«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


Мобильді қосымшаға қол жеткізу коды



Pdf көрінісі
бет38/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

Мобильді қосымшаға қол жеткізу коды
Клиент өзі құрған, Клиентті сәйкестендіруге 
мүмкіндік беретін, Клиентке тиесілі логин мен құпиясөзбен, Клиенттің биометриялық деректерімен 
байланысты, Клиентке ғана белгілі болатын 4 (төрт) сандық белгілердің тізбегі, осы тізбектің 
көмегімен Клиент мобильді қосымшаға жылдам қол жеткізе алады. 
 
2-бап. Негізгі ережелер 
1.
Осы Стандартты электрондық қызметтерді ұсыну талаптары интернет-банкинг (мобильді 
банкинг) және/немесе электрондық терминалдың көмегімен электрондық банктік қызметтерді 
ұсынумен байланысты Клиент пен Банк арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. 
2.
Электрондық банктік қызметтерді ұсыну Клиент осы шартқа қосылғаннан кейін жүзеге 
асырылады. 
3.
Электрондық банктік қызметтерді ұсыну шеңберінде Банк төменде көрсетілген қызметтерді 
қоса алғанда және шектелместен ұсынады:
1)
шоттар бойынша ақпаратты ұсыну (ақша қалдығы, шот валютасы мен өзге ақпарат);
2)
берешек қалдығы, кредит шарты бойынша ай сайынғы төлемдердің мөлшері және берешекті 
өтеу бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты ұсыну;
3)
шот бойынша операциялар туралы ақпаратты ұсыну; 
4)
кредит шарты бойынша өтеу кестесін ұсыну; 
5)
салымдар бойынша есептелетін сыйақы туралы ақпаратты ұсыну; 
6)
қызметтерді жеткізушілердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін беру;
7)
жеке банктік шоттар арасындағы банк ішіндегі аударымдарды жүзеге асыру мүмкіндігін беру; 
8)
ағымдағы шоттарды ашу, қызмет көрсету және жабу; 
9)
салымдарды ашу, қызмет көрсету және жабу; 
10)
кредит және дебеттік карточкалар бойынша қызмет көрсету; 
11)
басқа эмитенттердің карточкаларынан өз шоттарына аударымдарды жүзеге асыру; 
12)
Банктегі салымдарды толықтыру мүмкіндігін қамтамасыз ету; 
13)
кредиттер алу үшін кредит шарттарын жасасу; 
14)
банктік қызметтерді алу мақсатында ЭЦҚ шығаруға арналған өтініштерді жіберу; 
15)
банктік депозиттік сертификаттарды ресімдеу; 
16)
өтініштерді кредитті ішінара немесе толық өтеуге жіберу; 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
17)
өзге электрондық банктік қызметтер. 
2-бап осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 4-тармағымен 
толықтырылды (30.11.2021 ж. № 24/2021 хаттама) 
4. Банк ақша алушының деректемелерін (IBAN, ЖСН/БСН) енгізу арқылы интернет-банкинг 
арқылы заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың 
пайдасына ақша аудару бойынша Клиентті шектеуге құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет