Байланысты: Банк қызметтері Куанышбаева Рахима ФК-21
Ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру процессінде оларды ұйымдастыру принциптері маңызды рөл атқарады:
Банк клиенттердің шоттарынан қаржыларды өшіруді тек шот иесінің тапсырысымен ғана жүргізе алады.
Клиент есеп айырысу формасын таңдай алады және оны төлеуші мен орындаушы арасындағы келісімдерде белгілей алады.
Есеп айырысулар Қазақстанның Банкаралық Есеп Айырысу Орталығы, Есеп Айырысу Кассалық бөлімшелер, клирингтік орталықтар немесе банкаралық келісулер негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашу арқылы жүзеге асырылады.
Төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысу бойынша наразылық екі жақпен белгіленген тәртіппен банк қатысуынсыз шешіледі.