«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет55/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

Көрнекілік құралдары:

1. Тұтыну кезінде барлық тәуекелдердің деңгейін анықтау


2. Американдық банктерде несие алушының несие қабілеттілігін анықтау


Бақылау сұрақтары:

1. Қарыз алушының несиеқабілеттілігінің түсінігі.


2. Қарыз алушының несиелік тарихы.
3. Несиелік бюро: әлемдік тәжірибе, Қазақстанға тәжірибеге енгізу.
4. Несие тәуекелін бағалау әдістері.
5. Қарыз алушының беделі және оның несие қабілеттілігін бағалау жүйесі


ДӘРІС 8. БАНКТІК ҚАРЫЗДАРДЫҢ ҚАЙТАРЫМДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТY НЫСАНДАРЫ


Дәрістің мақсаты: білім алушыларға банктік несиелерді қамтамасыз ету нысандарын жіктеу, кепілзат қаражаттарды пайдалануды қаматамасыз ету тәсілін, кепілзаттың мәні мен цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық туралы мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: қарыз алушы, цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық

8.1 Банктік несиелерді қамтамасыз ету нысандарын жіктеу. Кепілзаттың мәні және оның қаражаттарды пайдалануды қаматамасыз ету тәсілі ретінде.


8.2 Цессия, банктік қарыздарды сақтандыру, кепілдік, кепіл болушылық.


8.1 Банктік несиелерді қамтамасыз ету нысандарын жіктеу. Кепілзаттың мәні және оның қаражаттарды пайдалануды қаматамасыз ету тәсілі ретінде.

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.


Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
· өндіріс объектілерінің құрылысы;
· өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
· техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
· жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
· өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Кепілкепілзат –міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. Кепілді иеленуші тұлға кепіл ұстаушы, кепіл нысанын ұсынушы тұлға – кепілберуші деп аталады. Борышкердің өзі де, үшінші бір тұлға да кепілберуші болуы мүмкін. Мүліктің меншіктенушісі не осы мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығына ие болған тұлға оны кепілге беруші бола алады. Материалдық емес құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана береді. Кез келген мүлік, соның ішінде айналыстан алынған мүліктен, кепіл берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптардан (мысалы, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптардан) басқа заттар мен бейматериалдық құндылықтар кепілге берілетін зат бола алады. Жылжымайтын мүлік кепілі (жер телімдері, кәсіпорындар, үймереттер, пәтерлер, т.б.) ипотека деп аталады. Егер айналыстағы тауарлар (тауардың босалқы қорлары, шикізат, дүмбілзат, дайын өнім, т.б.) кепілзаты болса, олардың жалпы құны кепіл шартында көрсетілген құнынан азаймайтын болған жағдайда кепіл беруші олардың құрамын, заттай нысанын өзгертуге құқылы.
Мұсылмандық құқықта – өзінің алған қарызын уақытылы төлеп тұратынын растау үшін берешек адамның қарыз берушіге өз қора-қопсысын немесе мал-мүлкінің бір бөлігін белгілі бір мерзімге дейін, яғни алған қарызынан құтылғанша беруі. Кепілге қатысты мынадай талаптар қойылады: екі жақтың өзара келісуі; кепіл жөніндегі келісім жасаушылардың кәмелетке толған және ақыл-есі бүтін болуы; басы азат және өз мүлкіне өзі иелік етуге құқығы бар болуы; кепілге берілетін заттың не мүліктің заңды иесі болуы. Кепілге берілген зат не мүлік қарыз алушыны қарыздан құтқармайды. Өз кезегінде, қарыз алушының келісімінсіз кепілді ұстаушының кепілге берілген затты не мүлікті сатуына рұқсат етілмейді. Тек қарыз алушы қарызын уақытында өтемеген жағдайда ғана кепілге салынған затты не мүлікті сатуға болады. Мұсылмандық құқықта кепіл замана, кафалажәне хауала түрлеріне бөлінеді. Кепіл міндеттемесі куәлардың көзінше ауызекі (кафалада) не куәлардың қатысуынсыз жазбаша (замана мен хауалада) жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет