«Ертегілер әлемінде»



бет1/43
Дата22.07.2022
өлшемі7,02 Mb.
#147672
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Вариатив Ертегілер әлемінде МАД
вариатив қызықты математика-1, казлит сессия, 10 ҚТ &36

«Таугүл» мемлекеттік коммунлдық қазыналық


бөбекжай-балабақшасы






«Ертегілер әлемінде» дегенбағдарлама 3-4 жастағы балаларға арналған. Күннің екінші жартысында өткізілетін вариативтік компонент.Театр ойындары арқылы көрсетілетін әр-түрлі іс-әрекеттер, қимыл-қозғалыстарбалалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеуге жағдай жасайды және әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйретеді. Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.


МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………………………... 4


Түсінік хат………………...…………………………………………….......5
Перспективтік жоспар .……………………………………………………8
Технологиялық карталары.……………………………………………… 12
1 бөлім «Бауырсақ» ертегісі …………………… …………………….. 13
2 бөлім«Шалқан» ертегісі …………………………………………….. 19
3 бөлім «Үш аю» ……………………………………...……………… 23
4 бөлім «Үйшік» ………………………………………………………. 28
5 бөлім «Түлкі мен қоян» …………………………………………….. 33
6 бөлім«Қоянның үйшігі» ……………..……………………………… 37
7 бөлім«Жеті лақ және қасқыр» ………...……………………………. 42
8 бөлім«Алтын айдарлы әтеш» ………….....………………………… 47
9 бөлім«Ертегі әлемінде» …………….………………………………. 52
Ертегілер ………………………………………..……………………… 55
Суреттер ………………………………………………..……………….. 67
Қолданылған әдебиеттер ……………………………………....……….. 75




Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.
Н. К Крупская: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі». Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.


Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақ-саттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспен-шілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркем-дік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиет-тері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалып-тасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиет -терді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жанжақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ой-найды. Театрландырылған ойындар ойын–қойылымдары болып саналады, бұл жерде


балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әлеуметін, қабілеттілігіменқызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар 3-4жасар балаларға арналған. Оқу жылына 36 сағат жоспарланған, аптасына 1 ұйымдастырылғаноқу іс-әрекетіөткізіледі, бағдарлама 9 бөлімнен құрастырылған. Бұл бағдарламаныңнегізін құрайтын халық ауыз әдебиетінің түрі ертегілер.
Ертегі ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте деп» басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар жыры жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың арман-мұраты бейнеленген. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасынын бір түрі. Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесін деп қараймыз. Әртүрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
Ойыншықтар театры – ең көп тараған түрі, бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.Жіптің көмегімен бақарылатын қуыршақтарды – марионеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң – солды ажыратады.
Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады.
Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар:
- әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар;
- таяқшадан жасалған театр;
- «киндер - театры»;
- магнит театры;
- «мочалка театры»;
- үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады);
- ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер (картиналар) театры – декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Көлеңкелі театр – жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет