Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады. Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады. Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді. Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады» деп көрсетілген.
Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.
Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар
Достарыңызбен бөлісу: |