Теміртау қаласының 65 жылдығы, Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған бұқаралық шараларды іске асыру туралы ақпарат



Дата25.12.2016
өлшемі20,1 Kb.
#4341
Теміртау қаласының 65 жылдығы, Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған бұқаралық шараларды іске асыру туралы ақпарат
Аталған атаулы күндерге арналған бұқаралық шаралар жоспарын іске асыру үшін Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мынадай жұмыстар ұйымдастырды:

  • 28 қаңтарда «Дружба» ЧСОУ мектебі оқушыларына Теміртау серіктес – қаласының 65, Қазақстан Магниткасының 50 жылдық және Сәбит Мұқановтың 110 жылдық мерейтойын арналып өлкелік дилижанс өткізілді. Өлкелік дилижанс – жастармен жұмыстың жаңа түрі, ол 2006 жылы басталып, оқырмандарымыздың ынтасын туғызды. Кез келген саяхат сияқты, бұл сабақтың да Қарағанды мен Теміртау қалаларында өз бағыт – жолдары болды. Сапарды бастаушы жолсерік айтқан түсінік - әңгімелерінде «Атамекен» мультимедиялық көрнекі құралды. «Менің Қарағандым», «Теміртау» слайд – шоуларын пайдалануы, олар қанаттас қаланың тарихы мен көрікті жерлері, Қарағанды металлургия комбинатының ашылуы, өз өмірлерін қала мен заводқа арналған адамдар туралы әңгімені толықтыра түсті. Дилижансқа қатысқандар мен педагогтарға «Менің туған өлкем – үлкен Отанның бір бөлшегі» атты көркем сурет – кітап көрмесі жақсы әсер қалдырды, мұнда Қарағанды облысына, біздің жерлестерімізге, Елбасымызға арналған кітаптар, альбомдар, журналдар мен папкалар көрсетілді. Бастаушы балаларға фотосаяхат ұсынды, оның барысында балалар қаладағы ескерткіштер мен жаңадан салынған ғимараттар орнын айтып беруге тиіс еді, қатысушылар бұл тапсырманы ойдағыдай орындады.

  • 10 ақпанда №15 өндірістік – техникалық лицей оқушыларымен де осындай шара өткізілді.

  • 2010.21.01. «Менің туған өлкем – үлкен Отанның бір бөлшегі» атты көркемсурет – кітап көрмесі жасалды.

  • 15 мамырда кітапхана директоры Г.А.Бекбалакова Қарағанды телеарнасы ұйымдастырған, Теміртау мен Магнитка мерейтойына арналған ҚарМТУ (Қарағанды қ.) мен ҚарТУ (Теміртау қ.) студенттері арасындағы «Жаңғырық» интеллектуалды ойын қазылар алқасын басқарды.

  • Жыл бойында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Уақыт ағымындағы жаңалықтар» тізбекті шұғыл ақпарат шарасы өтуде. 18 мамырда оқу залында балалармен Теміртау қаласы, металлургия заводы туралы шұғыл ақпарат өтті.

  • Жас өспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде айына 2 рет жаңа басылымдардың тұсаукесері және «Кітаптан соң кітап» атты кітап әлеміндегі қызықты оқиғалар тұсаукесері, «Оқуға ұмтыл» акциясы аясындағы баспасөз – панорамасы өтуде. 21 сәуірде оқырмандарға Теміртау қаласының 65, Қазақстан Магниткасының 50 жылдық мерейтойы туралы әңгіме айтылды.

  • Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің мақалаларға арналған электронды картотекасында «Президент», «Теміртау», «Магнитка» және т.б. бөлімшелер жеке ұйымдастырылған.

  • Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің оқу залында тұрақты жұмыс істейтін «Жарқын болашақтың жасампаз бағдары» аталатын көркемсурет – кітап көрмесі жасақталды, осындағы бір бөлімше қала мен Магнитка мерейтойына арналды.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет