Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру
Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу
Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады
Экономикалық және қаржылық кеңес беру
Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді
Достарыңызбен бөлісу: |