы аудару 
жолымен, Банк тарапынан кейін есептен шығару (алу) арқылы жүзеге асырылады.
12.
Төлем карточкасынан бас тартқан немесе карточканы қайта шығарған сәтте (мысалы, 
карточканы жоғалтқан/ұрлатқан жағдайда) және карточканың нөмірін өзгерткен немесе Клиент 
қатысушысы болған адалдық және бонустардың тиісті бағдарламасы бойынша карточка жойылған 
кезде Клиенттің жоғарыда көрсетілген 9-тармаққа сәйкес жойылған бонустарды қайтару бойынша 
орындалмаған міндеттемелері болса немесе Клиентте күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын кредит 
бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, Клиент Банкке мұндай міндеттемелерді кредиттік 
лимит/өз қаражаты есебінен есеп айырысу күнінде өтеуді жүзеге асыруды тапсырады. Берешекті өтеу 
үшін ұсынылған кредитті өтеу кредит шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
13.
Банк кез келген уақытта төлем карточкаларын ұстаушыларға арналған адалдық және бонустар 
бағдарламаларын өзгертуге, жоюға немесе адалдық және бонустар бағдарламасын жаңа бағдарламаға 
алмастыруға құқылы. Бұл ретте Банк Клиентке осы туралы ақпаратты осы шарттың талаптарына 
сәйкес хабарлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет