Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері. Туған жері – қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы. Өз елінде қайтыс болған, моласы Далба тауында.Шыққан тегі – Арғын тайпасындағы Қаржас руы. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қайда оқығаны, қандай өмір өткелдерінен өткендігі туралы нақты деректер жоқ.