Маңыздылық (елеулілік). Ақпарат маңызды болып есептеледі, егер оның қалдырылып кетуі немесе бұрмалануы қаржылық қорытынды есеп негізінде қабылданған ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсерін тигізе алатын болса. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда ақпараттардың қалдырылып кетуі немесе бұрмалануына қатыс-ты пікір қабылданатын баптар немесе кателердің шамасына байланысты болады. Демек, маңыздылық пайдалы болу үшін ақпаратта болуға тиісті негізгі сапалық сипат болудан бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді.
Салық аудиті –салық саясатының орындалуы, салық төлеу есептемесінің толықтығы мен дұрыстығы жөніндегі аудиторлық тесеру.