5. Туынды қаржы құралдары. Өз қызметі барысында Топ шетел валютасымен, қымбат металдармен және бағалы қағаздармен операциялар бойынша форвардтарды, фьючерсті, своптарды, опциондарды қоса алғанда, валюталық, пайыздық тәуекелдерді және өтімділік тәуекелін басқару үшін, сондай-ақ сауда- саттық мақсатында туынды қаржы құралдары бойынша келісімге отырады. Туынды қаржы құралдары алдымен келісімге отырған күнгі әділ құны бойынша бағаланады, кейін әрбір есепті кезеңде әділ құны бойынша қайта бағаланады. Әділ құны, негізгі құралдың ағымдағы нарықтық және келісілген бағалары, белгіленген нарықтық баға немесе баға модельдері және да басқа факторлар негізінде анықталады. Туынды қаржы құралдары оң қайта бағаланған жағдайда актив ретінде және теріс қайта бағаланған жағдайда міндеттеме ретінде танылады.
Туынды қаржы құралдары қаржы жағдайы жөніндегі шоғырландырылған есептілікте пайда немесе залалдар арқылы танылатын әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелеріне енгізілген. Пайда немесе залалдар арқылы танылатын әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерімен және міндеттемелерімен операциялар бойынша таза пайда/(залал) шоғырландырылған пайда немесе залалдар есетілігіне енгізілген.
Егер пайда немесе залал бойынша қайта бағаланбайтын негізгі шарттардың тәуекелдері туынды қаржы құралдарының тәуекелдері және сипаттамаларымен тығыз байланыста болмаса, басқа қаржы құралдарының құрамына кіретін туынды қаржы құралдары бөлек есептеледі. Басқа қаржы құралдарының құрамына кіретін туынды қаржы құралы, өзіне туынды құралды және туынды емес негізгі шартты қосатын гибридті (құрама) қаржы құралының бөлігі болып табылады, нәтижесінде біріктірілген құралдың, ақша ағыны жеке туынды қаржы құралының өзгерісіне сай өзгереді.
6. Банктерге және басқа қаржы институттарына берілген несиелер мен қаражат.Өзінің күнделікті қызметі барысында Топ қаражатты орналастырады және басқа банктерге, басқа қаржы институттарына әртүрлі мерзімге қарыз береді. Банктерге және басқа қаржы институттарына берілген, белгіленген өтеу мерзімі бар несиелер мен қаражат бастапқыда әділ құны бойынша және мәміле бойынша шығындар бойынша есептеледі және кейін амортизациялық құны бойынша, тиімді сыйақы мөлшерлемесі әдісі негізінде бағаланады және құнсыздануға берілген резервтерді немесе үмітсіз берешекті шегеріп есептеледі.