Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкіне сонымен қатар:
Қазақстанның экономикалық мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет санатын әзірлеу мен жүргізу;
Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Кредиторлар мен банк салымшылардың, сондай-ақ банктер мен басқа ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, клиенттердің мүддесін қорғау жүктеледі.
Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.
Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруға және валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге құқылы.
Ұлттық банкінің басқармасы мен төрағасы Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі үшін жауап береді. Ұлттық банкінің құрамына департаметтер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық фирмалар кіреді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның қаражаты: жарғылық ,резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд. теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен, бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қорлардың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Қорыта айтқанда, орталық банктің атқаратын қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет пен басқа банктерге несие берген кезде ол несиелік айналым құралдарын шығарып, үкіметтік міндеттеме шығару және оны өтеуде қарыз процентінің деңгейіне әсер етеді. Бұл орталық банктің банктік жүйедегі алатын ерекше орнын айқындап, сонымен қатар өзінің басты қызметі ─ ақша-несиелік реттеу қызметін орындауға объективтік алғы шарттар жасайды.