Сабақ тақырыбы: Тауар және ақша теориясы Сабақ мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі21,03 Kb.
#80662
түріСабақ
Байланысты:
сабак17.09.2020


Сабақ _4__

Оқытушының Т.А.Ә:
Ералина А.Е.

Оқытушының e-mail: a-eralina@mail.ru




Whatsapp: 87024589424

Күні: 17.09.2020

Пән: экономика негіздері

Топ: М-41

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Тауар және ақша теориясы

Сабақ мақсаты:

қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілерінің пайда болуын зерттеу және тауар мен ақша ұғымдарына кеңірек тоқталу


Сабақтың нұсқаулық картасы

Жұмыс барысы

Нұсқаулар

Ұйымдастыру кезеңі

Skype бейне байланысы тексеру.
Өзіндік жұмысты орындау бойынша нұсқаулық.
Сабақ жоспары:
1. Теориялық материалды танысу.
2. Практикалық бөлімді орындау.

  1. 3. Педагогтың электрондық поштасына жіберу.

Теориялық бөлім

Теориялық материалды танысу:
Қосымшада мәтін берілген ▼



Практикалық бөлім

Тапсырма №1 эссе тақырыптары:
Ақшаның шығуы мен пайда болу тарихы;
Қазіргі электрондық ақшалар жүйесі.
Тапсырма №2 Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Қызмет көрсету ерекше экономикалық игілік ретінде.
2) Еңбек құнының теориясы.
Тапсырма №3 Жаттығулар:
1) Сіздің қолыңызда 1 млн. долларға тең қолма-қол ақша бар, ал сіздің досыңызда құны 1 млн. долларға бағаланатын қаланың сыртында үйі бар. Кімнің мүлігі аса жоғары өтімділікке ие болып табылады? Аса жоғары өтімді әдіспен мүлікті сақтау әрқашанда ұтымды болып табыла ала ма?
2) Мына көрсетілген жағдайлар ақшаның қандай қызметтерін орындайды:
а) банктегі Сіздің депозитіңіз;
ә) көлікті несиеге сатып алу;
б) базардан көкөніс сатып алу;
в) шәкіртақы алу;
г) дүкенде сатылатын тұрмыстық техниканың прайс-парағы;
ғ) жер телімін сату;
д) студенттік асхананың тағам мәзірі


мәтін
Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі. Тауардың 2 қасиеті бар:
1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.
2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі.
Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел, тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ ағаш ұстасы да, тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды. Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.
2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.
Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге асырылады:
а) қолма-қол ақша беру арқылы;
ә) банктегі есепте жазу арқылы;
б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға берешек екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.
Осыған байланысты төлем құралдарының үш түрі орын алады:
1. Қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар);
2. Чектер, ағымдық есептер;
3. Қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).
Ақшаның экономикалық рөлі жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен орташа баға деңгейіне де әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет