Есеп саясатын ашу кезінде банк келісілерді сипаттауы керек:
- қаржылық есеп беруді дайындау үшін қолданылған бағалаудың негізін;
- қаржылық есеп беруді дұрыс түсіну үшін айтарлықтай маңызы болатын есеп саясатының әрбір нақты жағдайын.
Банктің қаржылық есеп беруін құрастыру кезінде қолданылатын негізгі жағдайларды пайдаланушыларға түсіндіру үшін, есеп саясатының келесілерге қатысты жағдайларын ашып көрсетуге қажеттіліктің пайда болуы мүмкін.
- табыстың негізгі түрлерін мойындау;
- банк иемденетін бағалы қағаздарды бағалау;
- нәтижесінде активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік баланста танылатын операциялар мен басқа да жағдайлар арасындағы және нәтижесінде шартты міндеттемелер мен талаптар пайда болатын басқа да оқиғалар арасындағы шектеулер;
- берілген қарыздар бойынша үмітсіз қарыздарды тану негізі және оларды есептен шығару тәртібі;
- жалпы банктік тәуекелдіктерді жабуға арналған резервтерді құру бойынша есептемелерді анықтау үшін негіздер және осындай есептемелерді есептеу әдістері.
Қаржылық есеп беруде қолданылатын нақты есеп саясатына қосымша ретінде қаржылық есептілікті құрастырудың жалпы негізін қалыптастыратын бағалардың негізі де ұсынылуы тиіс (бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконттық құны). Қаржылық есеп беруде бірнеше бағалау негізін қолдану кезінде, мысалы, қайта бағалауға активтердің белгілі бір санаты ғана тиісті болса, әрбір негіз қолданылатын активтің санатын көрсету жеткілікті.