«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Банк өтімділігін басқару үдерісі



бет73/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

15.2 Банк өтімділігін басқару үдерісі

Банк өтімділігін басқару банктік менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелердің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан қанағаттандырып отыру. Жалпы банктің өтімділігін басқаруда өтімділік мынадай екі қызмет атқарады:


- несиеге деген сұранысты қанағаттандыру;
- салымшылардың депозиттерді алу сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстандық банктер тәжірибесінде өтімді қаражаттардың ұсынысының негізгі көздеріне мыналар жатады:
- клиенттердің банктік және жинақ шоттарына түсетін қаражаттары;
- клиенттердің ссудалық қарыздарын қайтаруы;
- банкаралық несиелер;
- бағалы қағаздарды өтеу;
- сыйақы (мүдделендіруді) төлеу;
- банкаралық нарықтан ақшалар тарту;
- депозиттік емес банктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;
- банктің активтерін сату;
- өзге дебиторлық қарыздарды өтелуі.
Өтімді қаражаттардың негізгі пайдалану бағыттарына мыналар жатады:
- банктерге және өзге қаржы ұйымдарына несиелер беру;
- клиенттерге несиелер беру;
- бағалы қағаздарды сатып алу;
- өзге активтерді сатып алу.
Банктің төлемдік міндеттемелерінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері;
- банкаралық несиелер;
- есептелген сыйақылар (мүдделендірулер);
- есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;
- бюджетке төленетін салықтар мен өзге де төлемдер;
- кредиторлық қарыздар.
Өтімді қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттарының жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық өтімділігінің ұстанымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.
Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды: ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма-қол ақшаларға айналдыру және резерв (корршот және кассада қаражат ұстау арқылы) құру;
1) сыртқы көздер, яғни өтімді активтерді (бағалы қағаздар, депозиттік сертифкаттар және т.б.) сатып алу.
Коммерциялық банктердің өтімділігін түсіну үшін статикалық және динамикалық аспектілерді қарастыру қажет.
Статикалық аспект белгілі бір күнге банк өтімділігін сипаттайды және ол берілген нақты уақыт мерзімінде талап еткенге дейінгі міндеттемелерді өтеу үшін өтімділігі жоғары қаражаттар көлемінің жеткіліктілігімен байланысты. Бұл аспектіде банк өтімділігі оның қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшері бола отырып, берілген нақты уақыт мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет