«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Банкаралық несиелер және олардың ресурстық базасын қалыптастырудағы рөлі. Синдикатталған қарыздардың мәні және қажеттілігі



бет39/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

4.2 Банкаралық несиелер және олардың ресурстық базасын қалыптастырудағы рөлі. Синдикатталған қарыздардың мәні және қажеттілігі.

Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері. Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.


Депозиттік емес қаражаттардың біртүріне Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) жəне овердрафт.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты біртүнге берілетін несие. Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Овернайт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді. «Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚР Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында біртүнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Овердрафт – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Овердрафт заемдары бойынша ҚР Ұлттық банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта жəне ұзақ мерзімде несиелерді бермейді. Бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.
Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні жəне алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды көздейді.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:

  • макқатты қорларға;

  • банктерге;

  • қаржы-несиелік мекемелеріне.

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;

  • ауыл шаруашылығына;

  • саудаға;

  • дайындау ұйымдарына;

  • жабдықтау-сату ұйымдарына;

  • кооперативтерге;

  • жеке кәсіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 жылдан 3 —5 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;

  • айналым қаражатына жұмсалатын.

IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:

  • кепіл-хатпен;

  • кепілдемемен;

  • кепілдікпен.

2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:

  • сенім (бланктік) несиесі.

V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен;

  • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына қарай:

  • Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:
1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер
Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:

  • меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;

  • материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

  • сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

  • азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

  • ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

  • театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;

  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

  • тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет