«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


-бап. Электрондық банктік қызметтерді ұсыну талаптары



Pdf көрінісі
бет39/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

3-бап. Электрондық банктік қызметтерді ұсыну талаптары 
1.
Банк электрондық банктік қызметтерді қашықтықтан дербес компьютерлер, электрондық 
байланыс құралдары, электрондық терминалдар және ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа да 
әдістердің көмегімен байланыс арналары арқылы көрсетеді. Клиент дербес және өз есебінен өзінің 
дербес компьютерлері мен электрондық байланыс құралдарын интернет желісіне қосылуын, сонымен 
бірге пайдаланатын дербес компьютерлері мен электрондық байланыс құралын заңсыз қол жеткізу мен 
залал келтіретін бағдарламалық жасақтамадан қорғауды қамтамасыз етеді. 
2.
Клиент электрондық банктік қызметтердің толық жиынтығын алу үшін ұялы телефон/дербес 
компьютер/ұялы байланыс операторының желісіне қосылған және интернет желісіне рұқсаты бар 
басқа құрылғыларға ие болуы тиіс.
3.
Транзакциялық-банктік қызметтерді көрсету кезінде Банк пен Клиент арасындағы ақпарат 
алмасу сәйкестендіру құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Транзакциялық-банктік 
қызметтерді электрондық сәйкестендіру құралдарын пайдаланбастан телефон арқылы Банктің ішкі 
ережелері мен шарттарында қарастырылған қауіпсіздік рәсімін қолдану негізінде ғана рұқсат етіледі. 
4.
Тараптар Клиенттің транзакциялық-банктік қызметтерді жүзеге асыруға тапсырмалары, 
сонымен бірге шарттың талаптарына сәйкес интернет-банкинг немесе электрондық терминал 
көмегімен қалыптастырылған Клиенттің өзге өтініштері/нұсқаулары қағаз тасығышта ресімделген 
құжаттарға сәйкес келетіндігімен және шарт бойынша тараптарда үйлес құқықтар мен 
міндеттемелердің туындауына алып келетіндігімен келіседі (ҚР заңнамасына сәйкес қағаз тасығышта 
әзірленген және/немесе жасалынған құжаттар мен шарттарды қоспағанда). Клиент тарапынан 
операцияның жүргізілуін құжат түрінде растауына Клиенттің дұрыс аутентификациясын, 
сәйкестендіруін және жүйеде операцияны жүргізуді растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған 
жүйесінде операцияларды жүргізу хаттамасы саналады. 
5.
Банк көрсететін электрондық банктік қызметтер үшін сыйақыны Банктің тарифтеріне және 
(немесе) банк өнімдерінің талаптарына сәйкес алады. 
6.
Банк шот валютасынан ерекшеленетін валютада операцияларды жүргізген жағдайда, Банк 
операцияны өңдеу сәтінде әрекет ететін халықаралық төлем жүйелерінің/Банктің бағамы бойынша 
операция сомасының конвертациясын жүзеге асырады. 
7.
Шотқа ақша қолма-қол ақшасыз тәртіпте немесе шот валютасынан ерекшеленетін валютада 
қолма-қол ақша енгізілген жағдайда, Банк операцияны өңдеу сәтінде әрекет ететін халықаралық төлем 
жүйелерінің/Банктің бағамы бойынша операция сомасының конвертациясын жүзеге асырады. 
8.
Банк Клиенттің өкілдеріне (оның ішінде сенім білдірген тұлғаларына) интернет-банкинг 
арқылы электрондық банктік қызметтерді қосу және пайдалану мүмкіндігін ұсынбайды.
9.
Клиенттің өзінің шоттарынан ақшаны интернет-банкинг арқылы аудару туралы тапсырмасын 
Банк Клиенттің мұндай тапсырмасында орындау мерзімі көрсетілмесе, тапсырманы ресімдеу күнінен 
кейінгі 1 (бір) операциялық күннен кешіктірмей орындайды. 
10.
Клиенттің шоттары арасында интернет-банкинг арқылы ақша аударған кезде ақшалай 
қаражатты шотқа есепке алу 1 (бір) операциялық күн ішінде жүзеге асырылады. 
11.
Клиенттің атына өзге ұйымдардан түсетін төлемдер мен аударымдарды Банк Клиенттің тиісті 
шотына/салымына тиісті шарттарда есепке алудың өзге мерзімі қарастырылмаса, Банктің шотына 
ақшалай қаражаттың тиісті сомасын есептеген күннен кейінгі 1 (бір) операциялық күннен кешіктірмей 
есепке алады. 
12.
Банктегі Клиент шоттарынан шетел валюталарындағы басқа ұйымдардағы (ҚР аумағындағы 
немесе ҚР аумағынан тыс жерлердегі) үшінші тұлғалардың шоттарына төлемдері мен аударымдары 
ҚР мен тиісті шетел валютасындағы ақшаны есепке алатын мемлекеттегі демалыс және жұмыс емес 
күндерін есепке ала отырып жүзеге асырылады. 
13.
Банктің бастамасы бойынша SMS-хабарламаларды электрондық банктік қызметтерді ұсыну 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
шеңберінде тарату Клиенттен комиссиялар мен алымдарды ұстамастан Банктің өз есебінен жүзеге 
асырылады.
14.
Клиентті электрондық банктік қызметтен ажырату Банк бекіткен нысанда қағаз тасығышта 
тиісті түрде ресімделген және Клиенттің қолы қойылған қызметті өшіру туралы өтініштің негізінде 
жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет