«Банк ісі» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Несиелік тәуекел түсінігі және оны төмендету тәсілдері



бет63/91
Дата09.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#162124
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91
Байланысты:
11111umkd bankovskoe delo uia 21-1

11.2 Несиелік тәуекел түсінігі және оны төмендету тәсілдері.

Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық және баланстан тыс операцияларын жүргізу барысында пайда болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген несиелік тәуекелді жіктеліміне сүйене отырып, біздің ойымызша, жалпы несиелік тәуекелді басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: 


*нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару; 
*несиелік қоржынның тәуекелін басқару.
Несиелік тәуекелді басқару үдерісін мынадай кезеңдерді қамтиды:
-тәуекелді идентификациялау;
-тәуекелдің деңгейін өлшеу және бағалау;
-тәуекелді азайтуға байланысты шараларды іске асыру;
-тәуекелдің деңгейіне бақылау және мониторинг жасау.
Несиелік тәуекелді басқарудың үдерісінде қарастырылған кезеңдері несиелік тәуекелді жекелеген қарыз алушылар деңгейінде, сондай-ақ жалпы несиелік қоржын деңгейінде басқаруда да қолданылады. Ең бірінші қарыз алушының несиелік тәуекелін төмендету кезеңдеріне тоқалайық.
1-ші кезең - идентификациялау кезеңі. Несиелік тәуекелді идентификациялау бұл несиелік тәуекелдің пайда болу аумағын айқындауды білдіреді. Несиелік тәуекелді идентификациялаудың мақсаты қарыз алушының келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау себептерін анықтау. Оған ішкі және сыртқы факторлар себеп болуы мүмкін. Ішкі факторлар яғни бұл банктің несиелеу үдерісін ұйымдастырумен байланысты, ал сыртқы факторлар бұл қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне немесе оның банк алдындағы міндеттемесін орындауға ынтасыздық танытуынан, сондай-ақ несиені қамтамасыз ету мүлкіне байланысты туындауы мүмкін. Несиелік тәуекелді идентификациялау үшін қарыз алушы туралы толық ақпарттарды жинақтау қажет. Қарыз алушылар жеке және заңды тұлғалар ретінде болады. Ендеше қарыз алушы жеке тұлғаға қарағанда заңды тұлғалары бойынша ақпараттар жинау күрделі болып келеді. Несиелік шектеубұл біріншіден несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі;
2-шіден қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді. Несиелік шектеу ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет