Банктердегі ұлттық және шетелдік валютадағы ағымдағы ақша қаражаттар есебі



Дата07.02.2022
өлшемі18,41 Kb.
#82548
Байланысты:
лекция (15)


Банктердегі ұлттық және шетелдік валютадағы ағымдағы ақша қаражаттар есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған
банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар
ұшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.
Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне
мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

  • кәсіпорынның құру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;

  • кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының

  • қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ
    кәсіпорынның мөр таңбасы басылғап арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар;

Кәсіпорынның банктегі ағымды щоты бойынша нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары ҚР-ң «ақша төлемі мен аударылу туралы заңына» сәйкес жүргізіледі. Аталған заң бойынша банк кәсіпорын ақша қаражатын ағымды шотында сақтайды. Сол шотқа келіп түскен ақшаны қабылдайды, оларды аудару, беру және басқа да операцияларды жүргізу жөнінде бұйрығын орындайды.
Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі формалары ұсынылады:

  • Төлем тапсырмасы;

  • Төлем талап тапсырысы;

  • Аккредетив;

  • Чек;

  • Инкассалық үкім;

  • Вексель;

  • Төлем карточкалар.



Төлем тапсырмасы – бұл ақша жіберуші тұлғаның қызмет көрсететін банкке толтырылған тапсырыста көрсетілген сомасы бенфициар шотына аудару туралы тапсырысы. Төлем тапсырыспен жабдықтаушылармен алынған тауатлары мен көрсетілген қызметтер үшін, сонымен қатар, басқа да тауарлы емес операцияларды есеп айырысулар жүргізіледі.
Ақша жіберуші қызмет көрсететін банкке берілген формадағы бланкпен төлем тапсырмасы ұсынылады. Төлем тапсырмада міндетті түрде келесі деректемелер көрсетілуі керек:

  • Ақша берушінің заңды тұлғаның аты;

  • ИИН

  • Алушы банкінің аталуы;

  • Бенефициардың аты;

  • Бенефициардың СҚТН (ИИН)

  • Бенефициар банкінің аты;

  • Ақша берушінің заңды тұлғаның ағымды шотының нөмірі;

  • Алынған ТМҚ-ң немесе көрсетілген сомасы, ҚҚС; тауар алынған немесе қызмет көрсетілген мерзімі (айы,жылы,күні);

  • Келісім шарттың нөмірі;



Төлем талап тапсырысы – есеп айырысуда бенефициар (алушы) банкке тиелген өнімдер, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талаптарды растайтын құжат ретінде ұсынылатын есептік құжат болып табылады. Бұл есеп айырысудың формасы тауарлы операцияларды қолданылады да, төлеушінің акцептіне негізделеді.
Акцепт – тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтер және істелінген жұмыстар үшін жабдықтаушыларға төлем талап тпасырысты төлеуге, төлеушінің рұқсаты.
Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем талап тапсырысын және төлем талап тапсырмалары тізімін (реестр) ұсынады. Ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.


Аккредетив – бұл ақшасыз есеп айырысудың бір түрі, көбінде басқа қалалық жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін негізделген. Аккредетив өтініштегі шарттарға байланысты тиелген тауарлар мен қызмет үшін төлемдер жүргізуге жабдықтаушы банкіне тапсырыс. Басқа ақшасыз есеп айырысулың формаларына қарағанда аккредетив формасы жабдықтаушыларға төлемдерді төлеуге кепіл береді.
Сатып алушы аккредетивті меншікті қаражаттары немесе банк несиесімен ұсынылады.


Чек – ақшалай чек арқылы сатып алушылар мен жабдықтаушылары арасында тауарлы операциялар бойынша төлемдер жүргізіледі.


Инкассалық үкім – ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, салық комитетінің қаулылары және т.с.с. заңнамалық актілері негізінде төленетін төлемдер. Инкассалық үкім арқылы ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.


Вексельдермен төлемдерді төлеу ҚР-ң «вексельдермен айналысу» туралы заңмен бекітіледі.
Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын, қатаң нысанда берілетін төлем құжат. Яғни, вексель ұстаушы мен вексель алушы арасындағы қолданыста жүретін құжат.
Вексель арқылы вексельдегі ақша сомасын вексель ұстаушыға төленетін туралы вексель берушінің кепілі расталады. Вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады. Вексель негізгі төлемдер қатар %-дың мөлшерімен көрсетіледі.


Төлем карточкалары – ақша қаражаттарына электронды терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет