Семинар Модуль Банктерде есепке алу-операциялық жұмысты және құжат айналымын ұйымдастыру Тақырып



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі18,42 Kb.
#109335
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
ббе 2


Семинар 2.

Модуль 1. Банктерде есепке алу-операциялық жұмысты және құжат айналымын ұйымдастыру

Тақырып Банктерде есепке алу-операциялық жұмысын ұйымдастыру

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

2. Банктің есептік-операциялық аппаратын құру

3. Жұмыс түбін және құжат айналымын ұйымдастыру.




  1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылардың келісімі бойынша енгізіледі, бұл құжатқа қол қойылған тұлғалардың қолдарымен, түзетулерді енгізу күнін көрсетіле отырып расталады. Ұйымның бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру схемасына сәйкес Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша былайша жүзеге асырылады:

      1) ұйым жүргізген барлық операциялардың егжей-тегжейлі бухгалтерлік есебі тек бастапқы құжаттар негізінде талдамалық есеп шоттарында ғана көрсетіледі;

      2) есепке қабылдаған бастапқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталып, жүйеге келтіріледі;

      3) талдамалық есеп деректері синтетикалық есепке алу шоттары бойынша топтастырылады;

      4) синтетикалық есепке алу деректері бас кітапта немесе деректер базасында көрсетіледі;

      5) бас кітаптың немесе деректер базасының ақпараты негізінде қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік қалыптастырылады.

Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру құжат айналымын нақты қалыптастыру, барлық операциялар мен оқиғаларды дұрыс, уақтылы және дәйекті көрсету және уақтылы және сапалы бақылау арқылы жүзеге асырылады. Өзге ұйымдардың (ұйымдарға) активтерін және (немесе) міндеттемелерін бастапқы құжаттар негізінде қабылдау (өткізу) кезінде деректерді бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесіне импорттау жүргізіледі.

Әрбір кассалық операция, оның ішінде кассаны толтыру, ұйымның кассалары арасында ақшаның ауыстырылуы кіріс немесе шығыс касса кітабында тіркеледі. Кіріс немесе шығыс касса кітаптары қағаз тасымалдағышта, сол сияқты электрондық түрде жүргізіледі.

Қолма-қол ақшамен есептеуді жүзеге асыру үшін ұйым әр касса үшін жеке касса кітабын жүргізеді. Кассалық кітаптар нөмірленеді және тігіледі. Касса кітабындағы парақтар саны ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет