Кәсіпкерліктегі маркентинг пен менеджмент түрі Маркетинг жоспары”



Дата20.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#197779
Байланысты:
Презентация-маркетинг


«Кәсіпкерліктегі маркентинг пен менеджмент түрі
«Маркетинг жоспары”
Маркетинг — тұтынушы сұранысын
тікелей не жанама түрде нарықпен байланыстыра отырып шешуге бағытталған іс-әрекет.
Яғни, компанияның барлық іс-әрекеті тұтынушыға бағытталады.
Неміс маркетологы Ханс Хершген
«Маркетингтің басты мақсаты - тауар немесе қызмет өзін- өзі сататындай етіп клиентті тану»
Питер Друкер
Не сату керек?
Тауарды қалай жылжыту керек?
Кімге сату керек?
Қайда, қашан және
қалай сату керек?
Маркетинг — көзтартар суреттер мен жарнамадағы сөздерден ғана құралмайды: ол тұтынушылардың өзіне лайық, қажет дүниені түсіндіруді көздейді. Сол себепті маркетинг — ешқашан толастамайтын, қайталана беретін үдеріс.
Маркетинг міндеттері
  • Нарықты егжей-тегжейлі зерттеу, клиенттердің қалауын терең талдау.
  • Нарықтағы баға белгілеу жүйесін мұқият зерттеу және ұйымның баға саясатын әзірлеу.
  • Бәсекелестердің қызметін талдау.
  • Компанияның тауарлары мен қызметтерінің ассортиментін құру.
  • Сұранысқа сәйкес тауарлар мен қызметтерді шығару.
  • Сервистік қызмет көрсету.

Маркетинг қызметі
Маркетинг-микс: «4P»
Маркетинг-микс (marketing-mix) — маркетингтің ауыспалы факторларының бақыланатын жиынтығы (mix), оларды компания мақсатты клиенттердің қажетін өтеу үшін, бәсекелестерден ерекшелену үшін пайдаланады.
Тапсырма
1.Топқа бөлініңіздер
2. Бизнес идея таңдаңыздар
3. "4Р" маркетинг моделін жасаңыздар.
МАРКЕТИНГТЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР

Маркетингтік зерттеулердің түрлері

Жарнама

- Тұтыну мотивациясын зерттеу;
- Жарнамалық мәтіндерді зерттеу;
- Жарнама құралдарын зерттеу;
- Жарнамалық жолдаулардың тиімділігін зерттеу.

Коммерциялық қызмет және оны
экономикалық талдау
 

- Басшылықты ақпараттандыру жүйесі;
- Іскерлік белсенділік үрдістерін зерттеу;
- Кәсіпорындар мен қоймалардың орналасу қағидаттарын зерттеу;
- Тауар номенклатурасын зерттеу;
- Баға саясатын зерттеу;
- Халықаралық нарықтарды зерттеу.

Кәсіпорынның
жауапкершілігі

- Тұтынушыларды ақпараттандыру мәселесін зерттеу;
- Қоршаған ортаға әсер ету сипатын зерттеу;
- Жарнама және ынталандыру саласындағы заңнамалық шектеулерді зерделеу;
- Қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік саясат мәселелерін зерттеу.

Тауарларды
әзірлеу
 

- Жаңа тауарларға және оның әлеуетіне әсерлерін зерттеу;
- Бәсекелестердің тауарларын зерттеу;
- Тауарларды тестілеу;
- Буып-түю жасау мәселелерін зерттеу.

Өткізу және
нарықтар
 

- Нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау;
- Кәсіпорындар арасында нарық үлесін бөлуді талдау;
- Нарықтың сипаттамаларын зерттеу;
  • Өткізуді талдау;
  • Өткізуді бөлу арналарын зерттеу;

  • - Өткізуді ынталандыру стратегияларын зерттеу.

Бәсекелестердің түрлері
Бәсекелестер туралы айтқанда, сіздің кәсіпкерлігіңізде бәсекелестердің қандай түрлері болуы мүмкін екенін білу пайдалы:
1. Тікелей (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда сіздің тікелей бәсекелесіңіз – басқа суши-мейрамхана).
2. Жанама (егер сізде суши-мейрамхана болса, онда барлық басқа да қоғамдық тамақтану орындары және тіпті аспазшылар да сіздің жанама бәсекелестеріңіз болып саналады, себебі олар клиенттің тұрақты түрде бір жерде тамақтану қажеттілігін қанағаттандырады).
Тапсырма
Келесі кәсіпкерлік қызметтер үшін тікелей және жанама бәсекелестер бойынша (көбірек бола берсін) мысалдар келтіріңіз:
1) кофехана;
2) балалар ойыншықтарының дүкені;
3) ивент-агенттігі;
4) велосипедтерді жалға беру;
5) веб-студия.
SWOT-талдау — бұл құбылыстар мен факторларды төрт санатқа бөлуге негізделген стратегиялық жоспарлаудағы талдау әдісі: Strengths — күшті жақтары; Weaknesses — әлсіз жақтары; Opportunities — мүмкіндіктері; Threats —
қауіптер.
ТАПСЫРМА
Ауыз суға арналған бірнеше жарнамалық кампанияны қараңыз. Қалай ойлайсыз, науқан қандай негізгі хабарламаны жеткізгісі келеді? Қандай науқан есте қалады және сатып алуға әсер етеді? Неге бұлай деп ойлайсыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет