Дәлелдеуші аудит. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады.
Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тәуекелге негізделген аудит Бұл кәсіпорын жұмысы жағдайынан шығады, негізінен оның жұмысындағы осы тұстарды (қауіпті нүктелерді) таңдай отырып тексеру жүргізетін аудит.
Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді.
Сипаты бойынша тексерудің төмендегі түрлерін бөліп көрсетеді:
2. Аудиторлық қызметтің профилі бойынша көрсетілетін қызметтер
Аудитор - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған және “аудитор” біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке адам.
Аудитор аудиторлық қызметін жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудиторлық қызмет дегеніміз аудиторлық ұйымдар мен аудиторлардың аудит жүргізу жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық жағдайы мен қызметіне тексеріс жүргізу, сараптама жасау және баға беру жөніндегі және аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.
Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар