Бар елде ғана қалана


Дебиторлық қарыздар аудиті



бет20/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Дебиторлық қарыздар аудиті

Есеп айырысу жағдайы дебиторлық қарыздардың болуымен сипатталады, ол кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақтылығына елеулі ықпал жасайды.


Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақтылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны иемдену, ұрлану жағдайларының бар жоқтығын анықтау қажет. Кассалық ордерлерді тексеруде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Дебиторлық берешектің функционалды аудитінің негізгі процедураларының үлгі бағдарламасы келесі кестеде ұсынылған.

Кесте-4 Дебиторлық берешектің функционалдық аудитінің бағдарламасы





Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалау тәсілдері мен критерийлері

1

2

1. Келісім-шарттың міндеттеме-лерін орындау мен дебиторлық берешектің шынайылығын тексеру

Жабдықтау-келісім-шарттар, шарттарды, жабдықтаушыларды, шот-фактураларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу жур-налдары

2. Дебиторлық берешек есебі, жабдқтауды және оларга төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау

Есеп, аудит және ішкі бақылау-стандарттары, нұсқаулықтар, бұйрықтар, үкімдер, бастапқы құжаттар, 1200бөлімінің шоттары

3. Мәліметтерді жинау мен деби-торлық берешек түрлері, көлем және мерзімдер бойынша жіктеу

Сатып алушылармен, есеп беретін адам-дармен, кәсіпорын қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу материалдары (түгендеу мен есептерді салыстыру, дебиторлардың қатынас хаттары және т.б.)

4.Дебиторлық берешектің жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру

Бас кітап, 10 журнал-ордер, «Күмәнді талаптар бойынша резервтер» аналитикалық есепті, «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» шоттары бойынша мәліметтерді кәсіпорын басшысының дебиторлық берешекті есептен шығаруға арналған бұйрығы

5. Дебиторлық берешектің жара-тылысы мен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау

6. Күмәнді талаптар бойынша ре-зервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрысты-ғын тексеру

7. Дебиторлық берешекті уақ-тылы өтеудің зандылығы мен _ шынайылығын талдау
*

журнал-ордерлер, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі тізімдеме 1210 шоттары бойынша аналитикалық есеп мәліметтері

1

2

8. Сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, есеп айырысуды атқарудың, вексельмен төлегендегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру

Контрагенттермен шарттар, төлем тап-сырмалары, банк көшірмелері, анықта-малық-нормативтік ақпарат

9. Дебиторларға тілек-талапты ре-сімдеу мен ұсынудың уақтылығы мен дұрыстығын тексеру

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар, дебиторларға және т.б. тілек-талаптар

10. Баланс көрсеткіштерінің де-биторлық берешек есебі шоттары бойынша Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Баланс, Бас кітап, дебиторлық қарыздар бөлімінің шоттары бойынша

11. Дебиторлық берешектің син-тетикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Жоғарыда көрсетілген шоттар жөніндегі Бас кітап, журнал-ордерлер, берілген аванс, контрагенттермен есеп айырысу есебі бойынша тізімдемелер

12. Еншілес және басқадай тәуелді серіктестіктермен есептесу жөніндегі операцияларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру

журнал-ордерлер, Бас кітаптың 1210-1290 шоттары бойынша аналитикалық есеп мәліметтері

13. Басқадай дебиторлық берешекті тексеру

журнал-ордерлер, Бас кітаптың 1250 шоттары бойынша мәліметтер, аванстық есептер, төлем-есеп айырысу тізімдемелері кем шығу, ұрлау туралы тілек-талап материалдары және т.б.

14. Ішкі шаруашылық бакылаудың тиімділігі мен дебиторлық берешектің айналымдылығын талдау

15. Есептесулерді реттеу мен дебиторлық берешекті азайту жө-ніндегі ұсыныстар жасау, резерв-тердің, басқарудың жағдайын бағалау

Талдамалы есептесулер және олардан шығатын тұжырымдар мен аудитордың дебиторлық берешекті басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

Дебиторлық және кредиторлық берешекте, әсіресе, көбіне теріс пайдаланулар жасалады. Дебиторлық борышты көбінесе, кәсіпорын еңбеккерінің берешегін жедел өндіріп алу теріс пайдалануға кедергі келтіретін маңызды шара болып табылады. Ордерлерді дұрыс тіркеу мен түбіртекті тікелей кассаға беру, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлер қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және теріс пайдалануды болдырмайды. Ақшаны сіңіріп кетумен күресу ең алдымен барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асуын талап етеді.


Кәсіпорындар арасындағы есептесулер әдетте қолма-қол ақшасыз аударым тәртібімен банктер арқылы жасалады. Банктер арқылы жасалатын есептік және кредиттік операциялар арнайы ережелермен реттеледі. Алайда есеп айырысудың іс жүзіндегі жүйесі кәсіпорынның (банктің қатысуымен және қатысуынсыз) теріс пайдалануды жасау мүмкіндігін толықтай болдырмайды. Оларды негізінен басшылар, бухгалтерия мен кәсіпорынның қаржы қызметкерлері жасайды. Заңсыз іс-әрекеттер банк шотынан көшірмені өңдеуде жалған жазумен және бұл операцияларды есептік регистрге жазу сипатында болады.
Тексеру мен соттық-бухгалтерлік сараптау материалдары бойынша мұндай теріс пайдалануларды тексеру оларды мынадай белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.
1. Банктен алынған қолма-қол ақшаны иемдену (сіңіріп кету).
2. Түскен ақшаны жасыру мен иемдену үшін ағымдағы шот бойынша операцияларды есепте толық көрсетпеу.
3. Есеп регистрлерінде жиынтықты дұрыс есептемеу.
4. Анық емес мәтіндегі шоттар негізінде жабдықтаушыларға ақша аудару.
5. Жасанды заңды мен жеке тұлгаларға ақша аудару және т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет