Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Экологиялық белгілер
15.10.2021
Тәрбиеші: Галиева М.М
Тақырыбы : Экологиялық белгілер
Мақсаты : Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру. Экологиялық белгілермен таныстыру,оларды естерінде сақтау. Табиғатты қорғауға баулу.
Көрнекіліктері: Табиғаттың суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет
бөлімдері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Дидактикалық
ойын
Ынталандыру
Амандасу рәсімі.
Шаттық шеңберін
ұйымдастыру.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын кез келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсің бе,
балалар!
Өлең жолдарын
қайталап ,сәлем-деседі.
Ізденістер .
Ұйымдастыру.
Балалармен бірге
мектеп ауласына
серуен ұйымдастыру.
Табиғатқа байлансыты халық
Болжамдарын оқып беріп,үш дауыста
қайталау тәсілін
қолданып жаттау.
Жылдың әр бір
мезгіліне сәйкес
табиғат құбылыс-тарындағы өзгеріс-терді байқау.
Халықтың болжамдары туралы түсінік беру.
Қыс карлы болса, жаз жаңбырлы
болады.
Қыс аязды болса, жаз ыстық
болады.
• Тұман түссе, күн жылынады.
• Аспанда жұлдыз көп болса, қыс
ұзак болады.
• Қайыңнан аққан шырын көп
болса, жаз жаңбырлы болады.
• Түтiн аспанға тiк көтерiлсе, аяз
болады.
Сергіту жаттығуын
өткізу.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Дәптермен жұмыс:
а) Экологиялық белгілермен таныстыру.
ә)Сурет бойынша
балалардың әрекет-теріне пікірлерін білдірту.
б) Тыйым сөздерді
оқып мағынасын
түсіндіру.
Серуенге шығады.
Халық болжамдарын қайталап айту арқылы есте сақтау қабілетін дамытады.
Халық болжамы-ның мағынасын түсініп,мұғалімнің айтқандарын мұхият тыңдайды.
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.Қолдарын жоғарыға көтеріп, кереге болып созылады.
Суретке қарап әңгіме құрастырады.
Табиғат құбылыстарын бақылап көреді.
«Жыл мезгілі?» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білуге қандай өзгерістер болатыны жөнінде үйрету.
Шарты: Балаларға жыл мезгілдерінің суреттері таратылып, табиғаттағы өзгерістерді атап береді.
Рефлексивтік түзету. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген мақалды қайталату, мағынасын түсіндіру.Халық болжамдарын қайталап, мағынасын түсіндіру.
Күтілетін нәтежие:
Білуі тиіс:.Туған өлкенің табиғатын қорғау.
Түсінігі: Табиғи құбылыстардың бір-біріне әсерін,байланысын түсіну.
Көрсете білу: Халық болжамдарын өз тәжрибелерінде бақылау жасау арқылы көз жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |