Сабақтың тақырыбы : Пайдалы ас Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі36,21 Kb.
#35516
түріСабақ
Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы ас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды пайдалы ас түрлерімен таныстыра отырып, олардың адам ағзасына пайдасын білуге баулу

Тәрбиелік: Оқушылардың денсаулықты күтуге, тамақтану гигиенасын сақтауға қатысты білімдерін тереңдете түсу.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі шығармашылық қасиетерін ояту, кез - келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, қазақша жетік сөйлей білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптер, плакат, слайд
Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу (Сәлеметсіңдер ме балалар? Сыныпта кім кезекші? Сынып түгел ме? Үйге қандай тапсырма берілді?)
II. Үй тапсырмасын сұрау

Олай болса кім сабақ айтады?


III. Өткен сабақты бекіту

Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» өлеңі

Жеті септік – жеті бала,

Жетеуінің атын ата.

Атау септік кім? не? десе,

Атың менен затыңды ата.

Кімнің? ненің? деп анықтап,

Ілік септік іліп алар.

Кімге? неге? қайда барсаң,

Барыс септік біліп алар.

Кімді? нені? керек етсең,

Табыс сұрап жүріп табар.

Кімде? неде? қайда? десең,

Жатыс септік сонда жатар.

Шығыс септік кімнен? неден?

Қайдан шықтың соны айтар.

Кіммен? Немен? керек болса,

Көмектес көмек беріп қайтар.

Сұрағы қызық, аттары да,

Септіктерді жатталық та.


IV. Жаңа сабақ

Балалар біз ас туралы үлкен бір тарау бастаған болатынбыз, олай болса бүгінгі өтетін сабағымыз «Пайдалы ас».

Тақтадағы ілініп тұрған жаңа сөздерге назар аударайық
Жаңа сөздер

Пайдалы ас – полезная еда

дәрумен - витамин

көмірсу – углеводы

адам денесі - человеческое тело

күшті - сильный

шымыр – здоровый
1. Бұл сөздер саған таныс па?

(иә, бұл сөздер бізге таныс)


2. Бұл сөздерді қайда оқыдың?

(Иә, балалар бұл сөздер күнделікті өмірде қолданыста жүрген сөздер)


3. Дәрумендерді білесің бе?

(дәрумендер жемістер мен көкөністерде кездеседі. Мысалы: алма, алмұрт, шие, қияр, қызанақ және тағы басқаларда)


4. Көмірсуды білесің бе?

(көмірсулар қызанақта, картопта, қантта, күріште, балда және печеньеде кездеседі екен)

5. Ақуызды білесің бе?

(Ақуыздар етте, балықта, тауықта, жұмыртқада, ірімшікте кездеседі екен)


6. Олар не үшін керек?

(адам ағзасына пайдасы бар, Мысалы: біз шамалы сырқаттанып қалған кезде балды жылы сүтке араластырып ішеміз, және тауық сорпасын ішеміз содан кейін біз сауығамыз.)


V. Түсінгендерін тексеру

Балалар оқулығымызды алып 85 - беттегі 2 - тапсырманы қарайық.

Мәтінді оқы. Кесте бойынша сұрақтарға жауап бер.

Темірланның мектебінде “ Пайдалы ас” клубы бар.

Клубта пайдалы ас тізімі бар.

Пайдалы тағамдарда дәрумендер, көмірсулар, ақуыздар көп болады.

Бұлар саған керек

Ақуыз


Дәрумендер

Көмірсу


Май
VII. Қорытындылау

Сабақты қорытындылау үшін

«Пайдалы ас» сөзжұмбағын шешіп жіберейік

(Тақтаға плакат ілінеді.)

Ал балалар тақтаға назар аударайық, шуламай қолымызды көтеріп, сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтары мен жауаптары

1. Қызанақтың орысшасын не дейміз? (помидор)

2. Күш беретін затты не дейміз? (май)

3. Қандай тағамдарда дәрумендер, көмірсулар, ақуыздар көп болады? (пайдалы тағамдарда)

4. Сүйектің күшті болуы неге байланысты? (дәрумендерге )

5. Көмірсу ненің құрамында не бар? (картоп)

6. Май ненің құрамында бар? (балмұздақтың)

7. Ақуыз ненің құрамында бар? (тауық)

8. Сиыр сүтінен не алынады? (сары май)

9. Жұмыртқаның құрамында не бар? (ақуыз)

10. Қант, бал, печеньенің құрамында не бар? (көмірсу)
VIII. Үй тапсырмасы

жұмыс дәптеріндегі

4 – тапсырма, 51 – бет

Сұрақтарды қалыпқа келтір.



Мысалы:

- Ақуыз ненің құрамында болады?



- Ақуыз етте, балықта, тауықта, жұмыртқада, ірімшікте болады.
IX. Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет