Банктік сектор



бет2/3
Дата04.10.2023
өлшемі143,61 Kb.
#183659
1   2   3
Байланысты:
Аналитика 2020 каз (1)

Max /Min, рет

3,5

3,7

4,3

1,2

1,2

1,2

1,2



2020 жылдың III тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғарғы мәні Атырау облысында тіркелді, ондағы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық асып түсті. Табысы ең төмен аймақ болып Түркістан облысы қалды, ондағы халықтың кіріс көлемі республикалық деңгейден 54% - ды құрайды. 2020 жылғы III тоқсанда өңірлер арасында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі мәндерінің арасындағы айырмашылық 3,5 есені құрады (2019 жылғы III тоқсанда – 4,3 есе).
2020 жылғы III тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейі мен халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары шамасының орташа республикалық мәндерінің арақатынасы 3,2 есе (2019 жылғы III тоқсанда – 3,4 есе) болды.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша 2020 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай шығыстары 179472 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанына қарағанда 4,8% - ға жоғары
Өңірлер тұрғысындағы жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыстардың ең көп мөлшері – 255084 теңге Алматы қаласына тиесілі, бұл орташа республикалық деңгейден 1,4 есе артық. Жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыстардың ең төменгі деңгейі – 112323 теңге Түркістан облысында тіркелді, бұл еліміздегі деңгейден 1,6 есе төмен.
Тұтынуға пайдаланылған табыс 2020 жылғы III тоқсанда орта есеппен адам басына шаққанда 183875 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті тоқсанына қарағанда 7,1% - ға жоғары. Өңірлер аспектісін қарастыра отырып, табыстардың ең көп өсуін Павлодар және Қарағанды облыстарында атап өтуге болады. Шымкент қаласы тұтыну үшін ең төменгі кірісі бар аймақтар қатарына кіреді.Бұл аймақтағы кірістер деңгейі орташа республикалық деңгейден 1,4 есе төмен.
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша, 2020 жылғы III тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,2 млн. адамды құрады. Республика экономикасында 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды. 15 және одан жоғары жастағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 65,8% - ды құрады. Жұмыссыздар саны 454,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі-5% құрады.






Барлығы

Соның ішінде

еркектер

әйелдер

Жұмыс күші, мың адам

9 167,9

4 717,5

4 450,4

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күшінің үлесі, пайызбен

69,2

75,3

63,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

8 713,1

4 512,1

4 201,0

Жұмыспен қамту деңгейі, пайызбен:










15 және одан жоғары жастағы халыққа

65,8

72,0

60,2

жұмыс күшінің саны

95,0

95,6

94,4

Жұмыссыз халық, мың адам

454,8

205,4

249,4

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

5,0

4,4

5,6

15-28 жастағы жұмыссыздар, мың адам

83,3

37,1

46,2

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, пайызбен (15-28 жас аралығында) 2

3,9

3,3

4,6

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

2,1

1,7

2,6

Жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдар

4 078,6

1 547,4

2 531,2

15 және одан жоғары жастағы халық санындағы жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың үлесі, пайызбен

30,8

24,7

36,3

Жұмысбасты халықтың жалпы санында жалдамалы жұмысшылар 6,7 млн.адамды немесе 76,4%-ды құрады, 1,5 млн. адам – жеке кәсіпкер, 4,3 мың адам жеке тәжірибемен айналысты, 9,3 мың адам шаруа қожалықтарының құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ, өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылды, 558,6 мың адам – тәуелсіз қызметкерлер болып табылды.
Жұмысбасты халықтың көп бөлігі өз қызметін сауда (16,3%), ауыл шаруашылығы (13,9%), өнеркәсіп (12,4%), білім беру (12,7%) сияқты экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асырған.
Жоғары және орташа кәсіби (арнайы) білім 7,1 млн. адамда ғана болды, бұл жұмысбасты халықтың 81,7%-ы. Жоғары және орташа кәсіби білімі бар жұмысбасты әйелдер үлесі жұмысбасты еркектермен салыстырғанда 5,7 тт. артық. Жұмысбасты халықтың негізгі үлесін – 64,5%-ын (5,6 млн. адам) 29-54 жастағы адамдар құрады.
2020 жылдың III тоқсанындағы жұмыссыздар саны ( кірісі жоқ 15 жас және одан жоғары жастағы тұлғалар белсенді түрде ізденісте болды және жұмысқа бірден кірісуге дайын болды) 454,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздар деңгейі (2019ж. III тоқсанында – 4,8%) 5 % деңгейіне жайғасты.
2020 жылдың III тоқсанында жұмыссыздар ішіндегі ер азаматтар үлесі 45,2%-ды (205,4 мың адам), әйел азаматтар – 54,8%-ды (249,4 мың адам) құрады. Жұмыссыздардың жалпы санында 15-28 жастағы жастар үлесі 18,3%-ды және 83,3 мың адамды құрады. 15-28 жастағы жұмыссыз жастар деңгейі – 3,9%-ды құрады.



  1. Тұрғын үй құрылысы


Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру көлемі
2020 ж. қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 1968 млрд. теңге бағытталды, бұл 2019 жылға қарағанда 33,6% - ға артық.
2020 ж. қаңтар-желтоқсан айларында жалпы ауданы 15328,6 мың ш. м. құрайтын тұрғын үй ғимараттары пайдалануға берілді.


Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті


Тұрғын үйлердің жалпы санынан 39302-жеке үй, 1588 - көппәтерлі үй пайдалануға берілді, барлық меншік нысанындағы ұйымдар 140,2 мың пәтер салды.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданының 1 ш. метрін салуға жұмсалған орташа нақты шығындар 122,1 мың теңгені және жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үйлерде – 91,1 мың теңгені құрады.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің ұлғаюы республиканың 16 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Нұр-сұлтан қаласында (1,73 есе); Шымкент қаласында (1,24 есе); Қарағанды облысында (1,26 есе), Жамбыл облысында (1,22 есе ) және СҚО-да (1,22 есе) байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет