«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет49/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

2.
 
Клиенттерге төлем карточкасынан төлем карточкасына ақша аудару бойынша қызмет 
көрсету шарттары 
1.
Банк Клиенттерге, оның ішінде шектеулі қолжетімділігі бар Клиенттерге интернет-банкинг 
көмегімен ҚР кез келген банкінің төлем карточкасынан төлем карточкасына ақша аудару бойынша 
Банк қызметін бір мезгілде келесі шарттарды орындаған кезде пайдалануға мүмкіндік береді: 
1) 
Банктің / Банк провайдерінің электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін техникалық 
мүмкіндігі болған; 
2) 
сәйкестендіру нәтижесінде карточка бойынша операцияны жүргізетін эмитент-банк сәтті 
растаған; 
3) 
Банктің электрондық банктік қызметтерді көрсетуі үшін клиенттің карточкасында жеткілікті 
ақша болған; 
4) 
ҚР заңнамасының талаптарымен, ХТЖ ережелерімен белгіленген, сонымен бірге осы Шартта 
және соның негізінде карточка шығарылған және қызмет көрсетілетін шартта көзделген 
операцияларды жүргізуге тыйым салулар/шектеулер болмаған; 
5) 
шарттың талаптарына сәйкес Банктің көрсеткен қызметі үшін комиссия төлеген жағдайда. 
2.
Карточкадан карточкаға және карточкадан шотқа аударымдарды жүзеге асыру кезінде 
карточкалардың түрлеріне шектеулер:
1)
заңды тұлғаның ағымдағы шотына эмитент-банк шығарған карточкалар;
2)
операцияларды жүргізуге тыйым салу немесе шектеу эмитент-банкпен және/немесе ХТЖ 
және/немесе ҚР заңнамасымен белгіленген карточкалардың өзге түрлері;
3)
бейрезидент банктер шығарған жіберушінің карточкалары.
3. Банк Қызмет көрсету туралы сұрауды тек теңгемен қабылдайды. Жіберуші карточкасы шоты-
ның валютасы аударым валютасынан өзгеше болған жағдайда, онда авторизация сұрауына енгізілетін 
аударым сомасы мен комиссия тиісті валютаға айырбасталады. Аударым сомасын және комиссияны 
айырбастауды эмитент-банк белгілеген ережелер мен шарттарға және/немесе ХТЖ сәйкес эмитент-
банк жүзеге асырады. 
4. Аударым/төлем жасау алдында Клиент ҚР басқа банкінің төлем карточкасын тіркеуі қажет. 
Төлем карточкасын тіркеу аударым жасау алдында төлем карточкасы деректерінің деректемелерін 
енгізу арқылы жүргізіледі. Клиент аударым кезінде одан әрі пайдалану үшін алушының төлем карточ-
касының деректемелерін сақтауға құқылы.
5. Аударым жасау үшін Клиент келесі параметрлер көрсетілген нысанды толтыруы қажет: 
1) карточканың толық 16 таңбалы нөмірі;
2) карточканың қолданылу мерзімі; 
3) CVV2/ CVC2;
4) аударым сомасы;
5) алушы карточкасының деректемелері, 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
және «Аудару» батырмасын басу. 
Деректер дұрыс болған жағдайда, 3D secure енгізу үшін және операцияны аяқтау үшін эмитент-
банктің парақшасы ашылады.
Эмитент-банктің карточкасында 3D secure болмаған жағдайда, тестілік бұғатталатын соманың 
технологиясы қолданылады.
6. Қызмет көрсету кезінде Банк қызмет көрсету туралы сұрауды қабылдауды және өңдеуді 
жүргізеді, атап айтқанда: 
а) Эмитент-банк келісімін берген жағдайда, Банк аударым сомасы мен комиссия мөлшерінде 
жіберушінің карточкасы бойынша бір шығыс операциясын сәйкестендіруді жүзеге асырады. Эмитент-
банк сәйкестендіруді мақұлдамаған жағдайда, Банк қызмет көрсетуді тоқтатады; 
б) Эмитент-банк келісімін берген жағдайда, Банк аударым сомасы мөлшерінде алушының карточ-
касы бойынша толықтырудың бір операциясын сәйкестендіруді жүзеге асырады. Эмитент-банк сәйке-
стендіруді мақұлдамаған жағдайда, Банк қызмет көрсетуді тоқтатады. 
7. Сәйкестендіру нәтижесінде карточка бойынша операция жүргізуге Эмитент-банк рұқсат берген 
және Банк шарт талаптарына сәйкес қызмет көрсету шараларын орындаған жағдайда Қызмет көрсетіл-
ген болып саналады. 
8. Көрсетілген қызмет бойынша алушының карточкасының шотына қаражатты аудару мерзімі 
алушы карточкасының банк-эмитентіне байланысты болады.
9. Эмитент-банк ХТЖ ережелерінде, шартта және ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерді 
және өзге де талаптарды бұза отырып, алушы карточкасының шотына ақша аударуды жүзеге асырған 
жағдайларда, Банк жауапты болмайды. 
10. Банк аударымды/төлемді ресімдеу кезінде Клиент операция параметрлерін экрандық нысанда 
қате енгізгені үшін жауап бермейді. Мұндай жағдайда қызмет Клиентке тиісті түрде және Шартқа сәй-
кес көрсетілген болып есептеледі және Клиент эмитент-банкпен одан әрі өзара есеп айырысуды дербес 
реттейді. 
11. Клиент карточкадан ақша аудару/төлеу кезінде эмитент-банктер белгілеген қосымша комисси-
ялар мен алымдар алынуы мүмкін екендігімен келіседі. 
12. Жіберуші карточкасын ұстаушы интернет-банкингте тапсырманы ресімдеудің кез келген 
сәтінде шартқа қосылу сәтіне дейін немесе шартқа қосылу сәтінен кейін қызмет параметрлерін рас-
тағанға дейін қызметті алудан бас тартуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте жіберуші карточкасының шотынан 
алушы карточкасының шотына ақша аудару жүргізілмейді, Банк комиссиясы алынбайды. 
 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет