Бар елде ғана қалана


Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар



бет32/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

3. Инвестициялау кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар.

Аудитор инвестициялар жөніндегі операциялар аудитінде әдетте қаржылық есептілікте бекітулерге қатысты аудиторлық процедураларды мынадай критерийлер бойынша жүргізеді: болуы, аяқталғандық, құнды аныктау, құқықтар мен міндеттер, ұсыныстар мен ашып көрсетулер.


Болуы мен аяқталғандығы туралы. Мұндай бағыттар бойынша аудиторлық тексеру ауызша сұраудан басталуы мүмкін. Сұрау барысында есепті кезенде қандай өзгерістер болғаны және құнды қағаздардың қайда сақталатыны анықталады. Егер олар ұйымда сақталса, оларды қарап, санау керек, яғни түгендеп жүргізген жөн. Егер құнды қағаздар, сенімді тұлғада (депозиторшіде, банкте және т.б.) болса, онда ол тұрғыдан жазбаша анықтама алу керек.
Құнды анықтау туралы. Инвестицияға шыққан шығындар құжатпен рәсімделіп, синтетикалық және аналитикалық есепте көрсетілуі тиіс. Аудитор инвестиция құнын бағалаудың қандай тәсілі іс-тәжірибеде қолданылатынын және ол кәсіпорынның есеп саясатында кесімді белгіленген нұсқаға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Жеке инвестицияның құны шарттар, жүк құжаттар және де меншіктілік кұқығын растайтын басқа құжаттар бойынша анықталады.
Құқықтар мен міндетемелер. Инвестицияларға меншіктілік құқы құнды қағаздарды сату-сатып алу, жайлы тиісті шарттар. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге салымдар, тапсыру-қабылдау актілері, бағалы қағаздар, құнды қағаздар сертификаттары, акционерлер тізілімінен көшірмелер (акциялар) «Депо» шоты бойынша көшірмелер (егер оның иесінде акция есебі құжатсыз түрде жүрсе немесе егер құнды қағаздар депозитарийге салынса), банк көшірмелері мен меншіктілік кұқы көшуін растайтын басқа құжаттарға тиісті төлем құжаттары бойынша тексеріледі.
Ұсыну мен ашып көрсету. Аудитор инвестицияның мөлшерін, бағытын, мақсатқа сәйкес талдап, сонымен оларды қажетті жағдайда ашып көрсетеді. Есепке алып, дұрыстығын зерттеуі керек. Егер ұзақ мерзімдік инвестициялар қаржылық есеп беру үшін елеулі болса, аудитор оларды бағалау мен ашып көрсетуге қатысты, тиісті, жеткілікті аудиторлық дәлелдер алуы керек. Ұзақ мерзімді инвестицияға қатысты орындалатын аудиторлық процедураларға әдетте субъектінің инвестицияны ұзақ мерзімдік негізде ұстауды жалғастыру қабілетіне қатысты дәлелді қарау, басшылықпен мүндай ниет жайын талқылау, сондай-ақ осы мәселе жөнінде жазбаша ұсыныстар алу кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет