«Ертегілер әлемінде»



бет6/43
Дата22.07.2022
өлшемі7,02 Mb.
#147672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Вариатив Ертегілер әлемінде МАД
вариатив қызықты математика-1, казлит сессия, 10 ҚТ &36
Әдіс-тәсілдер: өткенді қайталау, сурет жапсыру арқылы қызықтыру, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: фланелеграф, кейіпкерлер суреттері. Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Түсінеді:Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Қолданады:Өз ойларын жеткізе алады.


Тексерілді әд Ускембаева Г
Оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың 4 – ші технологиялық картасы
Күні:28.09.2020ж
Білім саласы: Қатынас.
Сабақ түрі: Ертегілер әлемінде.
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы.
Мақсаты:Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсетебілуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бауырсақ .
Қостілдік компонент: бауырсақ - колобок.
Әдіс- тәсілдер: өткенді қайталау, тамашалау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер: ширма, кейіпкерлер атрибуттары.



Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші: - Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?
- Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық.
- Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?
(пойыздың дауысы естіледі)

Балалар:
- «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де...»,
- «Баяғы өткен заманда шал мен кемпір
тұрыпты»,
- Пойызбен барайықшы, тез жетеміз.

Іздену-ұйымдастырушы

- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
- Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу.
2. Далада жұр шапқылап,
Керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ.
3. Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні.
4. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді.
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ»ертегісін еске түсіруін ұсынады.
Тәрбиеші «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театр арқылы қоюын ұсынады.

- түлкі


- қоян

- қасқыр

- аю

- бауырсақ

- «Бауырсақ» ертегісінде.
Балалар мазмұнын айтып береді.

Балалар қуыршақтарын алып ертегіні


сахналайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы

- Ертегі қалай аяқталады?
Балаларды мадақтау, бағалау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет