Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.
Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі туралы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау)
Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдык бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы — банктің қадагалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі — банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді:
нормативтік актілерді бекітеді;
Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілеггі орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
банктің саясаттарын жасау;
жетекшілік қызметке кадрлар тандау;
комитеттерді кұру;
ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы — бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк кызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрагасьіна мынадай міндеттер жүктеледі:
банктің қызметіне катысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, онын, ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалары- мен келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия — банк қызметіне қаржылык есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
несиелік комитеттің мәжілісі хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шарушылық бөлімі жәнет.с.с. кіреді.
Ал банктің функционалдык құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады.