БаөЖ 6: Ежелгі дәуірдегі ғылым



Дата07.02.2022
өлшемі26,34 Kb.
#96491
Байланысты:
БАӨЖ 6


БАӨЖ 6: Ежелгі дәуірдегі ғылым

  1. Ежелгі ғылыми жетістіктер

  2. Ежелгі Шығыстық ғылым

  3. Антикалық ғылым

Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математикаастрономиямедицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы ТүркіПарсыАраб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл КиндиӘл-ФарабиИбн СинаИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс діни әсірешілдік пен қатып-семушілдіктің зардабынан мүлде әлсіреп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.
15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.
Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (БиологияХимияФизика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономикапсихологияәлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философиялогикаматематика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажеттілікті көздесе, тіке технологияға айналып нақты пайда берсе, онда ол (мысалы медицина, инженерия секілді) Қолданбалы ғылым деп атайды. Ол көбінесе нақты қолданысы мәлім жанама жолмен іске асатын Теориялық ғылымға салыстырмалы айтылады.
Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлікинтуицияэмоция, көңіл-күй, қалау, діни көріпкелдік секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар мол қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
Ғылымды дамытуда орасан зор қызмет етіп, мол үлес қоскан ғұламалардың үлкен бір шоғыры орта ғасыр заманында Таяу және Орта Шығысты мекендеген елдерден шыққан.
«Шығыста әйгілі жеті ақын бар, сол жетеудің ең осалының өзі менен мықты», - деген екен ұлы Гете. Неміс ақыны, әрине, өзінің Шығыс ұстаздары жөнінде кішіпейілділік, әдеп сақтаған болар. Дегенмен бұл бағаның, мойындаудың арғы төркінінде даусыз шындық жатуы ақиқат.
Осыған ұқсас жағдайды орта ғасырларда жасаған Шығыстың ұлы галымдарынан да байқауға болатын сияқты. Бірақ белгілі бір себептерден Европа алғаш Шығыстың классик ақын, шайырларымен танысып, табысқан да, оқымыстылар жағы сырт қалыңқырап қойғандығы аңғарылады.
Өткен ғасырларда-ақ бұл оқымыстылардың кейбір шығармалары Европада мәлім болған, алайда буржуазиялық ғылым тарихшылары оларды көбінесе бұрмалап, мәнін төмендетіп көрсеткен.
Ғылым мен мәдениет тарихы жөнінде жүргізілген бұрын-соңғы зерттеулер Азия, Африка елдерін тағы, мешеу, мәдениетсіз санайтын буржуазия оқымыстылары теория-сымақтарының бүгіндей негізсіз, кертартпалығын барынша әшкерелеуде. Бұл «теориялар» нағыз ғылым мен мәдениет тек Европаға тән нәрсе, ал шығыс халықтары дербес мәдени творчествоға қабілетсіз болған деп қарайтын «евроцентризмнің» зұлымдық, арамзалық көзқарасын қуаттайды, бұл сайып келгенде бір халықты екінші халыққа басыбайлы кұл етуді көздейді, нәсілшілдердің диірменіне су құяды.
Ежелгі тарихқа үңілсек, адам баласының әлем сырларын түсініп, өнер мен ғылымды дамытуында Шығыс елдерінің де, сол сияқты Батыс елдерінің де әрқайсысының қосқан үлесі бар екенін көреміз. Ғылым тарихын, әсіресе ІІІығыс ғылымының тарихи жай-жапсарын зерттеу бұл қағиданың даусыз шындық екенін бұлтартпас фактілермен дәлелдей түсуде.
Кейінгі кездерде Шығыс ғылымы өкілдерінің бай мұрасының қадір-қасиеті қайта зерттелініп сарапқа салынуда. Шығыс ғылымын зерттеп, олардың барын бардай, жоғын жоқтай көрсетуде, сын елегінен өткізіп кәдеге жаратуда ғалымдары көп еңбек сіңіріп келеді. Әсіресе кейінгі 20-25 жыл ішінде ол ғылым алыптарының заманы, өмірі, ғылыми қызметі жөнінде біраз істер тындырылды. Бұл тұрғыда Москва оқымыстылары айта қаларлықтай үлкен жұмыс жүргізді. Мәселен, Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің жинағы, Жәмшид Кәшидің негізгі математикалық, Фараби және басқалардың философиялық еңбектері Москвада орыс тілінде жарық көрді.
Өзбек ағайындар да Шығыс ғылымы мен мәдени байлығын сұрыптап, аударып жарыққа шығаруда қыруар жұмыс атқарып келеді. Олар Хорезми, Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек тағы басқа ғалымдардың негізгі еңбектерін орыс және өзбек тілдеріне жариялап үлгірді.
Бауырлас әзербайжан оқымыстылары Насыреддин Тусидің кейбір еңбектерін жарыққа шығарды. Кенжелеп кешігіп қолға алса да, Қазақстан ғалымдары ұлы жерлесі Әбунасыр әл-Фараби мұраларын игеруге мұрындық болуда.

Антика ғылым тарихының жарқын беттеріне көз алсақ, онда біз ұлы ойшыл, ежелгі грек ойшылы Архимедке кездесеміз. Ол Сицилия аралында Сиракузда дүниеге келді. Александрияда білім алды. Архимед Ғылым мен Адамзат тарихының тағдырын айқындаған азын-аулақ даналардың қатарына жатады. Бұл ретте ол Ньютонға ұқсас. Осы екі данышпанның шығармалары өте ұқсас. Екуін де математика, физика, астрономия сияқты ғылымдар саласы қызықтырған. Бүкіл математиктер мен физиктердің ішінен Архимед пен Ньютонның есімдері ғана бүкіл әлемге аян.


Архимедтің ғылыми еңбектері математикаға да, физикаға да, асторномияға да жатады. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орывн алған. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тағайындаған, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Сұйыққа батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең болатын және онан әрқашанда жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін айқындайтын заң аэростатика мен гидростатика заңы деп аталды. Архимед Жер суаратын машиналарды, жүк көтеретін рчаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс машиналарын т.б. ойлап шығарған.
Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Архимедтің «шар мен цилиндр», « Дөңгелекті өлшеу және леммалар» атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Архимед енгізген санына жақын мән 227 3,14 сол кездегі практикада қолдануға тиімді болды. Ол қазір де қолданылады.
Архимедтің кейінгі кездегі шығармашылығына оның астрономияға деген қызығушылығына тән. Астрономиядағы оның жетістігі Планитарийдің құрылымы. Айналып тұратын сфера арқылы Күнді және бес планетаны, айдың фазасын, күн мен айдың тұтылуларын бақылап отыруға болады. Бұл даданы еске сақтау мақсатында Архимедтің ұрпақтары, оның ғылымның « мәңгі ұранына»айналған «Эврика,Эврика!-Таптым!»-деген қуашһнышты айқайын бүгінгі күнге дейін жеткізіп отыр.
Архимедтің әдісі П санының өлшемі XVII ғасырға дейін үлгі болып келді.
Ол қазіргі кезде космоқа ұшыруларға дайындауда компьютерлер орындайтын сызуларда кездеседі; Пи инженерлерге қажетті ондық белгілерді бейнелейді.
Антикалық ғылым – адамзат ойының қызықты да, жарқын беттерінің бірі. Философиялық және ғылыми идеялар, концепциялар, теориялар көбінде қазңргң ғылымның іргетасы болып табылады. Олардың кейбіреулері үшмыңжылдықтың барысында талқыланып, шешілді, пікір таластар тудырды, бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет