Лекция. Тіл дамыту курсы бойынша оқушылардың білулері тиіс: Мәтін немесе өлеңді мәнерлеп оқи алуы



Дата05.01.2017
өлшемі89,79 Kb.
#6400
Түсінік хат

Тіл дамыту деп-балалардың сөздік қорларын байытуға, олардың мағыналарын түсініп,сол сөздерді дәл қолдана білуге,өз ойларын,пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдерден логикалық,композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша,жазбаша дұрыс білдіруге яғни «нәрсенің жайын-күйін,түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге»үйрету жұмыстарын айтамыз.

Тіл дамыту курсы бірінші сынып оқушыларына арналған. Мұнда мынандай негізгі мәселелерді үйрету көзделеді;белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамтыу, сөздерді үйрете отырып,жаңа сөздер жасау және олармен таныстыру. Формаларды меңгерту барсыныда оларды байланыстырып,сөйлем құрауға,сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты,жүйелі,дұрыс жеткізуге,сөйлей білуге үйретіледі. Әңгіме,диалог,ойын барысында оқушылар мектеп, отбасы,қоршаған ортамен араласуды үйренеді. Тіл дамыту арқылы оқушының өмірге деген қызығушылығы артады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: оқушыларға мәтін мен өлеңдерді мәнерлеп,түсініп оқуға,сауатты жазуға үйрету,өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Тіл дамыту бағдарламасы мынау бағыттарды қамтуы қажет:


  • Жаңа сөздер үйрету;

  • Көркем шығарманы түсіну;

  • Мақал-мәтел,жаңылтпаштарды үйрету;

  • Мазмұнды суреттер бойынша әңгімелер құру;

  • Ребустар,сөзжұмбақтар шешу.

Бағдарламаның әдіс-тәсілдері:

  • Жеке,топпен жұмыс;

  • Тест жұмыстары;

  • Викториналық сұрақтар;

  • Кубизм әдісі;

  • Әңгіме-диалог құрастыру;

  • Лекция.

Тіл дамыту курсы бойынша оқушылардың білулері тиіс:

  • Мәтін немесе өлеңді мәнерлеп оқи алуы;

  • Әңгіме,диалог құрастыра алуы;

  • Өз ойын еркін жеткізе алуы;

  • Байланыстырып сөйлей алуы.



Тіл дамыту курсының міндеттері:

  • Оқушылардың оқу дағдысын жетілдіру;

  • Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

  • Көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

  • Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:



  • Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;

  • Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөздерімен және әдеби тілде айта білу;

  • Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу;

  • Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу;

  • Суреттер бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыр;.

  • Заттардың аттарын қасиеттеріне қарап ажырату;

  • Сөйлеудің монологты, диалогты түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;

  • Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;

  • Оқылған шығарманың басты кейіпкерін ажыратып, олар туралы қорытынды жасау;

  • Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір-бірінен ажырата білу.



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сөздік жұмысы

Құрал-жабдықтары

1

Отбасы




Ата,әже, әке,ана, аға, іні, әпке, сіңлі, қарындас

Отбасы мүшелерінің суреттері,мақал-мәтелдер, жұмбақтар, мазмұнды суреттер

2

Әдібай табылдиев «Ана мен бала», «Аташымның баласы»




Бата,

Мазмұнды суреттер,

3

Күз кереметі




Жыл құстары,найзағай

Күз көрінісін бейнелейтін суреттер, халық болжамдары

4

Көкөністер




Бақша,көкөніс атаулары

Көкөністер суреттері,жұмбақтар

5

Нан қайдан шығады?




Қырман, диқан,қырманшы,наубайшы,сап-сары

Нанның түрлері, бидай,трактордың,қырманның,элеватордың,диірменнің,наубайхананың дүкеннің суреттері

6

Біздің Отанымыз-Қазақстан




Республика, біздің Отанымыз

Қазақстан картасы, суреттер,нышандар

7

Қазақстан Республикасының нышандары




Елтаңба,әнұран, ту

Астана қаласының суреттері, Қ.Р. картасы, нышандар, мақал-мәтелдер

8

Менің жаңа Астанам




Ақорда, Бәйтерек, барыс, көп қабатты үйлер

Астана қаласының көрікті жерлері

9

Жабайы аңдар




Жабайы аңдар, бөлтірік, көжек, қонжық

Жабайы аңдардың суреттері

10

Жануарлар туралы ертегі «Арыстан мен түлкі»







Ертегі бойынша суреттер

11

Үй жануарлары




Үй жануарларының төлдері, сиыр,жылқы, түйе, қой

Мазмұнды және үлестірмелі суреттер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,ребус

12

Үй құстары




Үй құстарының атаулары

Тауық,әтеш, үйрек, қаз суреттері

13

Киімдер және ұлттық киімдер




Бүрмелі көйлек,қамзол, тақия, бөрік, шапан, мәссі, кимешек, саптама етік

Киімдер үлгісі

14

Қыс келбеті




Қырау, ызғарлы,шымырлап

Қыс мезгілі туралы суреттер

15

«Қыс жұлдызы» Ж.Сыздықов (өлеңді жаттау)




Жылтылдайды,дулаған

Жыл мезгілінің суреттері

16

Сиқырлы сөздер. Сөйлеу мәдениеті [и-й]




сөздер

Айна,тақта, бор суреттері

17

Ойнай, ойнай шынықтық




Мақсатты саяхат

18

Достығымыз жарасқан




Балдырған, мейірімді

Мазмұнды суреттер, Қ.Р.Картасы

19

Әнуар Бейсембиев «Ағайынбыз бәріміз»




тосқауыл

Ұлт өкілдерінің суреттері

20

Сиқырлы сөздер. Сөйлеу мәдениеті[ш-ж]




Сөздер

Ш-ж дыбыстарына байланысты суреттер

21

Тазалық-денсаулық кепілі




Жеке бас гигиенасы

Тақырыптық суреттер,заттар

22

Батыр-ел қорғаны




Батыр, халық батырлары, дулыға,найза, қылыш, қалқан

Батыр туралы суреттер, батыр қарулары

23

Мамандық




Мамандық,аспаз, мұғалім, дәрігер, құрылысшы

Суреттер, сөзжұмбақтар

24

Бақыткерей Ысқақ «Кім болам?»




Өркендеу,бармағынан бал тамған, жүрегінде өлкесі

Өлеңге байланысты суреттер

25

Ыдыстар




Ыдыс-аяқ атаулары

Ыдыстың түрлері

26

«Түлкі мен тырна» ертегі




Ұзын мойын, құмыра

Суреттер

27

Көліктер







Көлік түрлері(ойыншықтар)

28

Сиқырлы сөздер. Сөйлеу мәдениеті [с-з]




Сөздер

Қаз,сазан, қыз, сырға, сағат,сандық

29

Ж.Алмашев «Не сыйлау керек?»




Сыйлықтар

Аналар мерекесі туралы суреттер,өлең-тақпақтар

30

Жыл құстары




Қара суық, сұрғылт тұман, суық жаңбыр, жылы жақ, жыл құстары

Жыл құстары туралы суреттер, құстардың үні

31

Төрт түлік мал-ел байлығы




Төрт түлік мал,төл

Төрт түлік малдың суреттері

32

Ғарыш, ғарышкер




Ғарыш,ғарышкер, зымыран, көк аспан,жер шары

Ғарышкерлер, зымыран суреттері

33

Қ:баянбаев «Жақсы деген немене, жаан деген немене?»




Жомарт,әділ

Суреттер

34

Жаз қызықтары




Көл жағасы, құм,күннің көзі

«Жаз, Өзен жағасында,Балыққа барғанда» сюжетті суреттер

Әдебиеттер тізімі

  1. «Мөлдір бұлақ», «Балдырған» журналдары 1996ж.

  2. Бастауыш мектеп журналдары

  3. Ертегілер жинағы.

  4. Қазақстан мұғалімі, 2004ж.

  5. Ә.С.Әмірова, К.А.Анартаева. «Тіл дамыту» әдістемелік құрал. Алматы: Аламтыкітап, 2006ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет