Ішінде «Зерттеушілік конференциясы» әдісін қолдануы ерекше әсер қалдырды



Pdf көрінісі
Дата21.06.2022
өлшемі197,42 Kb.
#146900
Байланысты:
Данелқан А



ЕСЕП
Данелқан А.А. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» 
КЕАҚ-ның жаратылыстану-математика факультетінің ДГИ-101в тобында 
6В01512 География-тарих мамандығының 1 курс студенті 2022 жылдың 24 
қаңтарынан 25 ақпан аралығында «Еңбекші орта мектебі мектеп жасына 
дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 
практикадан өтуі бойынша. 
Іс-тәжірибе күндізгі оқу түрінде өтті 
Қатысқан сабақтардың саны – 5, 9 тақырып бойынша өткізген 
сабақтарым – 10 сағат. Әріптестерім маған оң көзқарас танытты, олардың 
сабақтары жоспарға сәйкес өтті. Мұғалімдердің ішінде маған Ахметова 
Балжанның сабақ өткізу барысында әртүрлі әдістерді қолданатындығы, соның 
ішінде «Зерттеушілік конференциясы» әдісін қолдануы ерекше әсер 
қалдырды. 
Оқушыларды бір-бірімен салыстырмай, айтқан жауаптарын жоққа 
шығармай қабылдап, дұрыс бағыт беруге тырыстам. Жақсы сөз айтып, оқуға 
деген ынтасын көтеруге бар білімімді салдым.
Оқу сабақтарын өткізу барысында мен кәсіби-педагогикалық дағдылар, 
оның ішінде оқу бағдарламасы мен оқулық негізінде алдағы оқу 
сабақтарының мазмұнын нақтылау және сабақтың оқу, дамытушылық және 
тәрбиелік мақсаттарын анықтау; сабақтың түрі мен құрылымын анықтау 
мүмкіндігі; сабақтарға қажетті оқу-көрнекі құралдар мен техникалық оқу 
құралдарын дайындай білу; сабақтың және оқу сабақтарының басқа 
түрлерінің технологиялық картасын құрастыра білу, сабақтың басында 
оқушылардың тәртібі мен тәртіп орнатудың әртүрлі әдістерін қолдана білу 
және іске асыру, өтілген материал бойынша жұмыс жасай білу; қайталау-
оқыту сипаты, алған білімдерін практикада қолдану үшін ауызша, жазбаша 
және практикалық жаттығуларды қолдана білу және басқаларын меңгердім. 
Педагогикалық тәжірибе барысында қиындықтар болған жоқ. 
Мектеп басшылығы бізге оң көзқараспен қарап, қызығушылық танытты. 
Педагогикалық тәжірибе барысында мектеппен таныстым. Практикада 
мен ұстаздық қызметте теңдесі жоқ тәжірибе алдым. Бұл маған ұстаздық 
қызметтің бұрыннан белгісіз қырларын ашуға мүмкіндік берді. Алғашқы 
күндерден бастап өзімді ұстаз ретінде сезіне отырып, бұл қызмет түрінің 
жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіндім. 
Оқыту жоспарына сәйкес мектептегі және бекітілген сыныптағы тәрбие 
жұмысының мақсаты мен міндеттерімен таныстым, мектептің нормативтік 
құжаттарымен таныстым, оқу іс-әрекетін бақылап, қатысқан сабақтарға талдау 
жасадым, сонымен қатар “Жаратылыстану”, “География”, “Қазақстан 
тарихы”, “Дүние жүзі тарихы” сабақтарын дайындап, өткіздім. 
Тәжірибе барысында жоспардың барлық тармақтары сақталып, олардың 
өзіндік жауапкершіліктері ескерілді. Сыныппен тәрбие жұмысын жүргізу 
дағдысын қалыптастыру мақсатында Төлеубекова Гүлназбен бірлесіп 
“Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев” тақырыбында сынып сағаты 
өтті. 


Тәжірибе нәтижесінде келесі жұмыстар орындалды: 
1. Оқушы Қайратқызы Жансаяға мінездеме 
2. 8 сыныпқа мінездеме 
3. Дайындап, өткізілген сабақтар; 
Жаратылыстану: 
1.
Фотосинтез. Фотосинтез пигменттері».
2.
Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер 
География: 
1.
Геосфераның ластануы 
Қазақстан тарихы: 
1.
Қазақстандағы ұжымдастыру 
2.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық 
реформалар 
3.
Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері 
4.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы 
Дүние жүзі тарих: 
1.
Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің 
бір факторы ретінде 
2.
Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай? 
Толтырылған күні «25» ақпан 2022 ж. 
Студент- практиканттың қолы
Данелқан Ақмарал Ақсенқызы /


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет