Беткі эрозия механизмі жаңбыр суы тарамдарын бұзу және жаңбыр мен қар суларының беткі ағымдық күшіне байланысты. Жаңбыр су тамшылары топырақ бетін тұрақты ұрып тұратындықтан, оның агрегаттары бұзылады да, түйіртпектер ыдырап, майда түйірлер мөлшері артады. Олар топырақ саңылауларына лай түрінде бітеліп, оның су өткізу қабілетін төмендетеді. Сондықтан жаңбыр сулары топыраққа сіңбей құрлық бетімен ағып кетеді.
Ылдиға бағытталған су ағымының кинетикалық қуаты оның массасы мен шапшаңдығына тепе-тең. Аталған қуаттың біраз бөлігі топырақты шаюға, агрегаттарды бөлшектеуге және тасымалдауға жұмсалады.
Тік эрозия деп, ылдиға қарай пәрменді аққан судың топырақты орлап шаюын айтады. Тік эрозияның бірінші сатысында су шайған кішігірім (тереңдігі 20-35 см) су іздері мен шұңқырлар (0,3-1,5 м) пайда болады. Олар тұрақты дамыса, жыралар пайда болады. Жыралар аумағы құрлықта өскен жағдайда, топырақ жамылғысы түгелімен ауылшаруашылығына жарамсыз болып қалады. Тік эрозияның даму сатысын жыралардың белгілі территорияларда тараған аумағына немесе олардың шарша шақырым алаптағы жалпы ұзындығына қарай анықтайды. Соңғы көрсеткішке қарай тік эрозия мына даму сатыларына бөлінеді: әлсіз-0,2, орташа-0,25-0,50, жоғары-0,50-0,75 және өте жоғары эрозия-0,75 км/км2 .
Таулы облыстарда аталған су эрозиясы түрлерін басқа, ыстық жазда күшті лайлы су тасқыны сел жүріп тұрады. Сел өте қарқынды және жылдам қозғалғандықтан, жолындағы топырақ пен тау жыныстары үнемі бұзылып ағып кетеді. Сондықтан селдер өте қауіпті табиғи құбылыс болғандықтан, үлкен апатқа әкеп соғады.
Даму жылдамдығына байланысты эрозия қалыпты (геологиялық) және үдемелі түрлерге бөлінеді. Қалыпты эрозия деп,табиғи өсімдік жамылғысы бар топырақ бетінен ұқсас, түйірлерін бояу шайылып тұруын айтады. Шайылған заттар топыраққұралу процесімен толықтырылып тұрғандықтан, бұл эрозия түрінің зияндылығы шамалы.Үдемелі эрозия топырақ өсімдік жамылғысы жоқ топырақ бетінде немесе оны адам дұрыс пайдаланбаған жағдайға байланысты.
Заславский (1983) үдемелі эрозия қарқынын былай топтаған: Беткі эрозия: Шаң, лайлы шайылу-топырақтың жылдық шайылу мөлшері 0,5 т/га-дан кем/сек шайылу-0,5-1, орташа шайылу-1,0-1,5, күшті шайылу-5-10 т/га тең, ал өте күшті шайылу-10 т/га-дан артық. Тік эрозия: сәл қарқынды жыраның жыл бойы өсу мөлшері-0,5-орташа қарқынды -0,5, жоғары қарқынды -2-5 м-ге тең, ал аса жоғары қарқынды эрозия-5 м-ден артық.