Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Темір дәуірі адамдарының антропологиялық сипаттамасы



бет44/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Темір дәуірі адамдарының антропологиялық сипаттамасы
Темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, үйсін, қаңлы және сармат тайпалары мекендеген. Бұл дәуір адамдарының антропологиялық пішіні сақ, үйсін және сармат заманында өзіндік сипат алады. Сақтар еуропалық нәсілге жатады, олардың бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы және мұрны дөңестеу болып келеді. Алайда сақтардың түр-сипатында андрондықтарға қарағанда, еуропалық белгілер көмескілене бастаған. Бұл сақтардың бас сүйегінің домалақтанып, маңдайы тайқылана бастауынан, мұрнының кішірейіп, көз шарасының шығыңқы бола бастауынан көрінеді. Бұл өзгерістер сақтардың түр-әлпетінде монғолдық нәсілдің байқала бастауын аңғартады. Монғолдық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды мекендеген сақтарға қарағанда басым болған. Ал, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолдық белгілер біршама айқын кездессе, Арал аймағын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау болып келеді. Монғолдық нәсілді Қазақстан жеріне таратушылар Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектестүркі тілді тайпалар еді. ХХ-шы ғасырдың 40-50 жылдарындағы зерттеулер бойынша монғолдық нәсіл Қазақстан мен Орталық Азияға ғұн тайпаларының келуіне байланысты таралған. Алайда 60-шы жылдардан бастап Г.Ф.ДебецТ.А.Трофимова және О.Исмағұловтың зерттеу деректерінде бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын болған деп көрсетіледі.
Үйсіндердің Жетісу жеріндегі Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған ер адамның бас сүйектері антропологиялық сипаты жағынан таза монғолдық нәсілге ұқсайды. Бұл ежелгі үйсін адамының бас сүйегін белгілі антрополог М.М.Герасимов қайта қалпына келтірген. Үйсіндердің бас сүйегі орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа және кеңсірік бітімі дөңестеу болған. Бұл белгілер үйсіндерде сақ тайпаларына қарағанда монғолдық нәсіл басым болғанын көрсетеді. Тағы бір айта кететін жәйт, монғолдық белгілер үйсін еркектеріне қарағанда әйелдерінде көбірек кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл ерекшелік Шығыс Түркістан жерінде ертеде өмір сүрген монғол текті, түркі тілдес тайпалардың үйсін ақсүйектерімен құдалық қатынастарда жиі болуына байланысты таралған. Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген сарматтардың бет пішіні Жетісуды мекендеген ежелгі үйсіндердің түріне ұқсас болып келгенімен, олардың түр-әлпетінде еуропалық нәсіл белгілері басым болды.
Темір дәуірінде ғұндардың қоныс аударып келуіне байланысты жергілікті тайпалардың түр-сипатының басым бөлігінде монғолдық белгілер анық байқалады. Жалпы, ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық сипатына ғана емес, тілінің түркіленуіне де қатты әсер еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет