Бұқар жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде М.Ж.Көпеев, Қ.Халид, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ,Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметтік сарыны, азаматтық нысанасын, сондай-ақ жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (М.Әуезов) , екіншілері өмірі мен шығармаларына үңіледі (С.Мұқанов, Қ.Жұмағалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) зерттелуі тиіс. - Бұқар жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде М.Ж.Көпеев, Қ.Халид, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ,Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметтік сарыны, азаматтық нысанасын, сондай-ақ жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (М.Әуезов) , екіншілері өмірі мен шығармаларына үңіледі (С.Мұқанов, Қ.Жұмағалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) зерттелуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |