Нақты ақшаны беру шығыс кассасы арқылы ақшалай чек және шығыс кассалық ордер құжаттары бойынша жүргізіледі. Ақшалай чек – бұл қатаң есептегі құжат болып табылады, клиенттің өзінің шотынан ақша алуы үшін жазылады.
Ақшалай чекті мына мақсаттарда ұсынады:
Жалақы төлеуге;
Іс – сапар шығындарына;
Жалпы шаруашылық шығындарға;
Ақшалай чек шот менеджеріне мыналарды тексеру үшін беріледі: 1. Ағымды шоттағы қаржы жеткіліктігін; 2. Клиентетрдің қол үлгілерін салыстру; 3. Берілген ақшалай чек номері; 4. Жеке бас куәлігі жәе басқа да реквизиттер.
Соннан кейін шот менеджері клиентке кассаға көрсету үшін чекпен бақылау маркасын береді. Кассир ақшалай чектің дұрыс толтырғандығын қайта тексереді: 1. Клиент шоттарын жүргізетін жауапты қызметкерлер қолдарының болуы; 2. Сома жазбаша және санмен жазылғандығын; 3. Жеке бас куәлігін; 4. Бақылау маркасының номері, оны чекке жабыстырады; 5. Клиентке ақшаны береді және кассалық құжаттарға қолын қояды.