Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс- толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М.Әуезов: «Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Не айтса да ,көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арналған ақыл, өсиет есебінде айтылады», –дейді.

«Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана,– деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев – бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек ».