Сабақ түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілдер:әңгіме, дәріс Сабақ барысы



Дата23.08.2017
өлшемі139,31 Kb.
#25738
түріСабақ
8 «Ә» сынып

Экономика білімінің негіздері

Тақырыбы: Құнды қағаздар. Нарықтық құнды қағаздар

Мақсаты:


Білімділік: өткен сабақта алған білімдерін пайдалана отырып, оқушылардың құнды қағаздар, нарықтық құнды қағаздар жайлы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер:әңгіме, дәріс

Сабақ барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару;

  2. Үй тапсырмасын тексеру: ЭССЕ «Мен болашақта банк иесі болсам...»

  3. Жаңа тақырыпты талқылау:

Қазақстан қаржы нарығы әлі де даму кезеңінде. Оның тиімді жұмыс жасауы және экономикадағы өзгерістердің нақты бейнесін көрсететін құралдарының бірі болып бағалы қағаздар нарығы және оның құрамдас бөлігі, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар, нарықтың инфрақұрылымы және мамандандырылған инвестициялық институттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капитал нарығы ағыл. Capital market) — құрамына бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және т. б. жататын қаржы құралдарын сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының құрамдас бөлігі.

Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қаржы нарығының ең маңызды сегменті бола тұра, —  эмитенттерге инвесторлардың ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндік беретін, ал инвесторларға ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу арқылы көбейту механизмі болып табылады. Бұл нарықта эмиссия – сатып алу – бағалы қағазды сату операциялар жүргізіледі. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар  болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпарат беріп тұруға міндетті. Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 18 жылға жуық қызмет атқарып жатыр. Оның алғашқы элементтері 1991 жылы ССРО-ның заңнамалық базасында акционерлік қоғам, брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылған кездерінде пайда болды.

Бағалы қағаздар нарығы түрлерінің классификациясы бағалы қағаздар класификацияларымен көп ұқсастықтары бар:


  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы

  • ұлттық және жергілікті бағалы қағаздар нарығы

  • нақты нарықтардың бағалы қағаздар түрлері (акция және облигация)

  • бастапқы және туынды бағалы қағаздар нарығы

Аталған капитал салымдар нарығы арасындағы қаражат қозғалысы көп факторларға байланысты болады, олардың негізгілері болып:

  • табыстылық деңгейі;

  • нарықтың салық салу шарттары

  • капиталды жоғалту немесе күтілген табысты алмау тәуекел деңгейі

  • инвесторға арналған ыңғайлықтар және нарықтың ұйымдастырылуы, нарыққа тез кіру және шығу мүмкіндіктері, ақпаратты тез жеткізу деңгейі.

Бағалы қағаздар нарығының функциялары:

  • коммерциялық функция, яғни берілген нарықта операциялардың нәтижесінде табыс алу функциясы;

  • бағалық функция, яғни нарықтық бағаны құру процесін жасайды, олардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді;

  • ақпараттық функция, яғни нарық сауда объекттерi және оның қатысушылары туралы нарықтық мәлiметтерді өз қатысушыларына дейiн өндiрiп алып жеткiзедi;

  • реттеу функциясы, яғни нарық сауда ережелерін және онда қатысу ережелерін құрайды, қатысушылар арасында дауларды шешу тәртіптерін және қадағалау органдарды бекітеді;

Басқа нарықтардан айырмашылық тудыратын озіндік функциялары:

  • бағалық және қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциялары;

  • ақша қаражаттарын салалар арасында және нарық қызметтерінің әр түрлі сфераларына қайта бөлу;

  • халықтың жинақтарын өндірістік емес формадан өндірістік формаға аудару

  • мемлекеттік бюджеттің дефицитін инфляциялық емес негізінде қаржыландыру, яғни айналымға қосымша ақша қаражаттарын шығармау.

Бағалы қағаздар нарығын келесі белгілер бойынша бөлуге болады – бастапқы және туынды, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған. Бастапқы бағалы қағаздар нарығын, бағалы қағазды шығару және орналастыру кезінде бір жағынан эмитенттің немесе оның тапсырысымен андеррайтердің, әлде эмиссиялық консорциумнің және екінші жағынан инвесторлардың қатынастары ретінде сипаттауға болады. Бастпақы бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздың эмитенттен бастап бірінші сатып алушыға дейіңгі өтіп жатқан экономикалық кеңістік. Бұл кеңістіктің экономикалық деп аталуы эмитент және инвестордың қатысы болғандықтан ғана емес, сонымен қатар ол ұтымды ұйымдастырылған болып саналады, осы кеңістіктің шегінде белгілі экономикалық есепті іске асыру кезінде эмитент өзіне керекті капиталды алу мүмкіндігі бар. Бірінші сатып алушыдан соңғы сатып алушыға бағалы қағаздың бұдан былайғы қозғалысы эмитентке табыс алып келе алмайды.

Туынды бағалы қағаздар – бағалы қағаздар нарығының субъектілері арасында, орналасқан бағалы қағаздардың айналымы процессінде пайда болған құқықтық қарым қатынас. Эмитенттен сатып алған бағалы қағаздың бірінші иесі акцияларын сатқаннан кейін бағалы қағаздар осы айналыс өрісіне түседі. Бұл нарық келесідей болу мүмкін:

— ұйымдастырылған – бұл эмиссиялық бағалы қағаздар немесе  басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы, мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған,  сауданы ұйымдастырушылармен (қор биржасы) бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелетін нарықтың бір түрі.

Қор биржасы – ғылыми, ақпараттық және техникалық ұйымдастырылған, сонымен қатар белгілі бір қағидалар негізінде жұмыс істейтін бағалы қағаздар нарығы. Бұл қағидалар төмендегілерден тұрады:

–       сатылатын бағалы қағаздардың сапасын тексеру және сенімділігін тексеру;

–       бір эмитенттің бірдей бағалы қағаздарына аукцион саудасы негізінде біртұтас курсты анықтау;

–       биржада орындалатын операциялардың жариялылығы.

1992 жылдың биржалық даму үдерісі кезінде массалық биржа құру сипатынан кейін биржалық сауда біршама тоқтатыла бастады. Өздеріне биржалық статусты иемденген ұйымдар, заңнамалық  регламенттерінің қызметтері бойынша мемлекеттік стандарттарға сай келмей сауда үйлеріне, брокерлік ұйымдарға және мүлдем бағалы қағаздар нарығынан бас тартуға мәжбүр болған. 1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған — Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана — Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде. 1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің — брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті. 1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы  қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын — «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған. Бағалы қағаздар депозитарийі – бағалы қағаздар иесінің құқығын, сондай-ақ бағалы қағаздардың дематериализациясын  айқындайты және есеп бойынша қызметті жүзеге асыратын  арнайы ұйым. Сөйтіп қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекет қолдап тұрған және қызметі Орталық депозитарийдің жұмысымен өзара байланыстырылған «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ы қызмет етіп жатыр. Сонымен бірге бағалы қағаздардың туынды нарығы ұйымдастырылмаған бола алады — бұл бағалы қағаздар немесе  басқа да қаржы инструменттердің айналым сферасы бірақ мұнда мәмілелерді жасайтын қатысушыларына арналған,  сауданы ұйымдастырушылардың  бекітілген процедуралармен және ішкі құжаттарға сәйкес шарттармен, реттелмейтін нарықтың бір түрі. Ұйымдастырлмаған бағалы қағаздар нарығы – тарихи бірінші құрылған құнды қағаздар нарығы болып саналады. Оның пайда болуы 18 ғасырдың басына жатқызуға болады, осы нарықта сатылатын бірінші құнды қағаздар болып вексельдер, коносоменттер, облигациялар және акциялар болып табылады. Ұйымдастырылмаған нарық келесі ерекшеліктермен мінезделеді:



  • сатушылардың көптігі;

  • бірдей бағалы қағаздардың біртұтас курстың болмауы;

  • бағалы қағаздардың саудасы біріңғай бірнеше жерде жүзеге асырылады;

  • осы сауданы ұйымдастыратын және әдістерін құратын біріңғай орталықтың болмауы.

Бағалы қағаздар нарығын оның қатысушылары арасындағы бағалы қағаздардың шығырылымына және айналымына байланысты экономикалық қатынастар жийынтығы ретінде анықтауға болады. Қазақстан нарығында бағалы қағаздар ретінде шаруашылық субъектілерінің және ҚР Үкіметнің акциялары және облигациялары қолданылады.

Акция – шаруашылық субъектісінің дивиденд түрінде пайдаға қатысу құқығын, акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын және оны жою кезінде субъектінің мүлік бөлігіне құқық беретін оның бағалы қағазы. Акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз.

Облигация – қоғамды басқаруға құқық бермейтін, бірақ купоy ненемес дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік беретін борыштың бағалы қағаз. Негізінен, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы болып табылады. Акциялар – акционерлік капиталды арттыру үшін шығарылады. Облигациялар айналымдағы қорларды арттырады немесе белгілі мақсатты бағдарламаларды жүргізу үшін эмитацияланады. Мемлекеттік облигациялар – бұл мемлекет қайтарымды және ақылы негізде бюджет тапшылығын өтеу, әртүрлі мақсатты бағдарламаларды жүргізу, зейнетақы және т.б. берешектерді төлеу үшін ресурстарды тартқан жағдайдағы мемлекет борышының нысаны. Эмитент көзқарасымен корпоративтік облигациялар – облигацияларды шығару және орнықтыру арқылы белгілі мерзімге, банктік кредиттің орташа нарықтық ставкасынан төмен болып саналатын белгілі ставка бойынша ақшаларды тарту арқылы банктік кредитк баламасы. Шектеулер инвестордың қызмет өзгешелігімен туындаған жағдайдан өзге, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар қандай да бір шектеулерсіз жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірақ қор нарығында жұмыстарды орындау өзінің клиенттері атынан сатып алумен/сатумен айналысатын делдалдарсыз мүмкін емес. Қор нарығындағы кәсіби делдал – бұл өзінің штатында білікті мамандары бар және биржа мүшесі болып табылатын брокерлік/дилерлік қызметпен айналысуға лицензиясы бар кәсіби қатысушы брокер немесе дилер. Брокер мен оның клиентінің өзара қарым қатынастары негізгі және бір реттік сипаттағы брокерлік шарттармен реттеледі.

Инвестор тарапынан, бағалы қағаздар – банктік депозит баламасы. Оларды сатып ала отырып, инвестор уақытша бос қорларды орналастырады немесе бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін (облигация жағдайларында, себебі акциялар өтеу мерзіміне ие емес) немесе инвестордың пікірі бойынша кез келген ыңғайлы мерзімде сатумен орналастырады. Қаржы кеңесшілері қор нарығы капиталды көбейтудің негізгі құралы деп атайды. Бірақ бағалы қағаздарға қаржы бөлу туралы шешімді қабылдай отырып, оның пайдасымен қатар жоғалтып алу қаупінің бар екендігін ұмытпау керек. Сіз ақшаларыңызды сенімді басқармаға бергеніңізге, тіпті тәуекелін өзіңіз көтергеніңізге байланыссыз. Кез келген жағдайда, қор нарығындағы инвестициялардың жемістілігі ең алдымен, сіздің «қажет» бағалы қағаздарды немесе «жақсы» басқару компаниясын таңдап алғаныңызға байланысты. Ал, бұл әркімнің жеке қаржы сауаттылығының еншісінде.



Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығарушы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік нарықтық қатыастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары және с.с жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары оларға, сысалы АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облгациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп , тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облтгацияларын шығару мүмкін. 
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпо-рындарға, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар -оларды басқа иемденушіге беруге кұкығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) баска мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарыктан тыс бағалы қағаздарды шығару-ды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы кағаздар деп атайды. Бағалы кағаздар айналысы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде оларды иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Эмитенттер кімдер? Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады инвесторлар жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Біріншіден қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арсынада орналастырғанда;
Екіншіден қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда;
Үшіншіден заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің мемлекеттік органдар-дың немесе жергілікті әкімшіліктердің облтгация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда;
Сонымен қоғам құрлығында оның жарғылық капиталды құрылтайшы-лар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмимент және эмименттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эммиссия проектісін алдын – ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс көсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін).Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардын "жалған капитал" екенін көрсетеді.
Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары). Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құрадды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарыгының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
  Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның қанша алға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет турлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салатарға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату - сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірбиесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда" болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған - жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамньщ зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражаты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жон. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-Министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған. Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым қүрыла қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жсткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құраддары жоқ. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, аддьш ала дайындалған концепцияга жүгінгені дұрыс. Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар кемегімен қосымша капитал ату анағүрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарықка қатысушылардың оларды талқылауына 2 - 4 жеті, оларды сатып алу - сатута жоне есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. 
  Қазіргі кезеде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда.

  1. Бекіту: «Нарықтық экономика» ЭССЕ

  2. Үй тапсырмасы: ЭССЕ аяқтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет