«Ертегілер әлемінде»



бет2/43
Дата22.07.2022
өлшемі7,02 Mb.
#147672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Вариатив Ертегілер әлемінде МАД

Мақсаты:



  • Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық

және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.

  • Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге

тәрбиелеу.

  • Театрлық іс – әрекетті, ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.



Міндеттері:

• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.


• Балаларды адамгершілікке баулу, нақты сөйлеуге, салмақты ой айтуға баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын, шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан
әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың
жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған
ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:



  • Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады.

  • Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды.

  • Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіріледі.


ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР



Тақырыбы

Мақсаты



Көрнекілік- құралдар



Күні

1


«Бауырсақ» ертегісі





Ертегіні еске түсіру арқылы


балалардың тілдерін дамыту.

Фланелеграф,


конус театры, қуыршақ театры, орамал,
тақия, кейіпкерлердің 
атрибуттары

1


2


«Бұл бауырсақ - кішкентай қу аң»



Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықта-рын арттыру.





1


3


«Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін...»





Тілдерін жаттықтыру.



1


4


«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы



Балалардың ойын тиянақтау


және өнерлерін іске асыру.



1


5


«Шалқан» ертегісі



Ертегіні еске түсіру арқылы


балалардың тілдерін дамыту.



Фланелеграф,


саусақ қуыршақ театры,
үстел үстіндегі театр, кейіпкерлердің 
атрибуттары

1


6


«Ата мен әжемде қонақта болғанда»



Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту.





1


7


«Осындай үлкен шалқан...»





Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция 


арқылы көрсете білуге үйрету.



1


8


«Шалқан» ертегісін сахналау



Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру.





1


9


«Үш аю» ертегісі





Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту.





Сюжетті суреттер,
қуыршақ театры, тақия, кейіпкерлердің 
атрибуттары

1


10


«Қане досым, сөзге қосыл»





Ойын арқылы кейіпкерлердіңрөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.





1


11


«Үшаюда 
қонақта»





Тілдерін жаттықтыру.





1


12


«Үш аю»


Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру, ертегіні сахналау.





1


13


«Үйшік» ертегісі





Ертегіні еске түсіру арқылы бала-


лардың тілдерін дамыту.



Фланелеграф, қуыршақ
театры, кейіпкерлердің атрибуттары

1


14


«Үйшік» ертегісі



Балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту.





1


15


«Қәне досым, сөзге қосыл»





Белсенді балаларды кейіпкер- лердіңрөлдерін эмоция 


арқылы көрсете білугеүйрету.



1


16


«Көз көруге 


тоймайды,құлақ естуге жалықпайды»

Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру,ертегіні сахналау.





1


17


«Түлкі мен қояндар» ертегісі



Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру.





Конус театры, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары.

1


18


«Түлкі, түлкі, түлкішек»



Қимылды ойындар арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып, белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру.





1


19


«Қу түлкі мен қорқақ қояндар»



Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Түлкі мен қояндар арасындағы диалог.





1


20


«Түлкі мен қояндар»



Балалардың рөлді дұрыс ойнай білуін және сөздердегі әр дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.Ертегіні сахналау.





1


21


«Қоянның үйшігі» ертегісі



Ертегі мазмұнымен таныстырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.





Фланелеграф, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары

1


22


«Оқы да біл, ойна да күл»



Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.








1


23


«Досы көпті жау


алмайды, ақылы көпті дау алмайды»



Кейікерлердің сөздерін дұрыс айтуларын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету.



Ертегі суреттері, кейіпкерлердің атрибуттары

1


24


«Көз көруге 


тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»

Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс – әрекетіне қарап, әсерлі көңіл- күйін білдіре отырып сезіне білуге үйрету. Ертегіні сахналау.



1


25


«Жеті лақ және қасқыр» ертегісі.



Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып тілдік қорларын байыту.





Фланелеграф, қуыршақ театры, кейіпкерлердің атрибуттары






26


«Лақтарым менің, лақтарым менің....»



Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.





1

27


«Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге, сүт әкелді»





Ертегіге деген қызылушылықтарын арттыру.



1

28


«Жеті лақ және қасқыр» ертегісі



Әр баланың өз рөлін дұрыс орындауын қадағалау.Ертегіні сахналау.





1

29


«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі



Ертегінің мазмұнымен таныстыру.





Фланелеграф, кейіпкерлердің атрибуттары

1

30


«Жібек сақалы бар, майға батырып алған басы бар»



Кейіпкерлердің рөлдерін бере отырып, балаларға сөздері мен қимыл – қозғалыстарын үйрету.





1

31


«Сымбатты әтеш»



Балаларды ертегіні диалог бойынша орындауға үйрету.





1

32


«Алтын айдарлы әтеш» ертегісі



Ертегідегі кейіпкерлердің рөлін дұрыс орындауларын қадағалау, сахналау.





1

33-34


«Ертегі әлеміне саяхат»



Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау.





Ертегі суреттері, кейіпкерлердің атрибуттары

1

35-36


«Ертегі елі жермен келе, жатыр!»



Ертегі кейіпкерлерінің жағымды – жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету.



1



ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ
Тексерілді әд Ускембаева Г
1-бөлім
«БАУЫРСАҚ ЕРТЕГІСІ»
Күні:07.09.2020ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.


Оқу қызыметінің ұйымдастырудың 1-ші технологиялық картасы


Тақырыбы:«Бауырсақ».
Мақсаты:Балаларды ертегі мазмұнын түсініп оны әңгімелеуге, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра отырып сөздік қорын байыту. Көңіл -күйлерін терең түсініп, аяушылық сезімге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұн, қамыр,илеу.
Қостілдік компоненті:ұн - мука, қамыр- тесто, илеу- замесить.
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сурет арқылы әңгіме ойын, сұрақ-жауап, қортындылау.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер сүреттері.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

-Балалар, сендер ертегілерді көп білесіндер ме?
-Ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
-Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді?
- Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін, сендер мұқият тыңдандар.



- Әрине.


- Иә.
- Ерте, ерте, ертеде ...



Іздену-ұйымдастырушы

Тәрбиеші: - Бүгінгі сендермен танысатынымыз “Бауырсақ” ертегісі.
- “Бауырсақ” ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?
- Ертегі не жайында екен?
- Бауырсақты кім пісіреді?
- Бауырсақ қандай әрекет жасады?
- Оның бұл ісі дұрыс па?
- Ол жолда кімдерге кез болады?
- Түлкі бауырсақты қалай жеп қояды?
- Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер?
Сөздік жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет