«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар және материалдық емес активтер



бет45/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

12. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар және материалдық емес активтер. Ғимараттар мен басқа жылжымайтын мүлікті қоспағанда, жабдықтар мен материалдық емес активтер жиналған тозу мен амортизацияны алып тастағанда бастапқы құны бойынша есепте көрсетілген. Ғимараттар мен басқа жылжымайтын мүлік нарықтық құны бойынша есепке алынады, нарықтық құны жыл сайын қайта қаралып отырады. Аяқталмаған құрылыс нысандарының және пайдалануға берілмеген нысандардың тозуы көрсетілген нысандарды пайдалануға енгізген сәттен бастап есептеледі.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың тозуы және материалдық емес активтер амортизациясы оларды пайдалы жұмсау мерзімі бойы активтерді есептен шығару мақсатымен есептеледі. Тозу мен амортизация төмендегідей жыл сайынғы нормаларды пайдалана отырып, құнды теңдей шығынға жазу әдісі негізінде есептеледі :
Ғимараттар мен басқа жылжымайтын мүлік 1-10%
Жиһаз және құрал-жабдықтар 4-50%
Материалдық емес активтер 15-50%
Меншік құқығына тиесілі жер амортизацияланбайды. Жалға алынған меншікті жақсарту амортизациясы 5 жыл бойы есептеледі. Ағымдық және күрделі жөндеу шығысы егер капиталдандыру талаптарын қанағаттандырмаса, олардың туындау кезеңінде операциялық шығыс құрамында пайда мен залалдар жөніндегі шоғырландырылған есептілікте бейнеленеді.
Мүліктің нарықтық бағасы үш әдістің бірін қолдану арқылы бағаланады:
Салыстырмалы сату әдісі – көпшілікке қол жетімді ақпарат негізінде ұқсас жылжымайтын мүліктің нарықтық сату бағаларын талдау;
Табыстық әдіс - жылжымайтын мүліктен түскен табыспен мүліктің нарықтық бағасы арасындағы тура байланысын қарастырады;
Шығынды әдіс – жылжымайтын мүліктің құны оның тозу құнын шегергенде өтелім бағасына тең.
13. Инвестициялық жылжымайтын мүлік. Инвестициялық жылжымайтын мүлік жалдау ақысын алу үшін пайдаланылатын нысандарды, белгілі бір жағдайларда капиталдың көбеюін қарастырады (сонымен қатар құрылысы салынып жатқан нысандар да). Инвестициялық жылжымайтын мүлік нысандары бастапқыда сатып алу құны бойынша, сатып алу шығындарымен қоса есептеледі. Кейін олар әділ құны бойынша көрсетіледі. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын өзгерту олар пайда болған кезеңдегі пайда немесе залалға енгізіледі. Топ құрылысы салынып жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құны сенімді түрде бағалана алмайды деп санайды, бірақ құрылыс аяқталған соң сенімді бағалауға болады деп күтіледі, Топ мұндай құрылысы салынып жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлік нысанын оның әділ құны сенімді түрде бағаланғанға дейін немесе құрылыс аяқталғанға дейін (қайсысы бірінші болатынына байланысты) өзіндік құны бойынша бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет