2.2. «Contador.kz» ЖШС-нің қаржылық ресурстарының компания табысында атқаратын рөлі және рентабельділігі.
Компанияның қаржылық ресурстарының компанияның табысында атқаратын рөлін анықтау үшін компанияның 2019-2020 жылдар аралығындағы кірістеріне, яғни қаржылық нәтижелеріне шолу жасау қажет.
Компанияның 2019-2020 жылдар аралығындағы кірістері мен таза табысы төмендегідей болды;
Кесте 9 – “Contador.kz” ЖШС 2019-2020 жылдардағы қаржылық есептіліктері бойынша көрсеткіштері
Көрсеткіш
|
Көрсеткіш мәні,
мың тг
|
Көрсеткіш өзгерісі
|
Жылдық орташа көрсеткіш,
мың тг
|
2019 г.
|
2020 г.
|
тыс. KZT
(бағ.3 - бағ.2)
|
± %
((3-2) : 2)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Түсім
|
8 080
|
21 867
|
+13 787
|
+170,6
|
14 974
|
2. Шығыстар
|
7 322
|
18 499
|
+11 177
|
+152,6
|
12 911
|
9 Кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
3. Қызметтен түскен пайда немесе залал
|
758
|
3 368
|
+2 610
|
+4,4 раза
|
2 063
|
4. Басқа да кірістер мен шығыстар
|
-1 028
|
-871
|
+157
|
↑
|
-950
|
5. EBIT (салық салғанға дейінгі пайда) (3+4)
|
-270
|
2 497
|
+2 767
|
↑
|
1 113
|
6. Пайыздық кірістер
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
7. Табысқа салынатын салық
|
–
|
-445
|
-445
|
–
|
-223
|
8. Таза пайда (залал) (5-6+7)
|
-270
|
2 052
|
+2 322
|
↑
|
891
|
Анықтама:
Кезеңнің жиынтық қаржылық нәтижесі
|
-270
|
2 052
|
+2 322
|
↑
|
891
|
Ескерту: дереккөз [19]
|
Кесте 9 да компанияның 2019-2020 жылдардағы қаржылық есептілігі, яғни корпоративтік табыс салығын есептеуге қажет 100 нысандағы қаржылық есептіліктің көрсеткіштері көрсетілген.
"Қаржылық нәтижелер туралы есептен" көріп отырғанымыздай, 2019 жылы компанияның қызмет көрсетуден түскен жалпы кірісі 4 ай ішінде 8 080 мың тг ге жетсе, сол кезеңде компания қызметімен байланысты барлық шығыстар 8 350 мың тг ні көрсеткен. Осылайша 2019 жылы компания 270 мың тг шығынға ұшырап, корпоративтік табыс салығынан босатылған болатын. Ал 2020 жылы компанияның жалпы кірісі 2019 жылмен салыстырғанда +13 787 мың тг ге артып, 21 867 мың тг ні көрсетті.
Сәйкесінше барлық шығыстар 18 499 мың тг ні көрсетіп, алдыңғы жылғы -270 мың тг ге залалды ескере отырып, компанияның салық салғанға дейінгі пайдасы 2 497 мың тг ні көрсеткен. Бұл табысқа салық 12 пайызбен, 445 мың тг ні құрады, осылайша компанияның 2020 жылғы таза пайдасы 2 052 мың тг ні құраған.
Жалпы алғанда компания 2020 жылы ұйым сатудан 3 368 мың тг мөлшерінде пайда алған болатын, және бұл түсімнің 15,4% - ын құрайды.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сатудан түскен пайда 2 610 мың тг ге немесе 4,4 есеге өскен.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сатудан түскен түсім де, әдеттегі қызмет түрлері бойынша шығыстар да ұлғайған екен (тиісінше 13 787 және 11 177 мың теңге). Бұл ретте 2019-2020 жылдар аралығында пайыздық қатынаста түсімнің өзгеруі, (+170,6%) шығыстардың өзгеруінен (+152,6%).
Талданып отырған кезең ішінде (2019 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда) өзге де операциялардан болған залал 871 мың теңгені құраған, және бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі залалға қарағанда 157 мың тг ге (15,2%) аз.
Сурет 6 - «Contador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша жалпы түсімі мен таза пайдасы (залалы)
Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 6 да көрсетілгендей, компанияның коммерциялық қызметі 2019 жылы сәтсіз болып, -270 мың тг залал көрсеткішін көрсетсе, 2020 жылы коммерциялық қызметі сәтті болып, 21 867 мың тг лік түсімнен 2 052 мың тг лік таза пайда болған. 2019-2020 жылдар аралығындағы динамика бойынша жалпы түсім +170,6 пайызға жоғарыған. 2019-2020 жылдар аралығындағы түсім бойынша жылдық орташа көрсеткіш 14 974 тг ні құраған.
Кесте 10 – “Contador.kz” ЖШС 2019-2020 жылдардағы қызметтен түскен кірістерінің рентабельділік көрсеткіштері
Рентабельділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің мәні (%- бен, немесе теңгемен)
|
Өзгерістер
|
2019 ж.
|
2020 ж.
|
тг мен,
(бағ.3 - бағ.2)
|
± % бен
((3-2) /2)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Жалпы сату рентабельділігі (Түсімнің әр теңгесіндегі жалпы пайда мөлшері).
Компания саласы үшін қалыпты мән: кемінде 11%.
|
9,4
|
15,4
|
+6
|
+64,2
|
2. EBIT бойынша сатудың рентабельділігі (Түсімнің әр теңгесіндегі салық салғанға дейінгі пайданың мөлшері). Компания саласы үшін қалыпты мән: кемінде 8-9 %.
|
-3,3
|
11,4
|
+14,7
|
↑
|
10 кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
3. Таза пайда бойынша сатудың рентабельділігі (Түсімнің әр теңгесіндегі таза пайданың мөлшері). Компания саласы үшін қалыпты мән: 6% және одан да көп.
|
-3,3
|
9,4
|
+12,7
|
↑
|
Ескерту: дереккөз [19]
|
Талдаудың соңғы кезеңі бойынша компания қызмет көрсетуден пайда тапты, сәйкесінше кестеде рентабельділік көрсеткіштері сату рентабельділігінің үш түрі бойынша да оң мәнді көрсетті.
Кезең бойынша сатудан түскен таза пайда алынған кірістің 9,4 пайызын құрайды, және өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда +12,7 пайыз. Ал алдыңғы 2019 жылы керісінше жалпы кірістен -3,3 пайызға дейін залал болған, яғни компания табыс таппады, рентабельділік көрсеткіштері үш тип бойынша да теріс көрсеткіште тұр. 2020 жылғы кезең бойынша жалпы рентабельділік 15,4 коэфиценті, ал жалпы кірістің 15,4 пайызын құрап оң көрсеткішті көрсетті. Ал салық салғанға дейінгі сату рентабельділігі 11,4 деңгейін көрсетті. Бұл сала бойынша оң көрсеткіш. Кірістер бойынша қызметті сату рентабельдігінің 2019-2020 жылдардағы динамикасына назар аударайық;
Сурет 7 - «Contador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша сату рентабельділігі
Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 7 де 2019-2020 жылдар аралығындағы “Contador.kz” ЖШС қаржылық есептіліктері негізінде, жалпы кіріс бойынша сату рентабельділігі, салық салғанға дейінгі кіріс бойынша сату рентабельділігі, және таза пайда бойынша сату рентабельділігі көрсетілген. Яғни бұл кірістің жалпы сатылымның қаншалықты үлесін құрайтынын, қайтымдылық көрсеткішін көрсетеді.
Қарап отырғанымыздай, 2019 жылы тек қана жалпы сату рентабельділігі ғана оң көрсеткішті көрсетіп тұр, ал салық салғанға дейінгі кіріс пен таза пайда бойынша сату рентабельділігі теріс мәнге ие. Бұл яғни компанияның сатылымнан ешқандай пайда таппағанын көрсетеді. Сурет 6 бойынша 2020 жылғы динамикаға қарайтын болсақ, үш көрсеткіште оң мәнге ие.
Жалпы сату рентабельділігі 15,4%, EBIT бойынша сату рентабельділігі 11,4% ал таза пайда бойынша сату рентабельділігі 9,4% ды көрсеткен. Яғни таза пайда 2020 жыл бойынша жалпы қызметтен түскен кірістің 9,4 пайыздық бөлігіндей.
Қарастырылған көрсеткіштер компанияның 2019-2020 жылдардағы сатылым дәрежесін сипаттайды. Ендігі кезекте компанияның тұрақты қаржы ресурстары бойынша рентабельділік деңгейлері талданады. Яғни бұл компания қарамағындағы меншікті капитал рентабельділігі ROE көрсеткіші, активтер рентабельділігі ROA көрсеткіші және қолданысқа енгізілген капиталға пайда ROCE көрсеткіштері.
Кесте 11 – “Contador.kz” ЖШС Активтері мен капиталы бойынша рентабельділік көрсеткіштері
Рентабельділік көрсеткіші
|
Көрсеткіш мәні, %
|
Көрсеткішті есептеу
|
2020 г.
|
1
|
2
|
3
|
Меншікті капитал рентабелділігі (ROE)
|
2,12
|
Таза пайданың меншікті капиталдың орташа мөлшеріне қатынасы. (2 050 773/966 000)
|
Активтер рентабельділігі (ROA)
|
0,93
|
Таза пайданың активтердің орташа құнына қатынасы.
(2 050 773/2 185 750)
|
Қолданысқа енгізілген капиталға пайда (ROCE)
|
0,28
|
Пайыздар мен салықтарды (EBIT) төлегенге дейінгі пайданың меншікті капиталға және ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатынасы.
(2 495 885/8 743 000)
|
Ескерту: дереккөз [19]
|
Кесте 11 де көрсетілгендей, компанияның меншікті капитал рентабельділігі, яғни ROE көрсеткіші ағымдағы жылы 2,12 абсолютті көрсеткішін, пайызбен 212% ды құраған. Бұл таза пайда меншікті капиталдың 212 пайызын құрайтынын көрсетеді. Бұл әрине меншікті капитал үшін аз көрсеткіш, дегенмен оң мәнге ие. Және меншікті капиталдың аз болуы да компанияның 2019 жылы құрылуымен, әлі өзінің қызмет ету нарығында толықтай қалыптаса алмауымен түсіндіріледі.
Активтердің рентабельділігі 0,93 пайызды көрсетті. Яғни таза пайда орташа активтердің 93 пайызын құрайды. Ал қолданысқа енгізілген капиталға пайда (ROCE) көрсеткіші 0,28 абсолютті көрсеткішін, пайызбен 28% ды көрсетті. Яғни салықтарды төлегенге дейінгі пайда компания пассивтерінің 28 пайызын құрайды екен.
2.2 бөлімді қорытындылайтын болсақ; Бұл бөлімде компанияның қаржылық есеп нәтижелерінен бастап, жалпы түсім және пайда арасындағы арақатынас зерттеліп, компанияның әрбір маңызды қаржылық көрсеткіштері мен сатудың рентабельділік деңгейіне дейін қарастырылды.
Компания 2019 жылдың екінші жартыжылдығында құрылғанына қарамастан, жалпы 2019-2020 жылдар аралығында көрсетілген қызметтен түскен кірістер үлкен көлемде болған. Бұл жалпы түсім деңгейі, алайда шығыстарды есептегенде, 2020 жылы пайда болса да, 2019 жылы компанияның жалпы кірісінен таза пайда болған жоқ. Себебі ең біріншіден 2019 жылы компанияның қысқамерзімді дебиторлық берешектерінің көп болуы. Яғни алғашқы 4-5 айда 2019 жылдың соңына дейін, компания көбінесе басқа ұйымдарға қарызға қызмет көрсетумен айналысқан. Және кредиторлық берешектердің үлкен көлемі компания шығыстарын жоғарылатқан.
2019 жылы компания қызметінен -270 000 тг көлемінде залал болды. Ал 2020 жылы компания қызметі барынша оңтайландырылып, 21 867 000 тг көлемінде жалпы түсім болған, және шығыстары 18 499 000 тг болып, компанияның таза пайдасы 2 052 000 теңгені құраған.
Осылайша, компанияның 2019-2020 жылдары жалпы кірістерінің рентабельділік коэфиценттері есептелінген болатын.
Үш түрлі әдіспен есептелінген рентабельділік көрсеткіштері 2019 жылы теріс мәнді көрсетсе, 2020 жылы үшеуі де оң көрсеткішті көрсеткен.
2019 жылы таза сату рентабельділігі мен салыққа дейінгі сату рентабельділік коэфиценттері -3,3 абсолютті деңгейлерін көрсетсе, жалпы сату рентабельділігі 9,4 коэфицентпен оң мәнді көрсеткен. Бұл компанияның қызметін сатудан кірістің жақсы болғанын, алайда шығыстардың көп болуы есебінен таза пайда болмағанын көрсетеді. Ал 2020 жылы жалпы сату рентабельділігі 15,4; EBIT бойынша сату рентабельділігі 11,4; таза сату рентабельділігі 9,4 коэфицентін көрсеткен. Сонымен қатар бұл бөлімде компанияның активтері мен меншікті капиталының рентабельділік коэфиценттері есептелінді.
Активтердің рентабельділігі 93 пайызды, ал меншікті капитал рентабельділігі 212 пайызды көрсеткен. Яғни бұл 2020 жылы компанияның қызметінен түскен таза пайда компанияның меншікті капиталынан 112 пайызға, 2 есеге жоғары болғанын көрсетеді. Бұлай болуының себебі, компания 2 жыл ішінде активтер мен кірістерін арттырса да, капитал көлемінің аз болуы, яғни капитал құрылымын әлі қалыптастырып үлгермеуі. Осылайша жоғарыда келтірілген ақпараттарды негізге ала отырып, компанияға дебиторлық және салықтық берешектер көлемін біршама төмендетіп, меншікті капитал құрылымын ұлғайту қажеттігін тұжырымдап, 2.2-ші бөлімді қорытындылаймын.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ
Достарыңызбен бөлісу: |