Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ
Тақырыбы: «Жалбыз өсімдігінің емдік қасиеті»
Бағыты: Ғылыми –жаратылыстану
Секциясы: Медицина
Жұмысты орындаған: 9«А» сынып
оқушысы Құттымуратова Фариза
Жоба жетекшісі: Дене шынықтыру пәні
мұғалімі Жансултан Ардагуль
Теміртау қаласы 2018 жыл
Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қаласының №9
мектеп- лицейі» КММ –нің
9 «А» сынып оқушысы
Құттымуратова Фаризаның
«Жалбыз өсімдігінің емдік қасиеті»
тақырыбындағы ғылыми жобасына
Пікір
Оқушы Құттымуратова Фариза бұл жұмысында қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер туралы соның ішінде жалбыз өсімдігінің емдік қасиетін жан-жақты талқыға салған.
Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдіктерге тек қызығып қана қоймай,оның маңызына терең үңіліп қандай ауруларға ем екендігін ашып , нақты деректер негізінде зерттей білген. Оқушы бұл жұмыста көп ізденген,тың ойларды жеткізе білген, болашақта өз жұмыстарының жемістерін биіктерден көрсетеді. Қазіргі заман талабына сай елінің қамын ойлайтын, өз елінің патриоты болатынына сенемін.
Болашақта оқушы осы жұмысын жалғастырып, кітапшаға басқа дәрілік шөптер жайлы енгізсе, бұл кітапшаның маңыздылығы арта түсер еді.
Жобаға пікір беруші: Биология пәнінің мұғалімі ......................Болбаева П.А
Аннотация
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Жалбыз өсімдігінің емдік қасиеті» деп аталады.Оқушы бұл жұмысты 2016 оқу жылынан бері зерттеп келеді.
Жұмыстың мақсаты – жалбыз өсімдігінің елімізде өсетін түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін сонымен бірге олардың емдік қасиетін кеңінен насихаттау.
Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,ғылыми мақалалардан жинақтаған.
Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануға дайындады деп сенім білдіруге болады.
Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен,материалдармен толыға түсеріне сеніміміз мол.
1
Зерттеудің мақсаты:
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс.
Міндеті:
Жалбыз дәрілік өсімдік екенін анықтау.
Елімізде өсетін түрлерін зерттеп білу.
Алған мәліметтерін сыныптастарымен бөлісу.
Өзектілігі:
Өсімдік – табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Себебі өсімдік – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады.
Зерттеу объектісі:
Жалбыз дәрілік өсімдік
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау.
Болжам:
Егер жалбызды зерттеу арқылы кітапша жасап сабақта қолданса, оқушылардың салауаттылығы және дүниетану пәніне деген қызығушылығы артар еді.
Күтілетін нәтиже:
Егер оқушылар жалбыздың дәрілік өсімдік екенін, адам ағзасына пайдасын, одан жасалатын дәрілер туралы түсінсе табиғатқа деген қамқорлығы артып, салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға болып қалыптасады.
2
Зерттеудің жаңалығы:
Жалбыз өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып оның көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
3
Мазмұны
I. Кіріспе
Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер
II. Негізгі бөлім
а) Жалбыз өсімдігінің сипаттамасы
ә) жалбыздың емдік қасиеті
б) Жалбыз қосылған шәйдің пайдасы.
в) Жалбыздың елімізде өсетін түрлері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр
Халық даналығы
Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.
Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшіліг аса пайдалы. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады.
4
Негізгі бөлім
Жалбыз өсімдігінің сипаттамасы
Дәрілік өсімдіктердің бірі - жалбыз. Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік.
Химиялық құрамы: Жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, илік заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар.
Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда жалбыздың 9- түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оның дала жалбызы, су жалбызы секілді маңызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Дала жалбызын сабынның иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Жапырағында 5% эфир майы болады. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
Бұл майдың негізгі құрам бөлігі – ментол. Ментю парфюмерия, косметика, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай –ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Биологиялық сипаттамасы
Жалбыз - биіктігі 80-100см, сабағы тік өсетін төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді.
5
Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті.
Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биіктігі 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша.
Жалбыздың емдік қасиеті
Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек.
Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Жалбызды булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да қолдануға болады.
Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады.
Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін, әл беретін, несеп
6
жүргізетін, жел шығаратын, қан тоқтатын дәрі ретінде қолдануға ұсынады. Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1 стақан ыстық суға салып тұндырады да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен біріндей мөлшерде ішеді. Сонымен қатар жалбызды пиязбен және балмен қосып пайдаланса, оның емдік қасиеті арта түседі. Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп терлейді. Бұған 15 грамм жалбыз жапырағын бір стақан қайнаған суға салады да, сол күйінде жарты стақаннан ішеді.
Дәрігер С.В. Линькова (Саратов қаласы) басқадай қосалқы аурулардан таза тек өкпе туберкулезімен ауырғандарға мынадай қосынды жасап ішуді ұсынады: Жалбыз жапырағынан 3-8 грамм, сондай-ақ қалақайдан, гүлшетеннен, ақбасжусаннан 2-4 грамнан алып араластырады. Бұл қоспаға 3 ас қасық қайнаған су құяды да жылы жерге қойып, жарты сағаттай тұндырады. Тұнбаны күн сайын жаңадан әзірлеп отыру керек. Оны күніне үш рет тамақ алдында жылытып ішеді. Емделу мерзімі 3 ай. Бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін.. Туберкулезбен ауыратындар жөтелген кезде іріңді қақырық түссе және қатты терлесе, жалбызды сүтке қосып қайнатып, кейде жапырағын жартылай су қосылған шарапқа салып ішеді. Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өтқабы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда, гриппен ауырғанда және суық тигенде қолданады, сонымен бірге, жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар, сондай-ақ ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені нығайтады
7
Жалбыз қосылған шәйдің пайдасы.
Жалбыз шәйі адамзат баласына бағзы замандардан бері белгілі. Кейбір халықтар оны тыныштандыратын құрал ретінде қолданса, енді бірі тәбетті ашу үшін пайдаланған. Оның қара шәймен бірге демделген хош иісті жапырақтары кешқұрым жұмыстан шаршап келген адамның сенімді серігі. Жалбыз шәйі қызу көтерілген кезде, суық тигенде жақсы көмектеседі. Ол ашуды басып, жөтелді азайтады.
Бұл сусын асқорыту жүйесін ретке келтіріп, ас қорытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жалбыз шайы бұлшық ет ауруларынан жазу қасиетіне ие
8
Елімізде өсетін жалбыз түрлері Кермек жалбыз. Кермек жалбыз – биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі.
Көк жалбыз
Ерінгүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады.
9
Бұрышты жалбыз. Бұрышты жалбыз (лат.Mentha piperita) - өткір хош иісі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізінен оны дәмдеуіш ретінде қолданады. Бұрышты мятаның майын тәтті пісірімдерге және шайнамалы резеңкелерге (сағыз), тіс пасталарына, дәрі-дәрмектерге хош иіс беру үшін қолданады. Майдың құрамында ұзақ жылдар бойы тыныштандыратын дәрілердің құрамына қосылып келе жатқан ментол болады.
Ақ жалбыз.
Ақ жалбыз - халық емшілігінде асқазан жолдарының ауруына қарсы қолданылатын дәрілік шөп атауы. Хош иісті, сабағы төрт қырлы, жапырағы қарама-қарсы орналасқан, жиегінде сирек ара тістері бар, гүлі кішілеу, солғын, жаңғақ жемісін жинап жұмыртқа тәрізді өсімдік. Гүлі толық ашылғанда алып, көлеңкеде кептіреді. Халық емшілігінде асқазан мен ішектің жедел қабынуына ақжалбызды суға қайнатып немесе жаншып шырынын алып суға қосып ішеді. Күн өткенде кезде жалбыз, райхан жалбыз, ақ бұршақты араластырып, суға қайнатып ішеді.
10
Арық жалбыз
Арық жалбыз (лат. Méntha longifólia) — Тауқалақайлар (лат. Lamiaceae) тұқымдасының Жалбыздар (лат. Mentha) тегінің тамыр сабақты көпжылдық шөптес өсімдігі.
Мысық жалбыз
Мысық жалбыз, немесе будра (Glechoma) — ерінгүлдіктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Мұның 5 түрі бар, оның бірі — барқыт жалбыз, оның сабағы көлбеу өседі, буындарынан қосымша тамырлар өсіп шығады.
Бұйра жалбыз
Бұйра жалбыз (лат. Mentha Crispa) – жалбыздың қолдан өсірілетін түрлерінің бірі. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жапырағының жиегі ара түсті, қарама-қарсы орналасады.
11
Дөңгелек жапырақты жалбыз
Дөңгелек жапырақты жалбыз (лат. Mentha Rotundifolia)
Дәрілік өсімдіктердің бірі – дөңгелек жапырақты жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп тараған. Дөңгелек жапырақты жалбыз суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынның иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады.
Қара жалбыз
Қара жалбыз-ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Қара жалбыз жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы қолданады.
12
Достарыңызбен бөлісу: |