ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Дебиторлық қарыздар:түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
1.2
Кредиторлық қарыздар: түсінігі мен түрлері
2
«ШЫМКЕНТ ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
Дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
2.2
Кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру
3.
«ШЫМКЕН ҚҰС» ЖШС ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНУ
3.1
Дебиторлық қарыздар айналымын талдау
3.2
Кредиторлық қарыздар айналымын талдау
3.3.
Бизнес жоспар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығының дамуына үлкен көңіл бөлініп, елімізде оның дамуына жағдай жасалынып, жыл сайын елбасымыздың Жолдауында назардан тыс қалып отырған жоқ. Осы ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан құралады. оның бірі мал шаруашылығы болса, екіншісі өсімдік шаруашылығы.
Аталған мал шаруашылығындағы оңтүстікте жақсы жолға қойылған сала бұл құс шаруашылығы. Оңтүстікті ғана емес, республикамыздың көптеген аймақтарын құс етімен, жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырған бұл саланың қызметін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Шикізаттық емес секторды дамыту аса маңызды екені алға міндет болып қойылып отырған жағдайда бұл кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде оның есебі мен аудитін дұрыс ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Кәсіпорын балансындағы негізгі баптары дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздар есебін дұрыс жүргізіп, қажетті көрсеткіштерге қажетті талдау жасап, оның нәтижелерін кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін пайдалану үлкен маңызға ие. Дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздар есебін дұрыс ұйымдастыру арқылы біз қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштерге талдау жасап, кемшіліктер мен олқылықтардың алдын алу мүмкіндігіне ие бола аламыз. Осы аталған жағдайлар тақырыптың өзектілігін анықтап отыр