«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет46/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

6-тарау. Қорытынды ережелер 
1-бап. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 
1.
Шартқа (жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы жеке шарттарға), оның ішінде Банк 
жаңа редакцияда бекіткен шарттарға және/немесе тарифтерге өзгерістер мен толықтыруларды Банк ҚР 
заңнамасында және осы тарауда қарастырылған тәртіпте белгіленген жалпы ережелер мен 
ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады. 
2.
Банк Клиентке шартқа (жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарттарға) енгізілетін 
өзгерістер мен толықтырулар туралы, оның ішінде Банктің шартта көзделген тәртіппен шарттың жаңа 
редакциясын бекіткені туралы хабарлайды. 
3.
ҚР заңнамасына қарама-қайшы келмейтін шартқа (жекелеген банктік қызметтерді көрсету 
туралы шарттарға) кез келген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде Банк жаңа редакцияда 
бекіткен шарттар және/несмесе тарифтер заңды күшіне енген күннен бастап шартқа қосылған, оның 
ішінде бұрын заңды күшіне енген шарттарға қосылған барлық тұлғаларға тарайды. 
 
2-бап. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершіліктен босату 
1.
Өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамағаны үшін әр тарап екінші тараптың алдында ҚР 
заңнамасына, осы шартқа және жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарттарға, сонымен 
бірге ХТЖ талаптарына сәйкес жауапты болып табылады. 
2.
Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайлары 
үшін, егер мұндай жағдайлар еңсерілмес күш жағдайларының, оның ішінде: уәкілетті мемлекеттік 
органдар, ҚР Ұлттық Банкі шектеулі тыйым салу сипатындағы актілер/шаралар қабылдау, 
бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуы, электр энергиясының ажыратылуы, байланыс 
желілерінің зақымдануы және тараптардың еркіне байланысты емес және шарттың нысанына тікелей 
қатысы бар өзге жағдайлар үшін жауапты болмайды.
3.
Банктің Клиент алдындағы жауапкершілігі Банктің қасақана немесе өрескелдігінің заңсыз 
әрекеттері/әрекетсіздігі салдарынан Клиентте пайда болған құжат түрінде расталған нақты шығынмен 
шектеледі. Банк Клиент алдында жіберілген пайда үшін ешқашан жауапты болмайды. 
4.
Нұсқаулықтарға (инкассалық өкімдерге, төлем талап-тапсырмаларына) сәйкес Клиенттің 
шотынан ақшаны өндіріп алудың негізділігіне мұндай нұсқаулықтарды жіберушілер (өндіріп 
алушылар) жауапты болады. Мұндай жағдайда Банк Клиенттің оның келісімінсіз шоттан ақшаны 
есептен шығарғандығы туралы шағымдарын қарастырмайды. 
5.
Көрсетілген қызметтер/шот бойынша жүргізілген операциялар үшін комиссиялық сыйақы 
Банкке уақтылы төленбеген жағдайда, Банк Клиенттен әр кешіктірілген күн үшін төленбеген/уақтылы 
төленбеген соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде тұрақсыздық төлемін (өсімақысын) талап 
етуге құқылы.
6.
Банк Клиенттің төлем тапсырмасын Банктің кінәсінен орындау мерзімін 3 (үш) банктік күннен 
асатын мерзімге өткізген жағдайда, Клиент Банктен мерзімі өткен әрбір күн үшін ақша аударымы 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
сомасының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) %, бірақ ақша аударымы сомасының 1%-нан аспайтын 
мөлшерде тұрақсыздық төлемін (өсімпұлын) төлеуді талап етуге құқылы. 
7.
Банк: 
1)
Шартта белгіленген тәртіпен міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті деңгейде 
орындалмағаны; 
2)
Шарттың ережелерін ескере отырып, ҚР заңнамасына сәйкес банктік құпияны жариялағаны; 
3)
Банк Клиент тарапынан барлық қажетті және тиесілі түрде ресімделген төлем және өзге 
құжаттарды алған жағдайда, Банкке түскен ақшаны Клиент пайдасына, оның шотына аударуды 
кешіктіргені; 
4-тармақша осы шартқа №4 Өзгерістерге сәйкес алынып тасталды (19.04.2021 ж. № 7/2021 
хаттама) 
8.
Банк: 
1)
Банк кінәсінен болмаған міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті деңгейде 
орындалмағаны; 
2)
үшінші тұлғаның карточка бойынша қызмет көрсетуден бас тартқаны; 
3)
Клиент сатып алған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасы; 
4)
Клиенттің Банкке жоғалған немесе ұрланған карточканы бұғаттауы туралы өтінішпен уақтылы 
жүгінбегендігінен пайда болған салдары; 
5)
төлем жүйесі мен сауда және сервис кәсіпорны/қолма-қол ақшаны беру пункті арасындағы 
байланыстың болмауы нәтижесінде Банкке операцияны жүргізуге сұрау келмегендігіне, операцияны 
жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы; 
6)
SMS, е-mail, факс, телефон және т.с.с. ашық байланыс арналары арқылы Клиентке жіберілетін 
мәліметтердің құпиялылығы, егер Клиент көрсетілген байланыс арналары арқылы сұрау салса немесе 
көрсетілген байланыс арналары арқылы мәліметтерді жіберу туралы нұсқау берсе; 
7)
Банктің қызмет көрсету желісіне қатысы жоқ қолма-қол ақшаны беру пункттерінде карточка 
бойынша қолма-қол ақшаны алғаны үшін қандай да бір қосымша сыйақының алынуы; 
8)
Қызмет көрсету жүйесіндегі қандай да бір апаттар, құрал-жабдықпен байланысты қызмет 
көрсету жүйесіндегі ақаулар, үшінші тұлғалар пайдалануын және/немесе қызмет көрсетуін 
қамтамасыз ететін желілерде электр энергиясының берілуіне және/немесе электр энергиясын берілуі; 
9)
Клиент құжаттарды ресімдеген кезде жіберген қателеріне және электрондық банктік 
қызметтерді пайдаланған кезде дұрыс көрсетілмеген телефон нөмірлері мен деректемелеріне; 
10)
Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе лауазымды тұлғалардың шот бойынша 
шығыс операцияларын тоқтату, шот бойынша ақшаға тыйым салу туралы шешімдері/қаулылары, 
сонымен бірге ҚР заңнамасына сәйкес акцептісіз шоттан ақшаны есептен шығаруға құқылы үшінші 
тұлғалардың нұсқаулықтары түскен кезде шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе 
тиісті деңгейде орындамағаны үшін жауапты болмайды. 
9.
Клиент: 
1)
Банкпен жасалынған шарттарда қарастырылған өз міндеттемелерін орындамағаны немесе 
тиісті деңгейде орындамағаны үшін; 
2)
Клиенттің Банкке жоғалған немесе ұрланған карточканы бұғаттау туралы өтінішпен уақтылы 
жүгінбеуі салдарынан Банкке келтірілген шығынды толық көлемде өтеуге; 
3)
Клиент кінәсінен Банкке келтірілген шығынтарды және сот шығындарын толық көлемде 
өтеуге; 
4)
Клиентті сәйкестендіру және аутентификаттауға арналған шартта қарастырылған құралдарды 
пайдалана отырып, интернет-банкингте жүргізілетін барлық операциялар; 
5)
Клиенттің логин, жеке құпиясөз, SMS-кодтар және Клиент пен шарт туралы өзге де ақпаратты 
жария етуі салдарынан Клиенттің білуі немесе білмеуі бойынша өзге тұлғалар интернет-банкингте 
немесе электрондық терминал арқылы жасаған барлық операциялар; 
6)
ҚР заңнамасында бекітілген тәртіппен және мөлшерде шартта қарастырылған мерзімде төлем 
құжатының қате орындалғаны туралы хабарлама жібермеуі себебінен Банкке келтірілген нақты 
шығындар; 
7)
Банктің сұрауы бойынша күмәнді деректер бергені; 
8-тармақша осы шартқа №4 Өзгерістерге сәйкес алынып тасталды (19.04.2021 ж. № 7/2021 
хаттама) 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
10.
Берешекті уақытында өтемеген жағдайда, Банк заңды тұрақсыздық төлемін өндіріп алуға, 
берешек сомасын ҚР заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, Клиенттің барлық 
банктік шоттарынан өндіріп алуға, берешек сомасын Банктің немесе оның филиалының орналасқан 
жері бойынша сот арқылы сот тәртібінде өндіріп алуға, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және 
коллекторлық агенттіктерге реттеуге және/немесе берешек сомасын өндіріп алуды үшінші тұлғаларға 
коллекторлық агенттіктерге және үшінші тұлғаларға Банктің тапсырмасын орындауға қажетті ақпарат 
пен құжаттарды ұсына отырып табыстауға, сонымен бірге ҚР заңнамасына сәйкес барлық өзге 
әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет