«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет36/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

3.2 Депозитті саясаты

Тартылған қаражатарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.


Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаржаттарын депозитке тарту жəне тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды. Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – ҚР заңына сəйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану жəне өтімділіктің қажетті дейгейіне қолдау көрсету.
Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:
- банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;
- меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;
- банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сəйкес жəне өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді жəне қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;
- барлық салым иелеріне қатысты өлшемді жəне икемді саясат ұстану.
Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің жəне өзге де кредиторлардың ақшалай қаржаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің өтімді қаражттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді.
Депозиттік саясат банктің стратегиясына сəйкес жасалуы тиіс. Соныдықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барасында өзінің əлуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.
Банктік ортадағы күшті бəсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.
Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:
- депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық жəне нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;
- депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге тиіс;
- тартылған депозиттік ресурстар банктің өтіміділігін қамтамасыз етуге тиіс;
- депозиттік ресурстардың субъектілер, түрлері жəне мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.
Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тəуекелдерді басқаруға аса мəн береді.
Депозиттік саясатттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.
Салым бойынша пайыздарды есептеу тәсілдері.
Салым бойынша пайыздар – бұл банк салымшыға оның ақша қаражатын уақытша пайдаланғаны үшін төлейтін сыйақы.
Салым бойынша пайыздарды қалай есептеу керектігін түсіну үшін, банктер оларды есептеудің екі әдісін пайдаланатынын ескеру қажет: қарапайым және күрделі (пайыздарды капиталдандырумен салғанда).
Қарапайым есептеумен депозит бойынша пайыздарды қалай есептеуге болады? Бұл формула бойынша қарапайым:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет