«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет2/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, УМК ППМК 2021-2022, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1-тақырып. Банктік қызметті ұйымдастыру негіздері
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің классификациясы: меншіктің нысандарына байланысты, банк капиталына иелік етуге байланысты (отандық, шетелдік, аралас банктер), орналасқан территориясына байланысты, құқықтық - ұйымдастырушылық нысанына байланысты (жарна пүл негізінде, серіктестік нысанда, акционерлік қоғам нысанда), операцияларды жүргізу дербестігіне байланысты (еншілес банктер, өкілетті банктер, консорциумдық банктер, дербес банктер), қызмет көрсету ауқымына байланысты, маманданған банктер, салалық банктер, аймақтық банктер, синдикат банктер, банктік холдингтер. Қазақстанда банк холдингтердің қызметтерін реттеу. Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері. Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.
Коммерциялық банктер және оның қызметінің негізгі шарттары. Банк жүйесі. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасында банк қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттар.
Қазақстан Республикасында банктердің қызметтерін ұйымдастырудың құқықтық негіздері. Банк жүйесі. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасында банк қызметтерін реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттар.
Коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасында қызмет ету ерекшеліктері, оларды рекапитализациялау саясаты. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасының орындалуы, коммерциялық банктер жүйесінің даму ерекшеліктері, олардың дамуының сандық көрсеткіштері. Банк секторына шет ел капиталының енуі және оны реттеу, мемлекеттік мәртебесі бар банк құру қажеттілігі.


2-тақырып. Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару

Банк қызметтерінде кездесетін мынадай терминдердің мән-мағынасын дәріс беру барысында ашу: «банктік ресурстар» және олардың құрылымы, «несиелік ресурстардың» банктік ресурстармен бір жағынан түйіндес болып келуі, ал екінші жағынан олардың сандық әрі сапалық айырмашылықтары. «Пассивтік операциялар» - банктік операциялардың ең басты және маңызды бағыты, пассивтік операциялар туралы түсінік және оларға анықтама, «депозиттік операциялар» пассивтік операциялардың негізгі түрі, пассивтік операциялар нәтижесінде банктік ресурстардың құралуы. Банктің міндеттемелері және «міндеттемелер портфелі» туралы түсінік. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің ресурстарының құрылымы және құрамы, пассивтік операциялардың жүзеге асу нысандары, Қазақстанда нақты сектор мен қаржы секторының нарықтық инфрақұрылымдарының қалыптасып дамуы және банк ресурстарының құрылымының өзгеруі, ақша нарығы және ресурстар үшін банкаралық бәсеке. Банктік ресурстар нарығындағы банкаралық бәсекені анықтайтын факторлар: сырттан қаражат көздерін тарту үшін кететін шығындар, проценттік шығындар, банк қызметтерін тұтынушылардың мүддесімен санасу, менеджменттің сапасы, коммерциялық банктердің ресурстық базасы, пассивтік операциялардың жіктелуі және оларды ұйымдастырудың негізгі принциптері, «міндеттемелер портфелінің» диверсификациясы, банктің меншікті ресурстары, олардың депозитке жататын және жатпайтын түрлері, міндеттемелер портфелінің классификациясы.


Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі. Банктің меншікті капиталының құралу көздері және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі. Коммерциялық банктердің өзін-өзі микро деңгейде басқару проблемалары. Банктің меншікті капиталын екі деңгейде бөлудің себептері, оның әрбір құрамдас бөліктерінің ерекшеліктері. Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының мөлшері, активтер портфелімен салыстырғандағы сәйкестігі, Ұлттық банктің оларға рекапитализациялаумен байланысты қоятын талаптары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет