Баөж жұмысы алматы, 2021



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#157169
  1   2
Байланысты:
БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)





БАӨЖ ЖҰМЫСЫ


Алматы, 2021













МАЗМҰНЫ









КІРІСПЕ

1-2






1. Компания туралы қысқаша мәлімет


2. «Contador.kz» ЖШС-нің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың қаржылық көрсеткіштерін талдау

2-3




2.1. «Contador.kz» ЖШС-нің іс-жүзіндегі қаржылық ресурстарының құрылымын талдау. Активтер мен пассивтердің қалыптасуы және арақатынасы







2.2. Компания капиталының құрылымы.
«Contador.kz» ЖШС-нің қаржылық ресурстарының компания табысында атқаратын рөлі және рентабельділігі







    1. «Contador.kz» ЖШС-нің қаржылық ресурстары негізінде банкроттық ықтималдылықты болжау










ҚОРЫТЫНДЫ









ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ





..........




Мазмұны



  1. Компанияның қысқаша сипаттамасы;

  2. Компанияның кірісі мен пайдасы :негізгі түрлері, құрылымдық талдау, қалыптасу ерекшеліктері;

  3. Кәсіпорынның өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге және өткізуге арналған шығындарын жоспарлау және талдау. Өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) өзіндік құны;

  4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның ерекшелігін ескере отырып сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі;

  5. Компанияның құнын анықтайтын факторлар;

  6. Компания капиталының құрылымы. Компанияның таза активтерінің құны. Компанияның инвестициялық әлеуеті;

  7. Компанияның қаржылық есептілігінің түрлері, оларды қалыптастыру тәртібі;

  8. Қаржылық тәуекелдерді және компанияның дамуындағы белгісіздікті талдау;








  1. «Contador.kz» ЖШС-нің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдаланудың қаржылық көрсеткіштерін талдау



2.1 «Contador.kz» ЖШС-нің іс-жүзіндегі қаржылық ресурстарының құрылымын талдау. Активтер мен пассивтердің қалыптасуы және арақатынасы

Компанияның нарықтағы жұмысы жайлы қысқаша түсінік:


“Contador.kz” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылы 27 тамыздан бері жұмыс істеп келе жатқан, аутсорсинг нарығындағы жас компаниялардың бірі болып табылады.
Компания өз қызметін тек Қазақстанда, Нұр-Сұлтан қаласында ғана жүргізеді. Компания contador-kz.com атты веб-сайтында барлық сұрақтар бойынша, заңды және жеке тұлғаларға кеңес береді, және бірнеше аутсорсингтік қызмет өнімдерін ұсынады.
Аутсорсингтік қызмет ретінде компания өз клиенттеріне бухгалтерлік, салықтық, аудиторлық, сақтандыру және сонымен қатар заң жүзіндегі қызметтерді ұсынады.
Компания өте табысты және қазіргі таңда Қазақстанда аутсорсингтік бизнесті кеңейтуді, сонымен қатар еліміз бойынша аудиторлық компаниялардың алғашқы үштігіне кіруді жоспарлап отыр.
Компанияның қаржылық ресурстарын талдау мақсатында 2019-2020 жылдар аралығындағы бухгалтерлік балансы қарастырылды. Бухгалтерлік баланстан компанияның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін көре аламыз. Ең біріншіден активтер бөліміндегі қаржылық көрсеткіштерін қарастыру үшін, төмендегі кестеге мән берейік:

Кесте 3 – “Contador.kz” ЖШС қаржылық ресурстарының құрылымы мен қалыптасу көздері





Көрсеткіш

Көрсеткіштің мәні

Кезеңдегі өзгеріс

мың теңге

Баланс валютасына % -бен

Мың тг.
(бағ.3-бағ.2)

± %
((бағ.3-бағ.2) / бағ.2)

2019 ж

2020 ж

Алдыңғы кезең
(31.12.2019)

Соңғы кезең
(31.12.2020)

1

2

3

4

5

6

7

Активтер

1. Айналымнан тыс активтер

688

1 067

13,3

12,2

+379

+55,1

Соның ішінде: Негізгі құралдар

268

478

5,2

5,5

+210

+78,4

Материалдық емес активтер

420

589

8,1

6,7

+169

+40,2

2. Айналым активтері

4 467

7 676

86,7

87,8

+3 209

+71,8

Соның ішінде:
Дебиторлық берешектер

857

1 758

16,6

20,1

+901

+105,1

Ақша қаражаттары және оның баламалары

1 874

2 443

36,4

27,9

+569

+30,4

Пассивтер

1. Меншікті капитал

2 155

4 751

41,8

54,3

+2 596

+120,5

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер













3. Қысқа мерзімді міндеттемелер

3 000

3 992

58,2

45,7

+992

+33,1

Баланс валютасы

5 155

8 743

100

100

+3 588

+69,6

Ескерту: дереккөз [19]

Кесте 3 те көрсетілгендей, “Contador.kz” ЖШС қаржылық ресурстары актив және пассив бөліміне бөле отырып, жеке-жеке көрсетілген. Яғни компанияның қаржылық ресурстары актив және пассив көздерінен қалыптасады.


Активтер бөлімі екіге бөлінеді; Айналым активтері және айналымнан тыс активтер. Бұлай бөліну себебі оның қысқа және ұзақмерзімді болуында. Яғни айналым активтері кестеде көрсетілген ақша қаражаттары және баламалары мен дебиторлық берешектер компанияға бір жыл мерзімінде табыс әкелуші ресурстар, қысқа мерзімді активтер болып табылады. Ал айналымнан тыс активтер негізгі құралдар мен материалды емес активтер компанияға бір жылдан аса көп мерзім аралығында табыс алып келетін ұзақ мерзімді активтер қатарына жатады.
Расымен компанияның негізгі құралдарына кіретін құрал-жабдықтар, компьютерлер, үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ материалдық емес активтер ретінде қарастырылатын ұйымның сатып алған лицензиялары, ноу-хау т.б компанияға болашақта ұзақ мерзім аралығында пайда әкеледі.
Кесте 3 тегі деректер бойынша компания активтерінің құрылымы 31.12.2020 жыл жағдайы бойынша мынадай арақатынаспен сипатталады:
Айналымнан тыс активтер 12,2% -ды құраса, айналым активтері 87,8% -ды құрайды. Активтер ағымдағы кезеңде 3 588 мың теңге ге, яғни 69,6% - ға ұлғайған. Ал компанияның пассивтер бөлімін талдайтын болсақ, ол компаниядағы міндеттемелер мен капитал баптарын кіріктіреді.
Қарап отырғанымыздай 2019-2020 жылдар аралығында компанияда ұзақ мерзімді міндеттемелер болмаған, ал қысқамерзімді міндеттемелер сомасы 2019 жылы 3 млн тг ні құраса, 2020 жылы 992 мың тг ге артып, 3 992 мың тг ні құраған. Міндеттемелер компанияның 12 айлық мерзіміндегі басқа ұйымдар мен мемлекет алдындағы қарыздарын кіріктіреді.
Келесі пассив бабы капитал болып табылады. Осы орайда, компанияның меншікті капиталының да артқанын атап өткен жөн, өсім +120,5%-ды көрсеткен.
Меншікті капиталға компанияның капитал бөліміндегі жарғылық капиталдан басқа баптарының барлығын, яғни қосымша капитал, резервтер және бөлінбеген пайда немесе залал баптарын кіріктіреді.
Жоғарыдағы кестеден, компания активтерінің жалпы өзгеруіне қатысты меншікті капиталдың да артуы оң көрсеткіш болғанын байқаймыз. Ұйым активтерінің негізгі топтарының арақатынасы төмендегі диаграммада көрсетілген:

Сурет 2 - “Contador.kz” ЖШС 2020 жылғы активтерінің құрылымы


Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған



  • Ұйымның активтерінің артуы, ең алдымен, бухгалтерлік баланс бойынша активтердің төмендегідей позицияларының өсуімен байланысты (жақшада барлық оң өзгерген баптардың жалпы сомасындағы баптың өзгеру үлесі көрсетілген):

  • басқа айналымдағы активтері -1 739 мың тг – (+48,5%)

  • дебиторлық берешек - 901 мың тг (+25,1%)

  • ақша қаражаты және ақша баламалары - 569 мың тг (+15,9%)

  • негізгі құралдар-210 мың тг (+5,9%)

  • Ал Пассив баптарының артуы, төмендегі позициялармен байланысты:

  • бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын) - 2 401 мың тг (+65,4%)

  • болашақ кезеңдердің кірістері - 819 мың тг (+22,3%)

  • кредиторлық берешек - 257 мың тг (+7%)

  • резервтік капитал - 195 мың тг (+5,3%)

  • Ұйым активтерінің жекелеген баптары мен қалыптасу көздерін, яғни құрылымын ары қарай талдау үшін, төмендегі кестеге назар аударайық.

Кесте 4 – «Сontador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша активтері





Көрсеткіштер

31.12.2019ж(мың тг)

31.09.2020ж (мың тг)

Өзгеріс +/-

Ақша қаражаттары және оның баламалары

1874

2 153

279

Қысқамерзімді дебиторлық берешек

857

1 758

901

Басқа да қысқамерзімді активтер

1 310

3 475

2 165

Негізгі құралдар

268

478

210

Материалдық емес активтер

589

420

-169

Барлығы

4 898

8 284

3 386

Ескерту: дереккөз [19]

Кесте 4 те «Сontador.kz» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2019-2020 жылдар аралығындағы активтерінің баптары көрсетілген. Компания 2019 жылы тамыз айыз айында құрылғанын еске сала кеткен жөн.
Компания алғаш құрылғанда директордың 800 000 тг көлемінде алғашқы жарғылық салымымен жұмысын бастаған болатын. 4 ай ішінде компанияның ақшалай қаражаттары көрсеткіші (касса мен банктік шоттардағы қаражаттар) барлығы 1 874 000 тг ні құраса, келесі жылы 2020 жылдың қыркүйек айына бұл көрсеткіш 279 000 тг ге дейін өскен. Яғни ақшалай қаражаттар компания бойынша 2020 жылдың қыркүйек айында 2 153 000 тг ні құраған.
Қысқа мерзімді дебиторлық берешектерге келетін болсақ, 2019 жылы 4 ай ішінде 857 000 тг ні құраған.
Қысқамерзімді дебиторлық берешек – бұл компания қызметіне тапсырыс берушілердің компания алдындағы қысқамерзімді берешектері. Яғни бұл компанияның бастапқыда консалтингтік қызметті клиенттерге алдын ала төлемсіз көрсеткенін білдіреді.
Алайда 2020 жылы қыркүйек айында берешектер көлемі 901 мың тг ге өсіп, 1 758 мың тг ні көрсеткен. Яғни компанияның консалтингтік қызметіне тапсырыс берушілер қарыздары өте жоғары. Бұл 2020 жылы наурыз айында басталған пандемия әсерінен қызметке тапсырыс беруші компаниялардың табысының төмендеп, төлемқабілеттілігінің нашарлауымен түсіндіріледі. Алайда бұл кезеңде “Contador.kz” ЖШС компаниясының жұмысы тоқтамаған, себебі тапсырыс беруші компаниялардың жарты жылдық есептері, бухгалтерлік реттеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары және онымен қоса кейбір компаниялардың инвентаризациялық жұмыстары болған. Осылайша компания тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігі төмендесе де, қызметін тоқтатпаған.
Активтер баптарындағы өзгерістерді одан әрі нақтырақ сипаттау үшін төмендегідей график жасалынды.



Сурет 3 - «Сontador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша активтері


Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған

Сурет-3 де көрсетілген графиктен байқағанымыздай 2019-2020 жылдар аралығында активтер баптарының өсу тенденциясын байқаймыз.


Кесте-4 бойынша жоғарыда ақша қаражаттары мен қысқамерзімді дебиторлық берешек көрсеткіштерінің 2020 жылға қарай жоғарылау себептері айтылған болатын. Дәл сол сияқты, келесі актив баптары да жоғарылаған.
Басқада қысқа мерзімді активтерге – қысқамерзімді төленген аванстар (краткасрочные авансы выданные 1710) және алдағы кезеңдерге шығыстар (расходы будущих периодов 1720) кіреді. Яғни бұлар компания жағдайында компанияның ағымдағы және алдағы уақыттарға сатып алған активтері. (Мысалы онлайн кассаға, спутниктік қызмет көрсетуге, арнайы компанияға қажет сайттарға megaplan.kz, uchet.kz. жылдық интернет-қолжетімділіктер, заң қызметтеріне т.б төленген төлемдер мен әкелінген активтер.
Негізгі құралдар 2019 жылы 268 мың тг ні құраса, 2020 жылы қыркүйек айына 478 мың тг ні құраған.
Негізгі құралдарға қысқаша түсініктеме беретін болсақ, өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Оларға – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар, есептеуіш құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар және тағы басқа құралдар жатады.
Ескерте кететін жайт, компания сатып алынатын негізгі құралдар мен көпшілігін еншілес компания балансында көрсетеді.
Материалдық емес активтерге келетін болсақ, 2019 жылы 589 мың тг ні құраса, 2020 жылдың қыркүйек айында 420 мың тг ні құраған екен.
Материалдық емес активтертерге қысқаша түсініктеме бере кететін болсақ — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б.

Кесте 5 –«Contador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша міндеттемелері





Mіндеттемелер

31.12.2019ж (мың тг)

31.09.2020ж (мың тг)

Өзгеріс +/-

Салықтық міндеттемелер

19

421

402

Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

19

466

447

Қысқамерзімді кредиторлық берешектер

2840

3 097

257

Басқа да қысқамерзімді міндеттемелер

122

76

-46

Ескерту: дереккөз [19]

Кесте-5 те «Contador.kz» ЖШС нің 2019-2020 жылдар аралығындағы міндеттемелер көрсеткіштері көрсетілген.


Кестенің бірінші қатарында салықтық міндеттемелер көрсетілген, ол 2019 жылдың соңына қарай 19 мың теңгені құраса, 2020 жылдың қыркүйек айында 421 мың тг ні құраған. Яғни бұл компанияның мемлекеттік бюджетке міндетті салықтар бойынша берешектері. Бұл қатарда компанияның жеке табыс салығы (3120) және әлеуметтік салықтар (3150) бойынша мемлекет алдындағы берешектері көрсетілген.
Екінші қатарда басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша 2019 жылы 19 мың тг болса, 2020 жылы қыркүйек айына 466 мың тг ні құраған. Бұл қатарда компанияның әлеуметтік аударымдар (3211), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар (3213) және міндетті зейнетақы жарналарына төлемдер (3220) бойынша мемлекет алдындағы берешектері көрсетілген.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер 2019 жылы 1 740 мың тг-ні құраса, 2020 жылдың қыркүйек айына 1 357 мың тг ге жоғарылап, 3 097 мың тг ні көрсеткен.
Басқа да қысқамерзімді міндеттемелер бойынша көрсеткіштер 2019 жылы 122 мың тг сомасын құраса, 2020 жылдың қыркүйек айына 46 мың тг ге төмендеп, 76 мың тг сомасын көрсеткен.
Компания міндеттемелері бойынша 2019-2020 жылдар аралығындағы өзгерістер, өсу төмендеу тенденциясы келесі суреттегі графикте көрсетілген.



Сурет 4 - «Contador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша міндеттемелері


Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған

Сурет 4 тен байқағанымыздай, 2019-2020 жылдар аралығында компания бойынша активтер көрсеткіштері жоғарылғандай, компанияның мемлекет және өзге ұйымдар алдындағы міндеттемелері де жоғарылаған.


2019-2020 жылдар аралығында екі жыл қатарынан міндеттемелердің үлкен үлесін компанияның қысқамерзімді кредиторлық берешектері құрайды. Оның көлемі 2019 жылы 2 840 мың тг болса, 2020 жылы 3 097 теңгені құраған. Ал болашақкезең кірістері тек 2020 жылы болған, және 819 мың теңгені көрсеткен.
Компанияның салықтық міндеттемелері 2019 жылы 19 мың теңгені құраса, 2020 жылы 421 мың теңге болған. Ал басқа да ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер 2020 жылы 466 мың теңгені құраған.

Кесте 6 – «Сontador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша капиталы





Капитал

31.12.2019ж (мың тг)

31.09.2020ж (мың тг)

Өзгеріс +/-

Жарғылық капитал

800

800

0

Қосымша капитал

1250

1250




Резервтер

105

300




Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

-

2401

2401

Ескерту: дереккөз [19]

Кесте 6 да «Сontador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша капиталының құрамы көрсетілген.


Компания 2019 жылы тамыз айында директордың 800 мың тг көлемінде жарғылық салымымен жұмысын бастаған болатын. Байқағанымыздай 2019 жылы айтып кеткендей жарғылық капитал 800 мың тг ні құраса, келесі жылы да сол көрсеткіште тұр. Бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиянға келетін болсақ, 2019 жылдың соңында 3000 тг жабылмаған зиян көрсеткіші болып табылады. 2020 жылы бөлінбеген пайда көрсеткіші 2514 мың тг ні құраған.

Кесте 7 – «Сontador.kz» ЖШС меншікті капиталының (таза активтерінің) жарғылық капиталға қатынасы





Көрсеткіш

Көрсеткіштердің мәні

Өзгеріс

Мың тг

Баланс валютасына % бен

Мың тг
(бағ.3-бағ.2)

± %
(бағ.3-бағ.2) / бағ.2)

2019

2020

Кезең басында
(31.12.2019)

Кезең соңында
(31.12.2020)

1. Таза активтер (меншікті капитал)

2 155

4 751

41,8

54,3

+2 596

+120,5

2. Жарғылық капитал

800

800

15,5

9,2





3. Таза активтердің жарғылық капиталдан асқан сомасы (қат.1-қат.2)

1 355

3 951

26,3

45,2

+2 596

+191,6

Ескерту: дереккөз [19]

Кесте 7 де көрсетілгендей, таза активтер құрамы, яғни компанияның меншікті қаражаты алдыңғы жылмен салыстырғанда пайызбен +120,5%, абсолютті деңгеймен +2 596 мың тг ге жоғарылаған.


Ал жарғылық капитал көрсеткіші екі жылда да өзгеріссіз, 2019 жылдың бухгалтерлік балансы бойынша баланс валютасына 15,5 пайыздық қатынаста болса, 2020 жылы баланс валютасының 9,2 пайызын құраған. Бұл 2020 жылы пассивтер бойынша баланс валютасының жоғарылауымен түсіндіріледі. Таза активтердің жарғылық капиталдан асқан сомасы 2019 жылы 1 355 мың тг болса, 2020 жылы 3 951 мың тг ні құрайды.



Сурет 5 - «Contador.kz» ЖШС 2019-2020 жылдар бойынша капиталының құрылымы


Ескерту: дереккөз [19] негізінде автормен құрастырылған

Сурет 5 те көрсетілгендей, компанияның меншікті капиталы яғни таза активтері, екі жыл қатарынан жарғылық капитал деңгейінен жоғары болған.


2019 жылы жарғылық капитал 800 000 тг болса, меншікті капитал 2 155 000 тг ні құраған, яғни компанияның меншікті қаражаты, таза активтері бастапқы салымнан 2,6 есеге жоғары.
Бұл қаражаттар құрамына компанияның қосымша капиталы, резервтері және бөлінбеген пайдасы құрамындағы қаражаттар кіреді.
Ал 2020 жылы жарғылық капитал көрсеткіші тұрақты өзгеріссіз 800 000 тг ні құраса, компанияның таза активтері, яғни меншікті капиталы 5,9 есеге жоғарылап, 4 751 000 тг ні құраған. Бұл компанияның таза активтеріне байланысты нормативтік талаптарды толығымен қанағаттандыратын қаржылық жағдайдың оң көрсеткіші болып табылады.

Кесте 8 - Өтімділік дәрежесі бойынша активтер мен өтеу мерзімі бойынша міндеттемелер арақатынасы көрсеткіштері





Өтімділік дәрежесі бойынша активтер

2020 ж, мың тг

Өсім, %

Нормалар салыстыру

Өтеу мерзімі бойынша пассивтер

2020 ж, мың тг

Талдау үшін өсу.
кезең, %

Артығы/
Жетіспеуші
лігі
мың тг, (бағ.2 - бағ.6)

1

2

3

4

5

6

7

8

А1.
Жоғары өтімді активтер (ақша қар. + қысқа мерзімді қаржы. салымдар)

2 443

+30,4



П1. Жедел міндеттемелер (тартылған қаражат) (ағымдағы кредиторлық берешек)

3 097

+9

-654

А2. Тез іске асырылатын активтер (қысқа мерзімді деб.берешек)

1 758

+105,1



П2. Орта мерзімді міндеттемелер (қысқа мерзімді міндеттемелер ағымдағы кредиторлық берешекті қоспағанда)

895

+5,6 есе

+863

А3. Баяу сатылатын активтер (өзге де қорғаныс активтері)

3 475

+100,2



П3. Ұзақмерзімді міндеттемелер

0



+3 475

А4. Іске асырылуы қиын активтер (айналымнан тыс активтер)

1 067

+55,1



П4. Тұрақты міндеттемелер (меншікті капитал)

4 751

+120,5

-3 684

Ескерту: дереккөз [19]

Өтімділік дәрежесі бойынша активтер мен өтеу мерзімі бойынша міндеттемелер арақатынасын сипаттайтын төрт арақатынастың ішінен біреуінен басқасының бәрі орындалады. Компанияның жедел міндеттемелерін өтеу үшін, сәйкесінше ақша қаражаты мен қысқа мерзімді қаржы салымдары (жоғары өтімді активтер) жеткіліксіз болып отыр (айырма 654 мың тг ні құрайды).
Өтімділік дәрежесі бойынша активтердің оңтайлы құрылымының қағидаттарына сәйкес қысқа мерзімді дебиторлық берешек орта мерзімді міндеттемелерді (П2) жабу үшін жеткілікті болуы тиіс. Бұл жағдайда қысқа мерзімді дебиторлық берешек компанияның міндеттемелерін толығымен жаба алады.
Бөлімді қорытындылайтын болсақ, компанияның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері А.Д. Шеремет, Р.С. Сайфулиннің еңбектерінде [19] айтылғандай ең біріншіден пассив баптарының қалыптасуы нәтижесінде компанияның активтері түзіледі екен. Осы қағиданы негізге ала отырып, “Contador.kz” ЖШС қаржылық ресурстарының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттайтын болсақ.
Компанияның алғашқы қаржылық ресурстары 2019 жылы тамыз айында құрылған сәттен бастап, пассив бөлімінің жарғылық капитал 800 000 тг көлемінде қалыптасты. Осылайша 2019 жылы компанияның қаржылық ресурстары ары қарай пассив баптарындағы 1 250 мың тг көлеміндегі қосымша капитал, 105 мың тг көлеміндегі резервтердің пайда болуымен қалыптаса бастады. Ары қарай компанияның басқа ұйымдар мен мемлекет алдындағы міндеттемелері пайда болып, 3 млн тг көлеміндегі қысқа мерзімді міндеттемелері қалыптасты. Осылайша 2019 жылы 4 ай ішінде 2 155 мың тг капиталмен және 3 млн тг көлеміндегі қысқа мерзімді міндеттемелермен компанияның пассив бөліміндегі қаржылық ресурстар қалыптасты. Сәйкесінше, пассивтердің түзілуі нәтижесінде, 5 155 мың тг көлеміндегі активтер бөлімі қалыптасты.
Активтер баптары келесідей қаржы ресурстарын кіріктірген болатын. Қысқа мерзімді активтер болып табылатын - ақша қаражаттарын. Қысқамерзімді дебиторлық берешек және басқа да қысқамерзімді дебиторлық берешектерді, және сонымен қатар ұзақ мерзімді активтерге кіретін – негізгі құралдар мен материалдық активтер көрсеткіштерін.
Қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты, аталған компанияда 2019-2020 жылдары сыртқы көздер есебінен қаржылық ресурстардың қалыптасу процесі болған жоқ. Тек меншікті қаражат және жарғылық капитал негізінде қалыптасу процесі жүрді. 2020 жылы капиталда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ, тек резервтер 300 мың тг ге дейін ұлғайып, ал бөлінбеген пайда 2 504 мың тг көлемінде қалыптасып, компания капиталы барлығы 4 751 мың тг ні құрады. Бұл компанияның меншікті қаражатын 120,5 пайызға дейін жоғарылатты. Және 2020 жылы компанияның қысқамерзімді міндеттемелері 3 992 мың тг ні құрап, 8 743 мың тг көрсеткішімен пассивтер бөлімі қалыптасты.
Сәйкесінше активтер бөлімі де өткен жылға қарғанда +69,6%-ға артып, 8 743 мың тг мөлшерімен қалыптасқан болатын. Осылайша бірінші бөлімде 2019-2020 жылдар аралығындағы компанияның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері, активтер мен пассивтер бөлімдері арқылы талданды. Қаржылық ресурстардың құрылымы, қалыптасу көздерімен қатар, олардың бір-бірімен өтімділік дәрежесі бойынша арақатынастары кесте 8 арқылы есептелініп, талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесінде, 4 деңгейлі арақатынастың 3 еуі оң көрсеткішті көрсетіп, 1 еуі теріс мәнге ие болды. Бұл компания активтерінің төрттен үш бөлігі компания міндеттемелерінің төрттен үш бөлігін жаба алатынын білдіреді. Тек жоғары өтімді активиер, яғни ағымдағы ақша қаражаттары компанияның қысқа мерзімді кредиторлық берешектерін жабуға жеткіліксіз болатынын көрсетті. Алайда бұл компания үшін мәселе болып табылмайды, себебі компания өзінің ақша қаражаттарының көп бөлігін еншілес шағын ұйымдарының банктік шоттарында айналыста жүргізіп отырады. Бұл әрине компанияның бухгалтерлік балансында көрсетілмейді, және компания еншілес шағын ұйымдарды салықтық ауыртпалықтарды заңды түрде жеңілдету мақсатында қолданады. Осылайша, “Contador.kz” ЖШС бухгалтерлік балансы негізінде 2019 жылы актив-пассив баптарының 5 155 мың тг көлемімен, және 2020 жылы актив –пассив баптарының, яғни баланс валютасының 8 743 мың тг көлемімен, сыртқы қаражат тарту көздерінсіз қаржылық ресурстары қалыптасты; - деп, бірінші бөлімді қорытындылаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет