Баөж тақырыбы: «ҚР-сы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде» Орындаған: Мусаева Аружан Тобы: эф – 20 – 7К2 Қабылдаған: Шалдарбекова М. Б. Шымкент 2020 ж. Жоспар


Шарттың жіктелуі және оның түрлері



бет2/2
Дата04.03.2022
өлшемі24,14 Kb.
#134314
1   2
Шарттың жіктелуі және оның түрлері.

Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

  • шартты жасау еркіндігі;

  • шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

  • жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

  • тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

  • тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) және консенсуалды болып екіге бөлінеді.
Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі—мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды есептеледі. (Мысалы, несие шарты.)
Жеткізіп беру шарты — бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап одан шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді жене т.б. талап етуге қуқылы.
Несие шарты— бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.
Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қаруға болады. Ақылы шарттың өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі. Оған біреуге бір нәрсені сыйға беруді, т.б. жатқызуға болады. Шарттарды сонымен қатар, бір жақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақта да бірдей.
Мәселен, сатып алу — сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап — сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады. Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ. Жария шартының талаптары барлық, тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.
Сенімхат — бір тулғаның (сенім білдіруші) екінші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі.
Сенімхаттың мынадай түрлері болады: негізгі, арнайы және бір мезгілді. Шекті мерзімі — 3 жыл. Егер сенімхатта жарамды мерзімі көрсетілмесе, онда ол берілген күннен бастап 1 жыл бойына жарамды болып есептеледі, ал егер сенміхатта берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.
Сонымен, мәміле дегеніміз — тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Екі жақты немесе көп жақты жасалған мәміле шарт деп аталады.
Шарттың барлық тараптары шартты жасауға немесе жасамауға шарттың мән-жайларын анықтауға ерікті. Бұл шарт жасау еркіндігі деп аталады

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Уикипедия» ашық энциклопедиясы. (Яндекс)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет