Бар елде ғана қалана


Ақша қаражаттарының аудиті



бет22/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

5. Ақша қаражаттарының аудиті

1. Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті және ақпарат көздері


2. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.


1.Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті.

Кассада сақталатын ақша 1010 «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және 1020 «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» 1000 бөлімшесінің «Кассадағы қолда бар ақшалар» шоттарында ескерілуге тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға түсетін ақша, ал несиеіне кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады (кесте-5).


Кесте-5. Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы





Аудит процедуралары

Ақпарат кездері

1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың мөлшері мен жағдайын түгендеу

Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары; кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық кұжаттар (КО-І, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

2. Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеудің дұ.-рыстығын тексеру

Кассалық құжаттар (КО-І, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т.б.

3. Қолма-қол акшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығынын дұрыстығын тексеру

Банк көшірмелері, чек кітапшалары, занды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшір-мелеріне тіркелген бастапқы кұжаттар кассалыұ құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордерге, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

4. Ақшаны шығысқа есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

5. Бухгалтерлік есептегі шот-тарда операцияларды көр-сетудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге 1 тізім-деме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу

6. Кассалық операциялар аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу

Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
• кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
• кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
• кассаға ревизияны немқұрайды өткізудің барлығы - ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелетін жұмыс жазбаларының болмауы және т.б.;
• кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
• кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
• штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
• кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
• мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтіндей кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде келесі әдіснаманы қолдануға болады:
1. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс:
- кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындала ма?
- кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай; тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир (немесе соған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?
2. Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар доғарылады.
3. Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
4. Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне кіргізілгені, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің такырыптық бөлігіне кіреді.
5. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.
6. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
7. Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер,жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.
8. Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедуралардың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақшалай қаражаттар атаулы қүн бойынша ескеріледі.
9. Ақшалай құжаттар аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақшалай қаражат қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақшалай құжаттардың түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақшалай құжаттар қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.
10. Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелері (ведомостілері) болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер ресімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме (ведомость) бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар (төлем қүжаттары) ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.
11. Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді. Кассада бар барлық ақша мен басқа құндылықтар осы кәсіпорынға тиесілі деп саналады, өйткені кассада басқа субъектілердің ақшасы мен басқа құндылықтарын сақтауға тыйым салынады.
12. Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.
13. Ақшалай қаражатты тексеру жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.
14. Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытындылары комиссияның барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен ресімделеді. Ол үш данада жасалады: бір данасы кәсіпорын бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда сақталады. Ай соңында актіде есептелген барлық ақшалай қаражат сенімді сақталуда түр деген кассирдің қолхаты келтіріледі.
15. Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерін жазбаша түсіндірме жазуды сұрайды. Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бүл жайында кәсіпорын басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі тергеу органдарына беруді ұсынады.
Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау ісі кассаны тексергенде кассадағы барды түгендеу жолымен анықталады. Кейде ол шын мәнінде кассир, не болмаса басқа лауазымды қызмет адамы жасаған ысырапты жасыратын лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүркемеленеді. Сондай-ақ, қылмыстың ең қарапайым түрі болып саналатын қаражатты қымқырудың бүркемелен-бегендері де болуы мүмкін. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бүзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала түрумен де байланысты болуы ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.
Ақшаны касса бойынша кіріске алмау алынған соманы тікелей шығыстарға есептен шығармаумен немесе кірістік операцияларды жасырумен байланысты. Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі.
Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексеруі тиіс. Кейбір аудиторлар банктен алынған қолма-қол ақшаны кіріске алудың түгелдігін тек қана чек түбіртектері бойынша тексергенде қате жібереді. Мұны сондай-ақ банк көшірмелері бойынша (қолма-қол ақшаны алуға тиісті код бойынша) да жасау қажет. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе есеп шоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек. Қатаң есептегі құжат деп саналатын банктегі шоттан көшірме мұқият бақылауды талап етеді. Сондықтан есеп көшірме мазмұнына байланысты болатын кассир мен басқа тұлғаларға көшірме алуды сеніп тапсыруға болмайды. Кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес кәсіпорында қолма-қол ақшаны қабылдау, кәсіпорын басшысының жазбаша өкімімен бұған уәкілетті адам мен бухгалтер қол қойған кірістік кассалық ордерлер бойынша ғана жасалады.
Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын
тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ, кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақытылы салыстырмау мен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді тіркеу журналында кірістік және шығыстық ордерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлерді қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.
Басқа кәсіпорындардан алынған ақшаны иемденуді болдырмау, ең алдымен, барлық мүмкін жағдайларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ісін талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл ережені бұрмалау қызметті теріс пайдалануды туындатады.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиісті. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен есеп-тесулерді салыстырған жөн.
Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға арналған сенім-хаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс жүзінде қолдануды тексеру де қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып саналады.
Ақша мен шығыстарды есептен шығару жөніндегі кассалық операциялар мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге тіркелетін құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжаттаманың мынадай формалары қолданылады: КО-1 «Кірістік ордер», КО-2 «Шығыстық кассалық ордер», КО-3 және КО-За «Кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналы» формалары. Ақша қабылдау мен .берудің ордерсіз ресімделетін құжаттары, КО-4 «Кассалық кітап», КО-5 «Кассир қабылдаған және берген ақша кітабы» формалары, есептік регистрлер (1 журнал-ордер, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітап, тиісті ай-күн, жылға баланстар және т.б.) қолданылады.
Мұндайда кассалық құжаттарды ресімдеуге назар аударылады: әрбір қаражатты алушылардың қолхаттары бар ма, құжаттар - кірістік - «Алынды» мөртабанымен, шығыстық - «Төленді» мөртабанымен, ай-күні, жылы көрсетіліп, жабыла ма, оларды тазартып өшіру мен түзету іздері жоқ па? Тексеру іс-тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда кассалық құжаттар сапасыз жасалатынын, көбіне кірістік және шығыстық құжаттарда кассаға ақша салған немесе кассадан ақша алған жауапты адамдардың қойылған қолдары және басқа да міндетті деректемелердің жоқ екендігін көрсетеді. Мұндай құжаттардың күші жоқ деп, ал олар бойынша операциялар - негізсіз деп саналады. Егер мұндай жәйттар анықталса, аудитор шұғыл шаралар қолдану мақсатымен кәсіпорын басшысын және бас бухгалтерді бұл жайында хабардар етуге тиіс.
Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда кірістік және шығыстық ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде қалдырылып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы жөніндегі операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға тиісті парақтар саны кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен куәландырылуға тиісті кассалық кітапта жазылған ба? Кассир жұмыс күні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын кассалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын шығаруы тиіс. Ол кассалық кітаптағы жазуларды екі парақта бір мезетте көшірме қағаз арқылы жүргізуге тиіс. Кітаптың бір парағы жыртылмалы, оны кассир күн соңында басқа барлық кірістік және шығыстық операциялар бойынша санақ ретінде тапсыруы тиіс.


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет